Украина Республикасы Украина



бет2/3
Дата30.09.2023
өлшемі11,79 Mb.
#111911
1   2   3
Байланысты:
Украина туралы слайд - MyKaz.kz

Өнеркәсібі

  • Украина өнеркәсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды.
  • Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін кемір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.
  • Украина өнеркәсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Ауыл шаруашылығы

  • Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.
  • Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет