Ульмахан 1 Ульмахан Арнұр



бет2/3
Дата09.03.2023
өлшемі45,46 Kb.
#72657
1   2   3
Сұлтандар
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандардеп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды.
Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты.
Қожалар
Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектерсаналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталары Мұхаммед пайғабардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қоғамның рухани  өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға  арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Құрамалар
Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті.
Тархандар
XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ өлкесін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін ондағы жергілікті ақсүйектерге арқа сүйеуге мұқтаж болды. Сондықтан да патша өкіметі жергілікті ақсүйектерді әдеттегі құнды сыйлықтармен марапаттаудан басқа, ежелден бар тархандық атақты да пайдаланды. Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры ІІ Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. 
Билер
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды.
Батырлар
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет