Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 139
ӛміріне қатысты тақырыптар бар, сонымен бірге білім алушылардан әртүрлі мектеп
пәндері бойынша теориялық білімді тартуды талап етеді.
Жобаның мақсатын анықтау да осы кезеңдегі маңызды сәт.Мақсат білім алушының
іс-әрекетін бүкіл жоба құрылымы арқылы басқарады. Білім алушылардың жобадағы
белсенділігінің соңғы оң нәтижесі жобаның мақсаты орындалғанын кӛрсетеді.Жобаның
нәтижесі білім алушы үшін ең күтпеген болуы мүмкін,сондықтан жобаның мақсаты тек
түпкілікті ӛнімді құруға ғана емес,сонымен қатар осы іс-әрекет кезінде білім алушының
дамуындағы саналы ӛзгерістерге бағытталуы керек.
Бұл кезеңде оқытушы маңызды рӛл атқарады. Ол білім алушылардың білімі мен
қабілеті негізінде ӛзіндік іс-әрекетін алдын-ала болжап отыруы керек. Егер оқытушы білім
алушы жобаны жүзеге асыру немесе аяқтау үшін жағдайы жоқ деп санаса,онда ол білім
алушының іс-әрекеттегі ниетін жобаның жоспары орындалуы үшін оның кемшіліктерін
кӛрсетпеуі үшін ӛзгертуі керек.
Оқытушы мына сӛз тіркестерін пайдаланбауы керек:сіз жеңе алмайсыз»,жетістікке
жете алмайсыз» және т.б,ӛйткені білім алушының бастамасы жоғалып кетуі мүмкін, бұл
жобалық іс-әрекеттің білім беру аспектісінің жоғалуына әкеледі.
Сондай-ақ,осы кезеңде білім алушыларға ӛз іс-әрекетінің кезеңдерін белгілеу үшін
жұмыс дәптерін бастау ұсынылады,олар жалпы жұмыс жоспарын және белгілі бір уақыт
кезеңіне арналған жоспарды,жобалық жұмыс процесінде туындайтын мәселелерді және
оларды шешу жолдарын белгілейді.Бұл жұмыс дәптері ыңғайлы және пайдалы,ӛйткені
білім алушы жұмысты аяқтағаннан кейін жобадағы әрекетін оңай талдап,оны бағалай
алады,ал оқытушы жұмыс дәптеріне сүйене отырып,білім алушының жобадағы кезең-
кезеңмен ӛтуін,туындаған проблемалар мен олардың шешімдерін бақылай алады.