Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет203/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
189 
отырып таңдау мүмкіндігін беру қажет. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, пәнге 
қызығушылықтарын, сабақтағы белсенділіктерін арттыру үшін «Математикалық поезд», 
«Миллион кімге бұйырады?», «Бақытты сәт» және т.б. ойын түрінде де ӛткізуге болады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолданып және т.б. ӛткізуге болады. Ол 
үшін сынып бӛлмесі ойынның жүруіне ыңғайлап жабдықталуы тиіс. 
«Математикалық поезд» ойыны түрінде ӛткізілген сабақ барысындағы әр бекетте 
тестік, деңгейлік тапсырмалар орындалады. Сабақ соңында әр оқушы «Білім» қаласына 
қай вагонмен келгенімен бағаланатыны ескертіледі. Ол үшін алдымен «билетке тапсырыс 
береді»: қысқаша кӛбейту формулалары бойынша білім деңгейлерін анықтау мақсатымен 
оқушылар компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тест тапсырмаларын 
орындайды. Алған бағалары бойынша оқушылар (деңгейге бӛлінеді) математикалық 
поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады: «5»-тік алған оқушы 
купе вагонымен, «4» -тік алған оқушы плацкарт вагонымен, «3» -тік алған оқушы жалпы 
вагонмен аттанады, ал «2» -лік алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды. 
Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы ӛз вагондарынан басқа 
вагондарға ауыса алады. Мысалы, деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, 
жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, ӛз вагонында 
қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалмаса, керісінше купеден→ плацкартқа; 
плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды ӛз сұраулары 
бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана 
жүзеге асады. Осындай сабақ түрі мұғалімге сабақ соңында әр оқушының білімін 
қорытындылауына да, үй тапсырмасын беруде де қолайлы. 
«Білім» қаласына купемен келген оқушылар «5», плацкартпен - «4», жалпы 
вагонмен келген оқушылар «3»-тік бағамен бағаланады. 
Үйге тапсырмада деңгей бойынша беріледі. 
-
Купе вагонымен келген оқушыларға: Паскаль үшбұрышын қолдану. 
(у-2), (с+1), (а
2

3
), (в+3) екімүшелерін4,5,6,7- дәрежелерге шығарып, кӛпмүше 
түрінде кӛрсету. 
-
Плацкарт вагонымен келген оқушыларға: Пифагор есебі. 
1-ден ӛзге кез келген тақ сан екі квадраттың айырмасына тең. Олар қай сандар? 
-
Жалпы вагонымен келген оқушыларға: Диофант есебі. 
Қосындысы 20, ал кӛбейтіндісі 96 болатын екі санды табыңдар. Диофант осы есепті 
шешу үшін квадраттар айырмасының формуласын қолданды. 
«Миллион кімге бұйырады?» ойыны түрінде ӛткізілген сабақта барлық оқушы 
алдымен іріктеу турынан ӛтуі керек. Тапсырмаларға дұрыс жауап берген үш оқушы 
ойынды жалғастыруға құқылы. Ойынға қатысушы проценттерге берілген 15 
тапсырмаға белгіленген уақыт аралығында дұрыс жауап беру арқылы 3 000 000 теңге 
ұтысқа ие болады. Оларға бірден жауап беруге болады, 1-5 тапсырмалар анықтамалар, 
ережелер және формулаларға, 6-10 тапсырмалар қарапайым процентке, 11-15 
тапсырмалар күрделі проценткеберілген тапсырмалар. Ойыншыға үш жеңілдік 
қарастырылған. Егер ойыншы 3 бӛлікке дейін дұрыс жауап берсе, онда жинаған ақшасы 
күймейді және ойыншы ойынды әрі қарай жалғастыру немесе жалғастырмау ӛз еркінде. 
Егер жауап бере алмаса, онда барлық жинаған ақшасынан ұтылып қалады. Ойыншы 
барлық бӛліктегі сұрақтарға дұрыс жауап берсе, онда ол 3 миллион теңге ұтып алып, 
миллионер болады. Сайыс 3 деңгейде ӛтеді: 1-деңгейдегі 5 сұраққа жауап беру керек, 
толық жауап берген екі оқушы ойын жалғастырады. 2-деңгейдегі 5 сұраққа толық 
жауап берген бір оқушы ойын жалғастырады; 3-деңгейдегі 5 сұраққа толық жауап 
берсе, сайыс жеңімпазы болады. 
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, 
ақыл–ой, еңбек дағдысын, ӛз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет