Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет204/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
190 
тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса, баға біліміне қарай қойылады. 
Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл 
әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы ӛзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, 
ӛзінің ізденуіне болады. Ӛйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім 
сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. 
Сабақта оқушыларға ӛз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға кӛп кӛңіл бӛлу 
қажет. Сабақ барысында ӛздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды 
жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен 
кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі 
нашарларға кӛмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы 
математика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық 
меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі 
керек. 
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары оқушыларының ой-ӛрісін 
дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға 
шығарып, сақинаны ӛзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде 
жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның 
санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. 
Мысалы: «Кӛрші-кӛрші» ойынының мақсаты оң және теріс сандардың ретін 
меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «-4» дейді -4 саны тағылған бала ілгері шығып, 
балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның кӛршілері қатарына тұрыңдар 
дейді. -3,-2,-1 сандарын құрады. Одан соң -3 және -2 сандары салыстырылады және т.с.с. 
Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық 
технологиялардың алатын орны ерекше. Педагогикалық технологиялардың принциптері– 
оқытуды ізгілендіру болып табылады. Оқыту технологияларын сауатты қолдана білген әр 
ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатыны сӛзсіз. Тек қана осындай ұстаз 
сабағында жеке тұлғаның білім, білік, дағдысын қалыптастырып, ӛздігінен даму бағдарын 
анықтап, дұрыс шешім қабылдай алатын, ӛзін-ӛзі жетілдіріп дамытатын тұлға тәрбиелей 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет