Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Keywords:  "computing", "atom", "physics".  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет200/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Keywords: 
"computing", "atom", "physics". 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 .Каменецкий С.Е. «Орта мектепте физикадан есептерді шығару әдістемесі», М.: 
Білім, 1974 ж. 
2 . 11. Хабибуллин К.Я. Стандартты емес есептердішешуді оқыту әдістемесі // Мектеп 
технологиялары, No3. – 2004 ж. – 217-225 б. 
3
.Красин М.С. «Физика есептерін шешудің эвристикалық әдістерінің жүйесі», 
Калуга, 2005 ж.. 
4
. http://www.sapere aude.ru 
5
. http://www.vipkro.wladimir.ru 
6
.Ш. Турсунов,У. Д. Шодиев, Н. М.Нормаматова, М. Ш. Мирзаев // Физика, 
математика и информатика. – Ташкент, 2013. № 1. С. 82–85.. 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
186 
7
. Б.Е.Акитай .«Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері».-Алматы 
қаласы , 2006.-150б 
8
.Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б., Сотский Х.Н.. Физика:Прок. 10 ұяшық үшін. оқу 
орындары. - 11-ші басылым. – М.: Ағарту, 2003. – 336 б. 
9
.Пахомова Н.Ю. Білім беру мекемесіндегі оқу жобасының әдістемесі: Педагогтар 
мен студенттерге арналған нұсқаулық. университеттер. - М.: АРҚТИ, 2003. -112 б. 
10
. А.Ж.Қалығұлов. «Физиканы оқыту методикасы» ., Алматы. «Рауан»., 2010 ж.- 
126-128 б. 
ГРНТИ 14.25.09 
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
МЫРЗАМУРАТОВА АИДА АСКЕРБЕКОВНА – аға оқытушы 
МАХМУТ ПЕРИЗАТ – МИ-20-1у тобының студенті 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан) 
 
Кіріспе
. Қазіргі таңда жаңа инновациялық технологиялар оқушыны оқыту мен 
дамытудың сапалы жаңа мазмұнына сәйкес келетін білім беру тәсілі болып саналады. 
«Кішкентай балалардың мектепке келгенде кӛздері нұрланады. Олар үлкендерден 
кӛптеген жаңа және қызықты нәрселерді білгісі келеді. Олар білімге апаратын бақытты 
жол бар екеніне сенімді...» Ш.Амонашвили [1]. 
Бұл «Білімге апарар бақытты жол» білім беруде жаңа инновациялық 
технологияларды қолданбау мүмкін емес. Қазіргі уақытта адам қызметінің барлық дерлік 
салаларында жаңа инновациялық тәсілдерді енгізуге кӛбірек кӛңіл бӛлінуде. Білім беру 
саласы да шетте қалмады, сондықтан инновациялық педагогикалық қызмет кез келген оқу 
орнының оқу қызметінің маңызды құрамдас бӛліктерінің бірі болып 
табылады. «Инновация» латын тілінен аударғанда «жаңарту, жаңалық немесе ӛзгерту» 
дегенді білдіреді. Бірақ инновация, П.С.Лернердің пікірінше, «жаңалықтың біртүрі ғана 
емес, жүйеге жаңалықты қамтамасыз ететін негізгі элементтерді енгізу арқылы түбегейлі 
жаңа сапаларға қолжеткізу» [2]. 
Энциклопедиялық сӛздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің 
айтуынша: «инновация» – педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі 
құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және 
тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады [2]. 
Білім берудегі инновация – ӛзекті проблемалық жағдайды шешуге арналған (оқу 
процесін оңтайландыру, білім сапасын арттыру немесе материалды меңгеру үшін қолайлы 
жағдайларды ұйымдастыру мақсатында), бір немесе бірнеше тармақтардағы елеулі 
ӛзгерістер: білім мазмұны, оқыту әдістері, білім сапасын бақылау нысандары. Қытай 
даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Кӛрсетсең, мүмкін есімде 
сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сӛздерден инновациялық 
оқытудың мәні ӛз кӛрінісін табады. 
Қоғамның қарқынды дамуы оқу-тәрбие процесінің технологиялары мен әдістерін 
ӛзгерту қажеттілігін талап етеді. Оқу орындарының түлектері ӛзгермелі заман 
тенденцияларына дайын болуы керек. Сондықтан білім беруде жеке кӛзқарасқа, 
ұтқырлыққа және қашықтыққа бағытталған технологияларды енгізу қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет