Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ СЫНЫПТАРДА



Pdf көрінісі
бет226/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   527
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ СЫНЫПТАРДА 
«КОМПЛЕКС САНДАР» ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
РҤСТЕМБЕКОВ НҦРАСЫЛ ҚАЙРОЛЛАҦЛЫ 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Жаратылыстану институты, 
«
Физика және математика
» 
кафедрасының магистранты, Қызылорда, Қазақстан 
ҚАСҚАТАЕВА БАҚЫТКҤЛ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ 
Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.д., 
Қызылорда, Қазақстан 
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесі 
міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
209 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға 
бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық 
ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу», - деп кӛрсетілді [1]. 
Осыған орай қазіргі қоғам мектеп бітірушілерге жоғары талап қойып отыр. Біздің 
жағдайда оқушылардың математикалық мәдениетін, дәлірек айтсақ алгебралық 
мәдениетін қалыптастыру болып отыр. Бірінші сыныптан бастап мектепті бітіргенше 
алгебраның басты ұғымы - сан ұғымы. 
Сандарды оқып үйрену натурал сандардан басталып, біртіндеп бӛлшектер, бүтін 
сандар, иррационал сандар, нақты сандар оқытылады. Осымен жалпы білім беру 
бағдарламасы оқушылардың біліміне елеулі кемістік жасап комплекс сандар ұғымын 
енгізбей нүкте қояды. Бұрын «Комплекс сандар» тақырыбын жалпы білім беретін орта 
мектепте жоғары сыныптарда факультативтік курс түрінде ӛткізіліп келді. 
Қазіргі кезде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Комплекс сандар» 
тақырыбы жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11сынып «Алгебра және анализ 
бастамалары» курсына енгізілді. Комплекс сандар ұғымын мектеп қабырғасында 
қарастырған бұл шешім барлық жағынан дұрыс болды. Мектеп қабырғасында оқушылар 
комплекс сандарды оқымағандықтан қарапайым 
де таба алмайтын. 
x
2
+1 = 0 квадраттық теңдеудің шешімін 
Жұмыстың ӛзектілігі – «Комплекс сандар» тақырыбы білім алушылардың алгебра 
мен тригонометриядан алған білімдері қолданылатын тақырыптың бірі және мектеп 
математика курсында нақты сандардан комплекс сандарға кӛшу оқушылардың сандар 
жүйесін толық меңгерулеріне ықпал етеді. 
Жұмыстың мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпта 
оқылатын «Комплекс сандар» тақырыбының теориялық негіздерін баяндау 
Мектеп математика курсында комплекс сандарды оқыту сандар ұғымын толық 
оқытудың соңғы қадамы. Математикалық білімді қолданудың екі жағы бар: 
-
практикалық (адамға қажет болғанда математикалық білімді қолданылған кезде); 
-
интеллектуалды (адам математикалық білімді игеріп, ойлауды дамытады). 
Математиканы білмей қазіргі заманғы технологияның құрылымын түсіну мүмкін 
емес, информатика, кибернетика және т.б. сияқты ғылымдарды дамыту мүмкін емес. 
Қазіргі заманғы тұлға математикасыз дами алмайды, ӛйткені ол физика, химия, 
информатика сияқты пәндерді байланыстырады, бірақ басқа пәндер де оған қажет. Қазіргі 
қоғамның ӛзекті қажеттілігі математикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады, яғни 
оқушылар талдау және синтездеу, жалпылау және нақтылау, жіктеу және жүйелеу, 
абстракциялау және аналогия жүргізуді меңгерулері керек [2]. 
Аталған тақырыптың теориялық мазмұнын келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет