Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 215
Алайда, жалпы білім беретін мекемелердің мұғалімдері оқу процесінде ЦБР-ын
әрдайым тиімді пайдалана алмайды. Сондықтан университетте әдістемелік дайындық
барысында болашақ мұғалімдерді цифрлық білім беру ресурстарының заманауи
жинақтарымен жұмыс істеуге үйрету және оларды оқу процесінде қолдану бойынша
арнайы білім мен дағдыларды қалыптастыру қажет. Оқу барысында студенттер:
-
электрондық бағдарламалармен жұмыс жасай білуді;
-
сабақтарды презентация түрінде рәсімдей білуді;
-
мәтіндік және мультимедиялық материалдарды дайындай алуды;
-
оқушыларды аттестаттаудан ӛткізуді;
-
демонстрациялық экспериментке қосымша ретінде фронтальды зертханалық
жұмыстарды жүргізу үшін ЦБР қолдануды үйренуі керек [6].
ЦБР арқылы болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуды
қарастыру үшін әдістемелік құзыреттілік ұғымына тоқталайық.
Мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігі – бұл әдістемелік, пәндік және
технологиялық білімдердің, дағдылардың, құндылық қатынастардың, шығармашылық
тәжірибенің жиынтығы, сонымен қатар оқу процесінде ғылыми-әдістемелік және оқу-
әдістемелік қызметтің тиімді орындалуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаның кәсіби
маңызды қасиеттерінің жиынтығы. Әдістемелік құзыреттіліктің құраушылары:
мотивациялық - құндылық, танымдық, іс-әрекеттік және рефлексивтік.
ЖОО-да болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуда цифрлық
білім беру ресурстарының маңызы зор. Бүгінгі таңда ЦБР – компьютерлік бағдарламалар
мен оқыту жүйелері – электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, виртуалды
зертханалық жұмыстар, білімді тексеру жүйелері, мультимедиялық технологиялар
негізіндегі жүйелер және т.б.[7].
Оларға
тоқталатын
болсақ:
https://phet.colorado.edu/
,
https://nearpod.com/
,
https://www.amrita.edu/ahead/
,
https://jamboard.google.com/
,
https://quizizz.com/
).
Аталған оқыту платформаларын оқыту процесінде қолдану мысалдарын келтірейік.
Ең алдымен «Физикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар» элективті
курсында электронды оқыту құралдарын пайдаландық.
Сурет 1 - «Физикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар» электронды оқу
құралындағы дәріс сабақ үлгісі