Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


СЕГІЗБАЙ АЙБАЛА АЛМАСҚЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет235/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

 
СЕГІЗБАЙ АЙБАЛА АЛМАСҚЫЗЫ 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты 
ЕҢСЕБАЕВА ГҤЛЗАТ МҦРАТБЕКҚЫЗЫ, 
PhD, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеттің аға оқытушысы 
 
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әлемдік білім беру жүйесі баланы 
бәсекеге қабілеттілікке баулуға, қоғамнан ӛз орнын таба білуге, сапалы маман болуына 
мүмкіндік бере аламыз. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
220 
бағдарламалары, әдіс-тәсілдер, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану сабақтың 
тиімді ӛтуіне, оқушы бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететіні сӛзсіз. 
Оқушының математикалық дайындық деңгейі ең алдымен оның есептерді шығару 
қабілетімен анықталатыны белгілі. Сондықтан есептер шығаруға үйрету – математика 
мұғалімінің ең маңызды мақсаттарының бірі. Бұл аспект қысқаша келесі формуламен 
беріледі: міндет – мақсат. 
Мектеп бағдарламасында оқылатын стандартты есептерден бӛлек, стандартты емес 
тапсырмаларды шығарып үйрету жалпы алғанда оқытушы үшін білімді бекіту процесі 
бола алады. Кӛбінесе әдістемеде стандартты емес тапсырмалар күрделілігі жоғары 
тапсырмалармен араласады. Негізінен стандартты емес тапсырмалар оқушылардың 
дамуында айтарлықтай рӛл атқарады. Олар материалды неғұрлым берік және саналы 
түрде меңгеруге ықпал етеді. Берілген жағдайды талдау, мәліметтерді салыстыру, 
берілген жағдайдың жасырын қасиеттерін ашу, синтездеу, мәселені шешу үшін пайдалы 
ақпаратты таңдау қабілеті дамиды. Сонымен қатар оқушылардың ақыл-ой әрекетін 
белсендіруге кӛмектеседі.Стандартты емес ұғымына ғалымдар бірнеше пікірлер білдірген. 
Әр ғалымның ұғымның мағынасын ашуда ӛзіндік жолы бар. 
И.Ф.Шарыгин кітабының [1] алғыс сӛзінде былай деп жазды: «... кітапта жоғары 
деңгейдегі тапсырмалар бар, бұл деңгейді шығармашылық деңгейі деп атайық». Бұндай 
тапсырмаларды ол проблемалық тапсырмалар деп атады. 
Ю.М.Колягин ӛзінің кітабында [2] былай келтірген: «Стандартты емес 
тапсырмалар негізінен есептің шешіміне емес, бұрын осындай есептерге ұқсас тапсырма 
орындағаныңызға байланысты. Стандартты емес есепті сәтті шешу үшін, ең алдымен, 
ойлай білу, болжай білу қажет. Бірақ бұл аз. Стандартты емес мәселелерді шешуде, әрине, 
білім де, тәжірибе де қажет; белгілі бір шешу тәсілдерін игеру де пайдалы» 
Л.М.Фридманның [3] оқулығында: «...кӛптеген кӛрнекті математиктер мен 
мұғалімдер стандартты емес есептерді шығарғанда ұстануға тиісті бірқатар жалпы 
кӛрсеткіштерді – ұсыныстарды тапты. Бұл нұсқаулар эвристикалық ережелер деп 
аталады» деп әр оқытушы тапсырманы үйретуде ӛзіндік әдісті қолданатындығын 
кӛрсеткен. 
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан нақты әдістемелік жұмысты кӛрсету үшін, 
стандартты емес есептерді шығаруды кӛрнекі әдістермен түсіндірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет