Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет236/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Зерттеу әдіснамасы. 
Стандартты емес тапсырмалар математиканы оқыту процесінде сан алуан қызмет 
атқарады. Олардың тәрбиелік мәні бар, оқушыларды тапсырмада сипатталған жаңа 
жағдаймен таныстырады. Сонымен бірге оқушы математикалық білімді меңгеріп, ӛзінің 
математикалық білім деңгейін арттырады. 
Стандартты емес тапсырмаларды шығаруда біз мектептегі математика курсына 
қатысты, бірақ қиындығы жоғары тапсырмалармен, олимпиада да кездесетін күрделі 
есептермен қатар математикалық ойын түріндегі есептермен де кездесіп жатамыз. 
Күрделілігі 
жоғары 
тапсырмалар 
негізінен 
математикаға 
белгілі 
бір 
қызығушылығы бар мектеп оқушыларына арналған. Тақырыптық жағынан бұл 
тапсырмалар әдетте мектеп бағдарламасына немесе басқа нақты бӛлімдерімен байланысты 
болады. 
Ойын түрінде кездесетін тапсырмалар мектеп бағдарламасымен тікелей 
байланысты емес және әдетте математикалық дайындықты қажет етпейді. Дегенмен, бұл 
тек жеңіл жаттығулар ғана кіреді дегенді білдірмейді. Мұнда шешімі ӛте күрделі 
мәселелер және шешімі әлі алынбаған мәселелерде қарастырылады. 
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша математика сабағында стандартты емес 
есептерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі білім бағдарламасына 
сай және тиімді екенін айтуға болады. Ақпараттық технологияларды пайдалану 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
221 
стандартты емес тапсырманың мәнін «ашуға», оны шешуде біздің біліміміздің немесе 
деректеріміздің жеткіліксіздігін нақты кӛрсетуге мүмкіндік береді. Солардың ішінде, 
сабақ барысында кейбір тапсырмаларды Wordwall, LearningApp бағдарламалары арқылы 
кӛңілді түрде ұсыну ақыл-ой әрекеттеріне эмоциялық ерекше сәт әкеледі. 
Мысал ретінде кӛрсететін болсақ, мына 1-суретте берілген стандартты емес 
тапсырмалар бір қарағанда есепке ұқсамауы мүмкін, дегенмен LearningApp бағдарламасы 
кӛмегімен жасалған «Миллион кімге бұйырады?» «Сәйкестікті тап» тапсырмаларын 
кӛрнекі түрде кӛрсетіп, шығарту баланың қызығушылығын арттыруға және жылдам 
ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды, біртипті емес сан алуан 
жолдармен ашып кӛрсетумен қатар, тапсырмаларды әркімнің ӛз деңгейінде орындалуына 
мүмкіндік ашады. 
Сурет 1. LearningApp бағдарламасы кӛмегімен құрастырылған стандартты емес 
тапсырмалар 
Келесі, WordWall бағдарламасы кӛмегімен кез келген есепті меңгертуді видео- 
сабақ түрінде және мультимедиялық түрде кӛрсетуге болады. 
«Кӛңілді түрде ұсынылған стандартты емес тапсырмалар ақыл-ой әрекеттеріне 
эмоционалды сәт әкеледі. Бірақ оларды шешу үшін үнемі үйренген ережелер мен әдістерді 
қолдану қажеттілігіне байланысты олар барлық жинақталған білімді жұмылдыруды талап 
етеді, шешудің түпнұсқа, стандартты емес әдістерін іздеуге дағдыланады, шешу ӛнерін 
әдемі мысалдармен байытады, адам ақыл-ойдың құдіретіне таң қалады» [4]. 
Сурет 2. WordWall бағдарламасы кӛмегімен құрастырылған стандартты емес есептерді 
шығару әдісі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет