Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет26/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
28 
1.
Дарынды балалар ӛте белсенді және олар әрдайым физикадан берілген есептерді 
тез әрі тыңғылықты орындап, ӛз бетінше жұмыс істеуге тапсырмалар алып, оны 
орындауға кӛп ұмтылады. 
2.
Олар берілген есептер шықпай қалған жағдайда табандылық танытады, осы 
есептің шығару жолдарын білу үшін жан-жақты зерттеп, осы және осыған ұқсас 
есептердің шығару жолдары туралы қосымша ақпарат алуға ұмтылады. 
3.
Олар оқуға және нағыз жеңіске жетуді қалайды. Олар есеп шығарғаннан, 
тәжірибе жасағанда, жалпы айтқанда білім алудан рахат алады, есеп шығарғанда ӛздерін 
қинамастан, қызыға отырып шығарады. 
4.
Теориялық матералдарды практикада қолдану іскерліктері арқасында олар басқа 
оқушыларға қарағанда жұмысты ӛз бетімен жасай алады. 
5.
Олар ӛздерін қоршаған ортадағы болып жатқан жағдайларға сыни тұрғыда қарап, 
оған шынайы баға бере алады, заттың не құбылыстың мәніне үңіле отырып, нақты 
себептерін ашады. Олар атүсті түсініктермен шектелмейді. 
6.
Олар кӛп физикаға қатысты кӛптеген сұрақтар қояды, ӛздерін 
қанағаттандыратын жауаптарға қызығушылық танытады және бір нәрсені зерттеу 
олардың қызығушылықтарын туғызады. 
7.
Ӛз қатарларына қарағанда дарынды балалар физикалық құбылысты, оның мәнін 
аша алады, абстракциялы ойлайды, логикалық операцияларды модульдей, жүйелей, 
жіктей және жалпылай алады. 
8.
Дарынды балалардың кӛпшілігі алдарына ұзақ уақытқа, «ірі» мақсаттар қояды. 
Бұл мақсаттар олардың келешектегі кәсіби істерінде ӛте жоғары биіктерге жетуге, яғни 
ӛздерінің шығармашылық дарындылығын жүзеге асыруға бағытталған болады. 
Біз атап ӛткен белгілердің барлығы толығымен дарынды балалардың барлығынан 
кездесе бермейді. Дегенмен, мұндай белгілер толық болмағанымен, осы белгілердің 
басым кӛпшілігі байқалатын балаларды іріктеп, физикадан олимпиада резервтерін 
даярлауға 
болады. 
Мұндай 
оқушылармен 
жеке 
жұмыс 
жүргізу, 
олардың 
қызығушылықтарын анықтап, ӛздерін жан-жақты дамуына жол кӛрсетіп, жағдай жасау 
ӛте маңызды. Себебі, ӛздерінің ерекше мүмкіндіктерін толықтай ӛздерін дамытуға 
бағыттап, мақсатқа жету жолында келешекке дұрыс жоспарлар құру қажет. Бұл 
жоспарларды жүзеге асыруда ата-ана, мұғалімдер бірлесе отырып жүргізу керек. 
Олимпиада ӛте дарынды балалар арасындағы білім сайысы болғандықтан, осы сайысқа 
физикадан олимпиада резервіндегі оқушылардың ең үздіктері іріктеліп алынады. Ал, 
қалған оқушылардың осы бағытта алған білімдері олардың болашақ мамандық таңдауына, 
жоғары оқу орындарының грант иегерлері болуына, келешекте ӛз кәсіптерін ашуына және 
т.б. да бағыттарда пайдасына жарайтындай болуы керек. 
Физикадан олимпиада резервтерін даярлау да оқыту процесінің бір қанаты болып 
есептелінетіндіктен, оқытудың негізгі принциптерінің аясында жүзеге асырылуы керек. 
Осы мәселеге тоқтала кететін болсақ, ең алдымен кез келген мұғалім ӛз оқушыларын 
олимпиадаға даярлау барысында бағдарлама жасайды. Осы бағдарлама балаларды биікке 
апаратын жолдың баспалдағы болады. Сол себепті, бағдарлама жан-жақты зерттелген 
болуы керек. 
Дарынды балалармен жұмыс жасау бағдарламаның басты 
оқушының 
табиғатынан берілген қабілетінің негізінде белгілі бір іс-әрекет түріне бейімдеп дамыта 
оқыту. 
Себебі, кез-келген дарынды баланы тек білім беру арқылы ғана жан-жақты 
дамытуға болады. Осыған сәйкес физика пәні мұғалімі де пәндік сайыстарда білім 
додасына қатыстыратын шәкірттерін физиканың теориялық заңдылықтары мен оның 
практикада қолданылуына, эксперимент жүзінде осы теорияны дәлелдей алуға 
дайындауына тура келеді. Ол үшін пән мұғалімі мынадай маңызды мәселелерді ұтымды 
шешуі керек болады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет