Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет27/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
29 
-
оқушыны түрлі іс-әрекетке (теориялық, практикалық, 
аналитикалық, 
ізденушілік) үйрету; 
-
практикалық іс-әрекетке байланысты физикадан түрлі есептерді шығаруда тез 
ойланып, жылдам әрекет ету дағдыларын дамыту; 
Осы 
мәселелерді жүзеге асырудың негізгі принциптеріне тоқталар болсақ: 
-
Оқушының шығармашылығын дамыту үшін 
оның физика мен математикадан 
бұрыннан алған білімдерін негізге алу. Себебі, оқушының 
алған білімінің мазмұнына 
сәйкес келмейтін, мүлдем басқа тапсырмалар беру оқушының күйзелісін туғызып, 
оқушының пәнге, білім алуға деген талпынысын жояды. 
-
Оқу материалын тек физикаға байланысты іріктеу. 
Себебі, нақты мақсатқа еш 
қатысы жоқ кез-келген ақпарат кедергі келтіреді, уақыттың босқа кетуіне әкеледі. 
-
Меңгерген материалды қайталау. 
Физикадан жаңа есептерді шығаруда 
бұрыннан алынған білімге сүйенеді. Ӛткен материалды жүйелі түрде қайталап отыру - 
бұрын меңгерілген білімнің ұмытылмауына, оған қызығушылығының тӛмендеп қалмауы 
мен оқушының шығармашылық жұмысын талпындыруға негіз болады. 
-
Оқушыны жан-жақты дамыту. Я
ғни, оқушының жан-жақты даярлығының 
арқасында есеп шығарудың тәсілдерін, дағдыларын (анализден синтезге, синтезден 
анализге) машықтандыру. 
-
Физикаға қызығушылығын тұрақты ету. 
Ол үшін оқушының физикаға 
қызығушылығын нақтылап, тұрақтандырып, шығармашылық жағынан дамыту үшін 
жұмыс жасау әдісін үнемі ӛзгертіп отыру қажет. Аналитикалық есептерден 
эксперименттік есептерге, сапалықтан сандыққа, мәселе есептер қойып, оны шешуге кӛшу 
керек. 
-
Физикадан берілетін түрлі тапсырмаларды сауатты орындауға үйрету

Физикадан тапсырманы сауатты орындау - ең алдымен есеп шығаруда физика есебін 
шығарудың ережесі мен принциптерін, әдістері мен тәсілдерін жүйелі түрде қолдануы. 
Оқушыны физика есебін шығарудағы рационалды әдіс-тәсілдермен қаруландыру оны есеп 
шығару барысында тӛте жолмен шығару және қателерден сақтандырады. 
-
Әр оқушымен жеке жұмыс жасау. 
Себебі, әр оқушының білім деңгейі, даму 
деңгейі, жеке қабілеттері мен мінезі әр түрлі болады. 
Қорыта айтқанда осы әдістемелік мәселелерден туындаған негізгі принциптерге 
сүйене отырып, дарынды балалармен жұмыс жасауда нақыты жетістіктерге жетуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет