Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет277/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
259 
әдіспен шығарудың ықпалы қандай? 

Әдісті одан әрі жетілдірудің мәселелерін қарастыру. 
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: 
Оқушылардан сауалнама алу. Сабақтарды және 
оқушылар жұмыстарын фотоға түсіру. Оқушылардан жазбаша сұхбат алу. 
Зерттеудің ӛзектілігі:
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныпта 
«Кӛпмүшелер» тарауын ӛту барысында кӛпмүшелерді кӛбейткіштерге жіктеудің бірнеше 
әдіс-тәсілдері қарастырылады. Атап айтқанда, «Кӛпмүшелерді бұрыштап бӛлу», 
«Анықталмаған коэффициенттер әдісі», «Безу теоремасы», «Горнер схемасы» және «Виет 
теоремасы» тақырыптары әртүрлі оқу мақсаты ретінде оқытылады. Бұл тақырыптардың 
ӛзара интеграциясына оқушылармен бірлескен талдау жүргізе отырып, әр мақсатқа сайәр 
түрлі есептер шығарады. Әр мақсат бойынша оқушылар есептер шығару кезінде тек сол 
ӛтілген әдісті біледі, шығару жолын түсінеді және есеп шығару барысында таладау жасай 
алады, яғни оқушыларда осы әдіс бойынша белгілі бір дағдылар жетіледі. Ал келесі 
мақсатты меңгеру барысында жаңа әдісті үйренеді, есептер шығару барысында 
қолданады, есепке анализ жүргізеді, бірақ сол есепті ӛтілген басқа әдістер арқылы 
шығаруға болатынын А деңгейіндегі оқушылар білсе, В және С деңгейіндегі оқушылар 
аңғармай қалатыны белгілі, сондықтан ішкі және сыртқы жиынтық бағалау 
тапсырмаларында берілген есептерді шығаруға қандай әдісті қолданатынын В және С 
деңгейіндегі оқушылар ажырата алмай, қиындыққа тап болады. Бұл түрлі деңгей 
оқушыларының қай әдісті қандай жағдайда қолдану керектігін білмейтіндігін,олардың 
әдістерді бағалай алу дағдысының жоқтығын кӛрсетеді. 
Біз бірнеше есепті бір тәсілмен шығарғанша, бір есепті бірнеше тәсілмен шығару 
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретінін білеміз. Сол себепті «Топтық жұмыс 
барысында бір есепті бірнеше әдіспен шығару арқылы оқушылардың бағалау дағдысын 
қаншалықты дамытуға болады?» деген тақырып аясында іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын 
жүргізуді ұйғардық. Зерттеу жұмысын қалай жүргізетініміз туралы ақылдаса келе, 
келесідей қадамдарды жоспарладық: 
1.
Жоғарыда айтылған бірнеше әдіспен шығарылатын есепті таңдау немесе 
құрастыру; 
2.
Есепті шығармас бұрын оқушылардан сауалнама алу; 
3.
Есепті шығару үшін оқушыларға әр түрлі әдістерді үлестіру; 
4.
Есептің шығарылу әдістерін топта талқылату; 
5.
Әр топтан әдістердің тиімді және тиімсіз жақтары жайлы жазбаша сұхбат алу; 
6.
Осы есепті шығаруда қай әдістің тиімді екенін бағалату; 
7.
Жиналған мәліметтерді талдау; 
8.
Жетілдіруге ұсыныстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет