Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет294/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
275 
Шамшырақ ұзындығы – l 
(бастапқы ұзындығы – 20 см) 
Уақыт - t 
10 мин 
20 мин 
30 мин 
40 мин 
1-кесте. Шамшырақтың жану құбылысын зерттеу кестесі 
Оқушылар әрбір он минут сайын шамшырақтың 1 см-ге қысқарып отыратынына 
кӛздері жетіп, кестені толтырды. 
Шамшырақ ұзындығы – l 
(бастапқы ұзындығы – 20 см) 
19 см 
18 см 
17 см 
16 см 
Уақыт - t 
10 мин 
20 мин 
30 мин 
40 мин 
2-кесте. Толтырылған кесте 
Олардың әрбір он минут сайын кестеге мәліметтерді енгізуі мен үшін таймер рӛлін 
атқарып тұрды. Сабақ соңында, бір оқушым шамшырақ 200 минутта жанып бітетінін 
мәлімдесе, екінші оқушымның пікірінше, шамшырақ 10 минутта 1см-ге қысқарса, 1 
сағатта 6 см-ге қысқарып отырады, демек оның формуласы: 
𝑙 = 20 − 6𝑡 
. Әрине, бұл 
берілген жауап дұрыс жауап ретінде қабылданды. 
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары 
деңгейде ӛтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында демекші 
сабағымда қолданған стратегияларға тоқталып ӛтейін. 
Есеп қҧрастыру. 
Оқушыларда математикалық сауаттылық жайында түсінік 
қалыптастыру мақсатымен оқушыларға алдарына таратылған мәліметтер бойынша есеп 
құрастыру ұсынылады. Мысалы, бірінші топқа Бепантен сықпа майының инструкциясы, 
екінші топқа қалалық автобус билетін, үшінші топқа айлық жалақының түсуі жайында 
анықтама берілді. 
Бірінші топ (құрастырған есеп). «Бепантен» дәрісінің құқрамындағы белсенді зат – 
декспантенолдың мӛлшері 20% және 40% болатын екі түрлі сорты бар. Құрамындағы 
декспантенолдың мӛлшері 30% болатын 150 г «Бепантен» сықпа майые алу үшін екі 
сорттың әрқайсысынан неше грамм алу керек? 
Екінші топ (құрастырған есеп). Айнұр автобус билетін 80 теңгеден сатып алды. 
Сериясы 947903. 2 жыл бұрын Сымбат сериясы 675504 билетін Айнұрдың билетіне 
қарағанда 2 есе арзан сатып алды. Ал Мұрат сол билетті Айнұр мен Сымбаттың 
билеттерінің қосындысына тең ақшаға сатып алды. Сонда Мұрат және сымбат билетті 
қанша теңгеге алды? 
Екінші топ (құрасытырған есеп). Алматы қаласындағы автобустың сәуір айындағы 
табысы 2 244 000 тг. Егер автобусқа күніне 935 адам кіретін болса, онда автобустың 1 
билеті неше теңге тұрады? 
Үшінші топ (құрастырған есеп). Арай айдың соңында 154 мың 628 тг жалақы алды. 
Сол жалақының ішінде 3 айлық сыйақы бар – 91800 тг. Сонда 1 айлық сыйақы қанша 
және таза жалақысы қанша? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет