Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет31/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
32 
оқушылар практикалық дағдыларды да (электр тізбектерін құрастыру, ӛлшеу жүргізу, 
және т.б.) игереді. 
Ӛндірістік экскурсиялар 
мектептегі политехникалық білім берудің маңызды 
құралдарының бірі болып табылады. Ӛндірістік экскурсиялар мектеп оқушыларының 
санасын қазіргі заманғы ғылым мен ӛндірістегі жаңа идеяларментанысуға, оқытылатын 
құбылыстар мен заңдылықтардың қолданысының іс жүсінде жүзеге асқанына кӛз 
жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеде ӛндірістік экскурсияларды сабақта қолдануға 
кӛп мүмкіндіктер бар. Соның бірі-виртуальды экскурсия. Оқушыларды виртуальды 
экскурсиялар арқылы әлемнің кез-келген нүктесіндегі ӛндіріс орындарымен, ғылыми 
зертханаларымен, ғылыми мұражайларымен таныстыруға болады. Ол үшін кӛптен оқу 
порталдарын, сайттарды қолдануға болады. 
Политехникалық білім берудегі тағы бір әдіс - политехникалық мазмұндағы 
үй 
тапсырмасы
. Бұл зерттелетін құрылғылардың, машиналардың, 
қондырғылардың 
(мысалы, термостаттардың, электр қыздырғыштарының, электр қозғалтқыштарының, ауа 
ионизаторларының, 
ӛлшеу 
құралдарының 
– 
таразылардың, 
манометрлердің, 
термометрлердің, электр есептегіштердің және т.б.) тұрмыста қолданылуын зерттеуге 
берілетін тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар арқылы оқушылар жалпы политехникалық 
құрылғылардың және олардың қолданылу ерекшеліктерін, практикалық қолданысын 
білуге ұмтылысын туғызады. Мысалы, оқушылар үйдегі ионизатордың, үй жылытатын 
қондырғылардың, кір жуатын машиналардың қалай жұмыс істейтінін, оның пайдасын, 
басқа түрлері болса, олардың қандай жерде қолданылатынын зерттеп біледі. 
Оқушыларды ӛз бетінше ізденуге үйрету арқылы политехникалық білімдерін 
байыту да маңызды. Ол үшін оқушыларды дұрыс ақпарат алуға бағыттап, қажет жағдайда 
ғылыми-кӛпшілік және Youtube- арналарындағы бағдарламалармен таныстырып, ғылыми 
жаңалықтар жарияланатын ғаламтордағы сайттардың сілтемелерімен бӛлісіп, ғылымның 
дамуына үлес қосқан ғалымдардың ӛмірі туралы фильмдер кӛруге кеңес беру керек. 
Қазіргі кезде әр түрлі мектептер арасында облыстық, аудандық, қалалық, 
республикалық, халықаралық деңгейлердегі ғылыми жобалар сайыстары ӛткізілуде. 
Осындай сайыстарға физика-техника ғылымдарына қызығушылығы бар оқушыларды 
қатыстыру. Ол үшін оқушының қызығушылығын ескере отырып, тақырыпқа сай жұмыс 
жасау. Ол жұмыста қандай да бір құрылғының жұмыс істеу принциптерін оқып-үйрене 
отырып, моделін құрастыруға немесе бұрыннан бар құрылғыларды тұрмыста қолдану 
мақсатында қайта жасау сияқты тақырыптарды таңдап алуға болады. Оқушылардың 
жасаған жұмыстарын ғылыми-кӛпшілік конференцияларда, сайыстарда кӛпшілік алдына 
ұсынуға болады. 
Оқушыларға политехникалық білім беруде сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге 
асырылатын жұмыстың ауқымы ӛте кең. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың 
политехникалық ой-ӛрісін кеңейтіп, алған білімдерін практикада қолдануға дайындауға 
үлкен мүмкіндіктер ашады. Оларды болашақ мамандық таңдауда да қателеспес үшін 
техникалық мамандықтардың қыр-сырымен таныстыруға болады. Әртүрлі мекемелерге 
апарып, ондағы мамандық иелерімен таныстыру сол салалардағы білімін кеңейтуге 
болады. Түрлі үйірмелер, факультативтік курстар, кештер мен сайыстар, онкүндіктер мен 
апталықтар, ашық есік күндерін ұйымдастыруға болады. Түрлі рӛлдік ойындар арқылы 
инженер-электрик, радиоинженерлер, ұшақ модельдеушілер және т.б. арқылы оқушылар 
ғылымның, техниканың, ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларымен танысып, оның 
ерекшеліктерін ұғынады, шығармашылық жұмысқа дайындалуға қажетті дағдыларды 
меңгереді. 
Физика сабақтарында оқушылар үйренген заңдылықтарды күнделікті ӛмірде 
байқалатын әртүрлі құбылыстарды талдауға қолдануды үйрене білуі керек. Мысалы, 
физикалық шамаларды ӛлшеу (масса, күш, жұмыс, энергия т.б.), тәжірибе жүргізу үшін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет