Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет30/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
31 
қатар, оқушының техникада болып жатқан түрлі жаңалықтардан хабардар болып, ой-ӛрісі 
кеңейеді. Ол үшін мұғалімнің ӛзі жан-жақты іздене отырып, шынай дереккӛздерден 
алынған ақпараттармен бӛлісіп, сабақтың тақырыбына сай түрлі жаңа мәліметтермен 
бӛлісіп отыруы керек. Мысалы, электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы 
жӛніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және 
кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы, оларды қалай пайдаланатынын 
кӛрсетіп, жақын аймақтағы орналасқан ӛндіріс кӛздеріне экскурсия жасауға болады. 
Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы 
зертханалық жұмыстардың маңызы ӛте жоғары. Мұндай жұмыстардың кӛмегімен 
оқушылар әртүрлі техникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың
құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен танысып, ӛлшеуіш құралдармен 
жұмыс істеуге дағдыланады. Мұндай зертханалық жұмыстарды жасау барысында 
оқушылар электрлік сызбалардағы шартты белгілерді оқып, оны пайдаланып электр 
тізбегін құрастыруды үйренеді, қарапайым электр құрылғылары мен құралдарының 
жұмыс істеу принциптерімен танысады. 
Білім алушыларды технологияның ғылыми негіздерімен, түрлі аспаптардың, 
машиналар мен механизмдердің конструкциясы мен жұмыс істеуінің физикалық 
принциптерімен таныстырудың жолдарына тоқтала кетейік. 
Физиканы оқыту барысында политехникалық білім беруде зерттелетін физикалық 
құбылыстар мен заңдылықтардың техникадағы, ӛмірдегі қолданылуын қарастыра отырып, 
аспаптардың, машиналар мен механизмдердің жұмыс істеу принципін түсіндіру ӛте 
маңызды. Осы мақсатта түрлі құрылғылар мен механизмдердің жұмысын түсіндіретін 
суреттер, слайдтар, бейнематериалдар, техникалық қондырғылардың схемалары мен 
моделдері пайдаланады. 
Сабақ барысында, конференцияларда, семинарларда ғылым мен техниканың соңғы 
жетістіктерін, оқу материалына сәйкес физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың 
ӛндірістің жекелеген салаларында, техникада, телекоммуникациялық байланыста, 
медицинада, күнделікті ӛмірде және т.б. салаларда пайдаланылуы туралы баяндамалары 
мен рефераттар дайындауға үйрету берілетін білімнің терең сіңірілуіне кӛмек береді. 
Оқушылар баяндамаларын қорғау барысында ӛздері дайындаған сызбалары, слайдтары, 
бейнежазбалары мен эксперименттік демонстрациямен, макеттермен, құрылғылардың 
модельдерімен сүйемелденеді. 
Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда политехникалық мазмұндағы есептерді 
шығару да ӛте тиімді жолдардың бірі. Физика есебі -теориялық білімнің қаншалықты 
меңгерілгендігін кӛрсетеді. Физиканы оқытуда мұндай техникалық есептерді кӛптеген 
есеп жинақтарынан кездестіруге болады. Сонымен қатар, мұғалім қосымша әдістемелік 
әдебиеттерді де қарастырып,үлкен ізденіс үстінде болуы керек. Политехникалық 
мазмұндағы есептерді шешу барысында, оқушыларды қарастыратын физикалық 
құбылыстарды пайдалана отырып, кейбір техника түрлерінің жұмыс жасау 
принциптерімен таныстыру мүмкіндігі зор. Мысалы, технологиялық процестердегі 
физикалық заңдылықтар, заттың қасиеттерін (мысалы, кенді байыту, қоқыс түрлерін 
сорттау, штамптау және т.б.) пайдалануда негіз болатын физикалық құбылыстарды 
түснуге арналған есептер. 
Оқушылардың техникалық құрылғылар мен қондырғылардың 
модельдерін 
(түрлі 
реттегіштер, электр реттегіші, жылу реттегіші, электр қоңырауы, электромагниттік 
реттегіш, фотореттегіш және т.б.) оқу және құрастыру бойынша практикалық жұмыстары 
ұйымдастыру. Мұндай құрылғыларды жинай отырып, студенттер олардың жұмыс істеу 
принципін тереңірек түсінеді, олардың қолдану салаларымен, ӛндірісті автоматтандыруда, 
технологиялық процестерді басқаруда және олардың жүру барысын бақылауда 
қолданудың маңызымен де танысады. Мұндай жұмыстарды орындау барысында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет