Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет32/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
33 
қарапайым аппараттарды құрастыру, қарапайым сызбаларды, есептеулерді орындау, 
графиктер мен анықтама әдебиеттерді пайдалану, кейбір физикалық құралдарды қолдан 
құрастыру, оның дәлдігін анықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Мұның бәрі 
политехникалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырдың алғышарттары. Осы іс- 
әрекеттерді құрайтын операциялардың физикалық мәнін түсіну, оқушыларда 
қалыптасатын іскерлік қабілеті мен практикалық дағдыларды қалыптастырудың негізгі 
шарттарының бірі болып табылады.Практикалық дағдыларды қалыптастыру кезінде 
құрылғыны кӛрсетілмейді. Бұл кезде мұғалімнің жетекшілігімен іс-әрекеттерді орындауға 
арналған бастапқы практикалық жаттығулар беріледі. 
Дағдылар қалыптастыру үшін оқушы меңгеруі керек іс-әрекеттер қайталанып 
отыруы керек. Ол үшін оқушылардың политехникалық дағдыларын қалыптастыруға 
септігін тигізетін (ӛлшеу дағдысын, құрастыру дағдысын және т.с.с) әр түрлі жаттығулар 
мен тапсырмалар жүйелі түрде, мүмкіндігінше жиі берілуі керек. 
Физика пәнін оқытуда политехникалық принципті жүзеге асыруды әртүрлі 
жолдармен орындауға болады. Мектеп тәжірибесінде келесі екі әдіс ең кӛп тараған. 
Олардың біріншісі құбылыстар, заңдар алдымен үйретіліп алып, содан кейін олардың 
құрылғыларда, техникалық қондырғыларда немесе технологиялық процестерде 
қолданылуы қарастырылады. Техникалық объектілерді зерттеудің бұл әдісі дедукция әдісі 
деп аталады: біріншіден, құбылыстың, заңның жалпы түсінігін беріп, содан кейін олардың 
практикада қолданылуы жайлы ақпарат береді. Мысал ретінде физикалық құбылысты 
демострациялауды қарастырайық. Ол мына ретпен жүзеге асырылады:физикалық 
құбылысты кӛрсету

оның мәнін түсіндіріп, болу шарпттарын айқындау 

проблема қою 
арқылы оның қай жерде қолданылатынын айқындау

ықшамдалған модельді кӛрсету
→ 
жұмыс жасау принципінің қандай құбылысқа негізделгенін схема, сызбалар арқылы 
түсіндіру 
→ 
шын мәнісіндегі түпнұсқанын не болмаса оның жұмысын түсіндіретін 
кинофильмнен үзінді кӛрсету. Екінші әдісте алдымен оқушылардың назары күнделікті 
ӛмірден, қоршаған ортадағы ӛтіп жатқан құбылыстарда кездесетін техникалық 
(политехникалық) объектілерге аударылады, содан кейін олардың қолданылу салалары 
қарастырылады. Ең соңғы қадамында оның теориялық мәселелері қарастырады. 
Оқушыларға«Осы объектінің (құрылғы, машина, қондырғы, технологиялық процесс) 
жұмыс істеуі қандай заңға негізделген? Оның жұмыс жасау принципі қандай?» деген 
сипаттағы сұрақтар қойылады.Оқушылардың белсенділігін арттыру және құрылғының 
жұмыс істеу принципінің негізінде жатқан физикалық құбылысты оқып-үйренуге 
ықыласын арттыру мақсатында мұғалім проблеманы негіздеуі керек. Бұл негіздеу 
оқушылардың осы құбылысты зерттеуге деген қызығушылығын арттыратындай болуы 
керек. Осының нәтижесінде оқушылар материалды қабылдауға, игеруге дайын болады. 
Құбылыстың мәнісі толықтай түсінікті болған кезде жаңа мәселе ұсынылады.Кейін 
модельдің жеңілдетілген үлгісі демонстрацияланады, нақты техникалық объектінің 
практикалық қолданысы, құрылғының жұмысын анық кӛрсету үшін модельде 
құүрылғының қандай негізгі элементтері қалдырылғанын, қандай элементтердің алынып 
тасталынғандығы қарастырылады. 
Осы екі әдістің (индукция және дедукция) екіншісі тиімдірек. Себебі, 
политехникалық объектілерді зерттеудің бұл әдісі оқушылардың оқытылатын құбылыстар 
мен заңдылықтарды зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, олардың практикалық 
маңызын түсінуге деген қызығушылығын алдын-ала туғызып, материалды қабылдауға 
ықпал етеді. 
Дегенмен, осы екі тәсілді үйлестіре отырып, қолдануға да болады. 
Мысалы,оқытуды қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс істеу принципінің негізінде 
жатқан құбылыстан басталса, екіншісінде қозғалтқышты кӛрсетуден, оны ӛмірде 
қолданылуына мысалдармен бастауға болады. Ал, электр тогы генераторларының және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет