Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 40
жолдарын меңгеруге аса мән беріледі. Кез-келген физикалық бейненің пайда болуы
табиғаттағы заңдылықтар мен эволюцияның негізгі тұжырымдамаларынымен байланысты
болады. Қоршаған орта туралы тарихи қалыптасқан кӛзқарастар жүйесі бойынша мынадай
түрлерді ажыратуға болады: әлемнің механикалық бейнесі, әлемнің электрмагниттік
бейнесі және әлемнің кваттық-ӛрістік бейнесі.
Ғылым мен техниканың дамуы барысында ғылыми-танымдық әдістерді саналы
түрде қолдану арқылы ғана шешілетін кӛптеген мәселелердің туындауы мүмкін. Соның
бірі -білім берудің барлық сатысы мен бағыттарында ӛзекті мәселе – ғылым дамыған
сайын берілетін білім мазмұнының кӛлемінің артуы болып табылады. Осының
нәтижесінхде орта мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны күрделеніп, ғылымилануда.
Мазмұны мен кӛлемі ӛзгерген оқулықтар бойынша пәнді оқыту барысында да сәйкесінше
заманауи, ең тиімді әдіс-тәсілдер қолданудың қажеттілігі туындайды. Осыған орай, білім
саласының кез-келген салада ӛз ісін терең меңгерген, ғылым мен техниканың басқа
салаларындағы жаңалықтарды ӛз пәнін оқытуда ұтымды қолдана білетін білікті
ұстаздарды даярлау бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Мұндай мамандарды даярлау
үшін олардың терең теориялық тұрғыда терең ойлай алуға, теория мен практиканы бір-
бірімен байланыстыра білетіндей за манауи оқу әдістерін меңгерту қажет. Бұл мәселені
шешуде танымдық әдістердің ішіндегі ең маңыздысы ойлай білуді дамыту кӛмекке келеді.
Жаратылыстану ғылымында зерттеулерде табиғат құбылыстарын зерттеуде
кӛптеген әдістер қолданылады. Олардың бірі танымның белгілі бір аймағында ғана
қолданылуға жараса, келесі бірі тек нақты құбылысты зерттеп, тануға қауқарлы болады.
Кейбір ғылыми әдістер тек ғылымның бір ғана саласындағы зерттеулерге қолданылмай,
барлық дерлік ғылым салаларындағы зерттеулерде қолдануға ӛте ыңғайлы. Бұл әдістер
ғылыми танымның жалпы әдістері болып табылды. Дегенмен ол әрбір ғылыми зерттеу
саласында ӛзінің сол ғылым саламына тән ерекше қырымен кӛрінеді. Бірақ осы ғылыми
таным әдістерінің барлық салада бірдей қолданылуы оның іргелі философиялық мәнінің
бар екенін кӛрсетеді.
Физика - методолгиялық жалпылауға шексіз мүмкіндік беретін, танымдық зерттеу
аумағы ӛте кең ғылым саласы. Физиканы ғылым ретінде зерттеуде, сонымен қатар
физиканы оқытуда бақылау мен эксперимент, моделдеу мен аналогия, идеалдау деп
аталатын танымдық әдістер қолданылады. Бұл әдістер тек физикалық процестерді зерттеп-
білуде ғана қолданылмай, басқа да ғылым салаларында да кеңінен қолданылады.
Физиканы оқытуда білім алушылардың ғылыми-танымдық әдістерді меңгеруін екі
бағытта жүзеге асыруға болады. Біріншісі, физиканы білімнің даму тарихы тұрғысынан
ашу болса, екіншісі- оқыту процесінде тікелей осы әдістерді қолдану.
Ғылыми танымның әдістерін қолдану және оның мәнін ашу алдын-ала жасалған
жоспар бойынша, жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Оны физиканың барлық
бӛлімдерін, курстарынын оқыту барсында жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Ең
маңыздысы оқушыларды есеп шығаруда, эксперимент жасауда, тапсырмалар орындауда
туындаған мәселелерді шешуде жекелеген танымдық әдістерді ӛз бетінше қолдана алуға
үйрету керек.
Оқыту барысында ғылыми танымдық әдістерді қолдану –оқушылардың ойлау
қабілетін дамытудағы қуатты құрал болып табылады.
Оқушылар тәжірибені бақылау мен эксперимент түрінде қоршаған ортаны танудың
әдісі ретінде тӛменгі сыныпта оқыған пәндерінде танысады. Ал осы әдістердің ғылыми
зерттеу әдісінің бірі екендігі 7 сыныптың физика курсының алғашқы сабақтарында
айтылып, қарапайым ӛлшеу жұмыстарының ғылыми зерттеудегі маңызы түсіндіріледі.
Соныымен қатар оқушыларға ғылыми эксперименттер мен онда қолданылатын ӛлшеу
құралдарының, зертханаларының мектептегі зертханалардан айырмашылығы, ұқсастығы