Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет41/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   527
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
41 
түсіндіріліп айтылады. Олай болмаған жағдайда оқушылар ғылыми зертханаларсыз-ақ 
айтулы жаңалықтар ашуға болады деген қате пікірде болады. 
Физика курсындағы демонстрациялық, зертханалық үйде орындалатын 
эксперименттік тапсырмалар түріндегі оқу эксперименттері оқушылардың қоршаған орта 
туралы ӛте бай ақпаратқа кенелуіне тікелей әсер етеді. Оқытудың басқа әдістерінің ішінде 
физикалық оқу эксперименті қол жетімді, түсінуге оңай, теңдессіз білім кӛзі болып 
саналады. 
Физиканы оқыту процесінде эксперименттік әдіс екі жақты қызмет атқарады: бірі- 
іргелі классикалық ғылыми эксперименттерді түсіндіру болса, екіншісі-физикадан 
кӛрнекілік сипатындағы тәжірибелер. 
Экспериментті зерттеудің әдісі ретінде түсіндіре отырып, оқушылардың назарын 
ғылымдағы эксперименттік әдістің оқытудағы эксперименттен мүлдем басқа екенін, яғни 
ғылыми зерттеу барысында жасалатын эксперименттердің мақсаты, оны жасауға 
қойылатын талаптар, құрылғылар мен құралдар, қондырғылар, ӛлшеудің дәлдігі де 
басқаша болатынына аударту керек. Себебі, оқушыларда «соншалықты ғылыми маңызды 
мәліметтерді мектеп зертханасындағы құрал-жабдықтардың кӛмегімен, ӛте қарапайым 
жолмен-ақ анықтауға болады екен ғой» деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Әрбір 
тәжірибені кӛрсетпес бұрын, оны қарапайым түрге, оқушыға түсінікті болып кӛрсету 
үшін қандай бӛліктерінің алынып тасталғанын, не нәрсені елемеуге, мән бермеуге 
болатынына назар аударту керек. Оқушы мұғалім кӛрсеткен тәжірибенің негізінде қандай 
ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілгенін түсінуі ӛте маңызды. Мысалы, металдардың 
ӛткізгіштігін түсіндіру барысында олардың ішінде тек бірнешеуінің ғана электр 
ӛткізгіштігін кӛрсетеміз де, басқаларын ғалымдардың тәжірибелерге сүйене отырып, 
барлық металдар электр ӛткізгіштер деген қорытындыға келеміз. Ал мұның артында 
қаншама зерттеулер жатқанын, барлық металдардың да электр ӛткізгіштіктерінің тәжірибе 
арқылы дәлелденгені айтылмайды. 
Бақылаудың ғылыми танымның ең алғашқы қарапайым, эмпирикалық деңгейі 
екенін оқушылар терең түсінуі керек. Ғылыми зерттеудегі жүргізілетін бақылау 
қарапайым бақылаудан ерекше. Себебі, ғылыми зерттеудегі бақылау арнайы жоспар 
бойынша, қойылған мақсатқа сәйкес, арнайы ұйымдастырылады. Ал, бақылаудың 
эксперименттен айырмашылығы - ол ӛтіп жатқан процесске (танымдық нысанға) әсер 
етпейді. Тек сырттай бақылайды. 
Газдар мен сұйықтардағы броундық қозғалысты бақылау микроскоптың кӛмегімен 
жүзеге 
асырылады. 
Броундық 
бӛлшектердің 
қозғалысына 
қарап, 
ортадағы 
молекулалардың қозғалысына сипаттап береді. Броундық қозғалыс молекулалардың 
қозғалысының кӛшірмесін береді. Бірақ, оқушылардың осы қозғалыстарды бір-бірімен тең 
кӛруге бейім екенін кӛруге болады. Броундық қозғалыс миллиардтаған молекулалардан 
тұрады, ал бұл газ не болмаса сұйықтағы қандай да бір бӛлшек. Оқушылар микоскоп 
арқылы кӛзге кӛрінбейтін молекулалардың қозғалысын емес, осы газ не болмаса 
сұйықтың бір бӛлшегінің қозғалысын бақылап отырады. Бақылаудың тиімділігі зерттеліп 
отырған нысан туралы алдын-ала ақпараттың болуында, зерттеу мақсатын дұрыс негіздей 
алуына, мақсатқа жетудегі табандылыққа, алынған нәтижені жан-жақты сипаттай алу 
іскерлігіне байланысты болады. 
Мысалы жас ғалым Галилео Галией Пиза мұнарасындағы шамның тербелісін 
бақылау барысында шамның тербеліс уақытының оның амплитудасының қандай 
екендігіне байланысты емес екендігін байқаған. Галилейдің маятниктің тербеліс 
периодының амплитудаға тәуелді еместігін ашу ӛте маңызды жаңалық болып саналды. 
Әрине, кейінгі нақты зерттеулерден бұл заңдылық жуықталған, тек аз ғана азғана орын 
ауыстырулар үшін ғана орындалатындығы анықталды. Дегенмен, осы аз уақыт аралығын 
ӛлшеу үшін маятниктің тербелісін қолдану идеяларының тууына себеп болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет