Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
427
«Mentimeter» бұл ресурс сабаққа кері байланыс үшін қажетті әдістің бірі. Оқытушы
Mentimeter.com-ға кіріп тіркеледі. Бұл ресурсттың басқа ресурсттардан ерекшелігі барлық
студентте ұялы телефон болуы шарт. Сабақтың аяғында барлық студент ұялы телефонмен
интернет желісінде
www.menti.com
–ға
кіріп тақтадағы кодты басып, сабаққа ӛз пікірін
жазады. Бұл ресурста барлық пікір интер белсенді тақтаға шығып тұрады және кімнің
қандай пікір жазғанын ешкім білмейді.
Learning Apps ресурсыда арнайы пәндерді оқытуда
қолдануға тиімді бағдарлама
десек болады. Бұл бағдарламаға да оқытушы тіркеледі, құпия сӛзі болады. Бағдарламада
сӛзжұмбақ, миллион кімге бұйырады, атжарысы,
жұбыңды тап, гүл күлтелері т.б ойын
тапсырма түрлері бар. Тапсырмаларды ӛзіңіз құрастырасыз. Learnig Apps -та жасаған
тапсырмаларыңызға ӛзіңіз ғана кіре аласыз. Ӛзге адам сіз жасаған тапсырмаларды
қолдана алмайды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі пәнге деген қызығушылықты арттыруда
ерекше байқалады. Сонымен қатар тапсырмаларды әзірлеу аса қиындық тудырмайды.
«Quizlet», «Prezi», «Kahoot» ресурстарда дайын жұмыстар, тапсырмалар бар, алып
сабаққа қолдануға болады. Ол тапсырмалар кӛбіне орыс тілінде кездеседі.
Арнайы
пәндерге дайын ресурстар жоқтың қасы. Барлық бағдарламада яғни цифрлы ресурстарды
сабақта қолдану үшін тапсырмалар құрастыру, есеп жасау, бағдарламаға ендіру уақыт пен
қажырлы еңбекті талап етеді. Әрбір сабақ қызықты, жаңартылған, ӛтілген материалыңыз
студентке түсінікті әрі есінде қалатындай болу үшін цифрлы ресурстарды қолдудың
маңызы зор. Цифрлы ресурсты қолдану үшін аудитория интернетпен және интер белсенді
тақта немесе Bilimbook болуы шарт.
XXI ғасырда біздің елімізде ғаламдану және жахандану үрдісі қарқынды жүріп
жатыр. Осы үрдісті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан
зор рӛл атқаратыны сӛзсіз. Ал жас ұрпақтың бойына білім нәрін себуші – Мұғалім.
Мұғалім мен студент арасындағы негізгі бастамалардың
барлығы да оқытушы арқылы
жүзеге асырылады. Заман талабына сай білім беру үшін ұстаз үздіксіз ізденуі қажет. Әрбір
берген сабағымыз студентке түсінікті болу үшін және пәнге деген қызығушулығын
арттыру мақсатында цифрлы ресурсттарды қолданған абзал деп санаймын.
Қазіргі студент, болашақ маман бәсекеге қабілетті болу үшін ӛзінің ісінің білікті
маманы болу шарт. Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай,