Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
100
Сурет 3: Бір функцияның әртүрлі кӛріністері
Тапсырма 2:
[1, 1000] аралығындағы барлық жай сандарды кӛрсетіңіз.
Шешуі: Жай сандарды isprime(A) функциясы арқылы оңай табуға болады. 1000-нан
кіші барлық жай сандарды тӛменде кӛрсетілгендей шығаруға болады.
>> A=1:1000; B=A(isprime(A))
Сурет 4: 1000-нан кіші жай сандар
Біз бағдарламаны осылай игере отырып, тапсырмаларды үйрету арқылы баланың ӛз
бетімен білімді игеруге тәрбиелей аламыз.
Қорытынды
Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене келе оқушылардың математикалық білімін
шығармашылық есептер арқылы кӛтерудің маңызы зор. Заманауи ақпараттық және
цифрлық технологиялар математикалық есептерді шешудің әдемілігін, геометриялық
денелердің
пішіндерін
салудың
үйлесімділігін
кӛрсетуге
мүмкіндік
береді.
Шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқушының бойынан ой ұшқырлығы,
тапқырлық, негізгі нәрсені бірден ұға білу, пайымдауды қысқарту, орынды әрекеттердің
реттілігі, әртүрлі математикалық ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды
ашу, шығармашылық әрекетте бай деген секілді қасиеттерді кӛруге болады. Математика
сабағында тапсырмаларды қызықты түрде, математиканы терең меңгеруге, жаңа
тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, білімді меңгерумен қатар, оқушылардың
танымдық, ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді, соның әсерінен ойлау жүйесін
дамытады, оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: