Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 142
«Функционалдық сауаттылық» тұжырымдамасының әр түрлі тәсілдерін қарастыра
отырып, осы жұмыста «функционалдық сауаттылық» тұжырымдамасының ұсынылған
түсіндірмелеріне сүйеніп, функционалдық сауаттылық туралы жалпы түсінік алу үшін
маңызды функционалдық сауаттылық туралы кӛзқарастарды біріктірдік.
С.А.Тангянның [1], А.В.Хуторский [7], А.М.Новиков [8], Г.П.Зинченко [9]
еңбектеріне сүйеніп, біз мынандай қорытындыға келдік:
1.
Функционалдық сауаттылықты қазіргі заманғы оқушының білім деңгейінің бірі
ретінде қарастыруға болады;
2.
Функционалдық сауаттылық қазіргі заманғы білімнің қажетті компоненті болып
табылады және құзыреттілік тұжырымдамасымен тікелей байланысты;
3.
Функционалдық сауаттылық – оқушылардың құзыреттілігін дамытудың негізі;
4.
Құзыреттілік тәсіл - оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың әдіснамалық негізі;
5.
функционалдық сауаттылық дегеніміз - ақпаратты қабылдау, түрлендіру, ӛмірге
әр түрлі салалардағы типтік есептерді басым практикалық-бағдарланған білім негізінде
шешуге қабілеттілікпен байланысты білім, білік, дағды, дербес әрекет әдістерінің
жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз функционалдық сауаттылықтың және
оқушылардың функционалдық сауаттылығының анықтамаларын тұжырымдай аламыз.
Функционалдық сауаттылық адамның қоғаммен ӛзара әрекеттесу міндеттерін
шешуде, ақпаратты қабылдау, түрлендіру процесіпде қолданылатын қазіргі қоғамға
қажетті пәндік, пәнаралық, интегративті білім, білік, дағдылар мен функционалды
есептерді шешу әдістерінен тұратын білімділік деңгейі.
Оқушының функционалдық сауаттылығы дегеніміз - қазіргі орта білімнің қажетті
құрамдас бӛлігі болып табылатын «пәндік, пәнаралық, интегративті білім, білік, дағдылар
мен функционалды есептерді шеше білу» кешенінен тұратын білімділік деңгейі.
Оқушының