Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 144
жылдамдығын есептеу, ең жоғарғы деңгейге - таныс емес сызбаны не диаграмманы
сұрыптап бӛлу яғни түсіну.
Жаратылыстануда қарапайым тапсырмалар – формулаларды қайта құруға,
күрделіліктің орташа тапсырмалары – жекелеген құбылыстарды түсіндіруге арналды, ең
күрделіде – құбылыстарды олардың моделдері негізінде түсіндіру қажет болды.
Мәселелерді шешу қабілетін бағалау кезінде тӛменгі деңгей үшін сұрақтың мәнін
түсіну және оны шешу үшін ақпарат табу жеткілікті болды, орташа - ақылға салып талдай
білу, шешім қабылдай білу, жоғары деңгей - кӛптеген шарттарды есепке ала отырып, ӛз
пікірін негіздей білу болды.
Мектептің алдында ертеден қойылған мақсат - түлектерді күнделікті ӛмірде білімді
еркін пайдалануға даярлау - мектепте білім беру мазмұнының практикалық құрамдас
бӛлігіне тиісті кӛңіл бӛлінбегендіктен кӛп жағдайда орындалмайды. Бұл қазақстандық
оқушылар арасында тәжірибеге бағытталған білім мен дағдылардың жетіспеушілігіне
әкеледі.
Осындай мәселелер оқу сауаттылығын, жаратылыстану саласында мәселелерді
шешуге қатысты тапсырмаларды орындау барысында туындады. Іс жүзінде біз бұл жерде
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының тӛмен деңгейі қоғамның қазіргі
білім беру жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтіні туралы айтып отырмыз.
Г.Ф.Красноженова [12, 134 б.] Оқу процесінде білім алушылардың ӛзін-ӛзі
дамытуға, кәсіби және жалпы мәдени ӛзін-ӛзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыру
қажет деп санайды;
Оқу іс-әрекетіндегі мотивациялық сфераны қалыптастыру қажет, ӛйткені оның
қалыптасуы оқушының қоғамда қабылданған құндылықтар жүйесін дамытуды, қоғамдық
пайдалы іс-әрекеттің қажеттілігін және жаңаны игеруге ынталандырады. Мотивация
білімнің, оқудың мағынасын ашуға, сол білімнің оған ӛмірдегі ӛз орнын анықтауға қалай
кӛмектесетінін түсінуге ықпал жасайды [14, 30 б.].
Мотивация сыртқы және ішкі мотивтер болып ажыратылады. Оқу іс-әрекетінің
сыртқы мотивтері қоғамның оқушыға, мұғалімдерге қойылатын талаптарымен, оқытуды
жүргізу шарттарымен анықталады. (мысалы дамыған материалдық базаның, Интернеттің
болуы). Ішкі мотивтер оқушының ӛзінің қажеттіліктерімен, оның қызығушылықтарымен,
сенімдерімен, ӛзінің болашағы туралы идеяларымен және т.б. анықталады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін
құзыреттілік тәсілінің бастапқы ережелерін қолданудың ӛзектілігі:
-
құзыреттілікке негізделген тәсіл белсенділікке негізделген, ӛйткені құзыреттілік
белгілі бір қызметте ғана кӛрінеді;
-
құзыреттілік жеке біліммен, қабілеттермен, дағдылармен шектелмейді, оларды
қамтиды;
-
құзыреттілікті анықтау үшін мәнмәтіннің маңызы ӛте зор, ӛйткені қызметтің бір
түріне құзыретті адам басқа қызмет түріне қабілетсіз болуы мүмкін;
-
құзыреттіліктің кӛрінісінде белгілі бір нақты жағдай маңызды рӛл атқарады. Бір
қызмет саласында, бірақ әр түрлі жағдайда адам ӛзінің құзырлығын кӛрсете алады (немесе
кӛрсетпеуі мүмкін);
-
жеке тұлғаның құзырлылығы кӛрінуі үшін қойылған міндеттердің маңыздылығы,
оның мәселені шешуге қызығушылығы маңызды;
-
құзырлылықтың дамуының маңызды факторы оқыту болып табылады [15].
Жоғарыда айтылғандарды талдай келе, біз негізгі қорытынды жасаймыз: жоғарыда
айтылған құзыреттілік тәсілдің барлық ережелері білім деңгейі ретінде функционалдық
сауаттылыққа тікелей қатысты.