Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет156/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
145 
Функционалдық сауаттылық - бұл дамып келе жатқан құзыреттіліктің білімдік 
негізін, демек, қазіргі білім берудің қажетті бӛлігін анықтайтын оқу-танымдық 
құзыреттіліктің негізгі компоненті. 
Зерттеуші ғалымдардың идеяларын қорыта келе, жалпы білім беретін орта мектеп 
оқушыларының білімді меңгеруінің негізгі оқу іс-әрекетінің тізімін анықтайық, онсыз 
«оқуға үйрену» мүмкін емес: 
1.
Мәтіннің бастапқы мазмұнын оқу және түсіну. Мәтін ақпаратты ұсынуға, беруге 
арналған тілдік белгілер (графикалық, акустикалық) арқылы ретімен түсініледі. Іс-әрекет 
процесі келесі жұмыстарды қамтиды: мәтін элементтерінің маңызды ақпаратын қабылдау, 
тілдік кодтардың мәндерін жаңарту, мәлімдеменің мазмұнын қалпына келтіру. Ұсынылған 
мәтіндегі фактілерге, теорияларға, бағалауға және сынға қатысты мәтіннің негізгі 
ережелерін бӛліп кӛрсету. Конспект; мәтіннің негізгі ережелерін сипаттау тезисі. Мәтін 
мазмұнын ӛз бетінше таңдау: жалпы ережелерді бӛлектеу, нақтылау, тұжырымдамаға 
келтіру, салдарын бӛліп кӛрсету, дәлелдеу және т. б. 
2.
Мәселені кӛре білу және мәселеге қатысты ақпаратты таңдау. Қосымша 
әдебиеттерді қолдана білу және мәселені шешу үшін жаңа ақпарат таба білу. 
3.
Талдау және синтездеу қабілеті. Ұғымдарды, терминдерді, анықтамаларды 
жалпылау және білім жүйесін құру. 
4.
Жаттығуларда, сұрақтарға жауаптарда, есептерді шешу кезінде мазмұнды 
белгілермен, схемалармен, графиктермен, кестелермен және бейнелі түрде ұсыну арқылы 
мазмұнды ттүсіну арқылы материалды ӛңдей білу және оны игеру. 
5.
Бірнеше тақырыпты немесе барлық ӛткен материалдарды қамтитын 
тапсырмаларды шеше білу 
6.
Ӛз кӛзқарасын орынды негіздей білу 
7.
Ӛзіндік жұмыста ӛзін-ӛзі бақылауды жүзеге асыра білу, білім алу процесінде 
ӛзін-ӛзі бағалау және түзетуді жүзеге асыру. Оқушы мақсатын, оның ағымдағы және 
болашақтағы іс-әрекетінің міндеттерін жеке тұлға үшін маңыздылығы тұрғысынан 
жоспарлау (яғни мотивтер мен мақсаттардың сәйкес келуі). Жұмысының перспективасын 
болжай отырып, мақсатқа жетудің құралдары туралы идеяларды қалыптастыру. 
Келтірілген дағдылар танымдық салаға жатады және оқу-танымдық құзыреттілікті 
дамытудың негізі ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді. 
Бӛлінген педагогикалық жағдайларды шартты түрде келесі топтар түрінде ұсынуға 
болады: ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық шарттар (жағдайлар). 
Оқу-танымдық құзыреттілікті дамытудың негізі ретінде функционалдық 
сауаттылықты қалыптастырудың 
мазмұндық шарттары 
ӛзін-ӛзі тануға бағытталған, 
тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуын ескере отырып, жүйелілік және құзыреттілік тәсілдер арқылы 
математика пәнінің мазмұнын құруды қамтамасыз етіп, оларды іске асыруға бағытталған. 
Ол типтік және қолданбалы есептерді және практикалық қоғаммен ӛзара қарым қатынас 
жасау есептерін (ғылыми ұғымдар, нұсқаулықтар, кестелермен, графиктермен жұмыс 
істеу дағдылары, ақпаратты түсіну және жинақтау) шешу қабілетін дамытуға бағытталған 
оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті – есеп арқылы жүзеге асырылады. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 
технологиялық шарттары 
оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін дамытудың негізі ретінде функционалдық 
сауаттылықты қалыптастырудың технологиялық компонентін қалыптастыру, мұғалімнің 
осы процесте ӛз іс-әрекеттерін іске асыруда (жобалық оқыту технологиясы, сыни ойлауды 
дамыту технологиясы) дербестік танытатын оқушылардың ӛзіндік жұмысын 
ұйымдастырудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын қолдануды кӛздейді. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 
ұйымдастырушылық шарттары 
оқу-танымдық құзыреттілікті дамытудың негізі ретінде мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, оқытушы мен білім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет