МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР З.Т.СЕЙЛОВА, М.Ш. ТИЛЕПИЕВ, Э.У.УРАЗМАГАНБЕТОВА, Л.К.ДЮСЕМБАЕВА Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз» атты Жолдауында «Ӛмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтыңжеке
кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық
жаңартпақ ниеттеміз»,- деп атап кӛрсеткені баршаға мәлім[1].
Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген оқытушылар білім алушыларға
сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді инновациялықәдістерді қолдануда. Ӛйткені
оқытушының мақсаты әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оныңәр жақты
дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Біз де бір кезінде ЖОО-нын жақсы оқып бітіргенбіз. Сонан бергі жерде ӛзіміз
жүргізетін сабақтарымызды талай рет пысықтап, қайталап айтып келдік. Осы дағдыдан
бас тарту қазір оңай емес. Біз тілдік деңгейде студенттерге білгенімізді толық айтып
беруге даярмыз; дәріс мазмұнын жақсы білетіндігімізді кӛрсеткіміз келеді. Бұл
білімдардың рухы.
Ендігі жерде біз, ең алдымен, студенттерге білгенімізді бірден кӛрсеткіміз келетін
ынтамыздан бас тартуымыз керек. Біз білімімізді мұқият жасыруымыз керек.
Біздің пікірімізше, студент бізден бірдеңе туралы сұраса, еңқауіпті жағдаят ‒ ол
біздің сұраққа байланысты білетінімізді студентке толығымен айтып беру жағдайына
байқамай ӛтіп кететіндігіміз. Біз сұрақты білетін адамның (мақтаныштық эйфория)
жағдайына кӛшетіндігіміз. Біз ӛз білімімізбен мақтануға студенттен рұқсат хат (карт-
бланш) алғандай боламыз. Дәл осы бізді күтетін қауіпті жағдаят.
Сіз: егер студент сұраққойса, онда не істеуіміз керек? деп сұрауыңыз мүмкін.
Біздің түсінігімше, мұндай жағдайда былай ету қажет.
Біріншіден, студенттіңӛзінен ӛзі қойған сұрағына жауап іздеп кӛрді ме; соны
анықтау қажет.
Егер ізденбесе, онда оныңӛзі ӛзініңқойған сұрағы туралы не ойлайды екен? деп
сұрау қажет.
Оның
не
айтқандығына
ӛте
мұқият
болу
керек.
Оған
сократтық
бағыттаушысұрақтар қою керек. Яғни бағыттаушы сұрақтардың кӛмегімен студенттіңӛзін
ӛзі қойған сұрағының дұрысжауабына барынша жақындату қажет. Сонда сұхбаттың
соңында студент ӛзінің сұрағының мағынасын ӛзі біледі екенмін ғой деген сенімге