Кілт сӛздер:
математикалық талдау, ақпараттық технология, MathCAD, Maple,
графиктер.
Some possibilities of application of computer programs
when studying mathematical analysis
Annotation
The article discusses some of the possibilities of using information technology in
the study of the foundations of mathematical analysis in universities. The use of
mathematical software packages in the study of limits, graphs of functions, etc. is
clearly presented. In particular, the visualization of the convergence of a certain
numerical sequence is shown, as well as the construction of a graph of a certain
function in the MathCAD, Maple environment.
Keywords:
mathematical analysis, information technology, MathCAD, Maple
graphs.
Список использованной литературы:
1.
Анисимов В.В. Методические особенности применения пакета прикладных
программ в обучении математике и информатике: Автореф. дис. канд. пед. наук. М.,
1990,- 18 с.
https://www.labirint.ru/books/85160/
Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
241
ГРНТИ
14.29.29
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АУТИЗМЫ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЛПЫ БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
КӚРСЕТУ
СЕЙТМҦРАТОВ А.Ж.
физика және математика ғылымдарының докторы
ӘБДІҒАПБАРОВА А.Б.
педагогика ғылымдарының магистрі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,Қызылорда,Қазақстан.
Еліміздегі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайтын жалпы білім беретін мектептер санын
арттыру жоспарланды. Сондай-ақ ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға
әлеуметтенуге және қоғамға бейімделуге кӛмектесу үшін оларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеу үлгісі құрастырылуда. Соңғы статистикалық деректер бойынша, елімізде
мектепте немесе мектепке дейінгі білім алып жатқан 153 230 білім қажеттіліктері ерекше
бала бар. Олардың ішінде 61 мың бала инклюзивті білім берумен қамтылған.
Бүгінге дейін орта білім беру ұйымдарындағы балалардың 32%-ы инклюзивті
оқытумен қамтылған. Бұл мекемелерде арнайы жағдайлар жасалып, ерекше білім алу
қажеттілігі бар 25 985 бала (28%) дені сау қатарластарымен тең дәрежеде білім алуда.
2019 жылға дейін мектептердің 70%-ы инклюзивті білім беруге лайықталынуы кӛзделіп
отыр.
Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға
жайлы жағдай жасау үшін ұжымдағы психологиялық жағдай мен құрдастар мен
ересектердің игілікті қарым-қатынасы маңызды болып табылады. Тең құқықтық
ұстанымы мен білім алу мүмкіндіктері енгізудің әдіснамалық базасы болып табылады.
Бұл ретте біріктіру екі формада жүзеге асырылады: әлеуметтік ерекше білім алу
қажеттілігі бар баланың әлеуметтік қарым-қатынастар мен әрекеттестіктің ортақ жүйесіне
бейімделуін болжайды, ең алдымен ол ықпалдастырылатын білім беру ортасының
аясында педагогикалық (оқыту) – балалардың жалпы білім беретін бағдарламамен
анықталатын оқу материалын меңгеру қабілеттіліктерін қалыптастыру. Мектеп қызметтік
қағидалары Мектеп қоғамында оқушылар тең. Барлығы күні бойы білім алуға тең
мүмкіндіктер жасалған. Барлық оқушылар үшін маңызды әлеуметтік байланыс орнату
және оларды дамыту үшін тең мүмкіндіктер берілуі тиіс. Тиімді оқытуды жоспарлау және
ӛткізу. Педагогтер мен мамандар енгізу үдерісін, яғни құрдастар арасындағы әлеуметтік
ықпалдастықты жеңілдететін стратегиялар мен рәсімдерге машықтанды. Бағдарлама әр
оқушының сұранысын ескереді. Отбасы мектеп ӛміріне белсене араласады.
Жалпы білім беру жүйесіне аутизм балаларды инлюзивті білім беру үрдісіне
кіріктіру мәселесі балалардың эмоциялық және психологиялық дамуына ықпал етеді және
іске асады.
Аутизм балаларды қолдау мен сүйемелдеу деңгейі диагностикалық
белгілерінің және дамуындағы түрлі бұзылулардың ауырлығының негізінде кезектесу
қажет.
Аутизм балалардың сӛйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті,
сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады. Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда
алдымен бұзылымдарды негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып
табылады.
Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм
|