Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет273/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
256 
тиеді деп айта алмағанмен, С деңгейіндегі оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің 
жетелеуі қажет болады, бірақ жаңа сабақты игеруге қабілеті жоғары оқушыларға ол тиімді 
болды. 
Сабақ соңында оқушылардың оқу мақсатына қаншалықты жете алғандығын 
анықтау үшін жоспарланған Google Forms платформасында құрылған жетістік 
диаграммасын оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауда сәтті 
шықты. Себебі, кӛпшілік оқушылардың қолдану дағдылары туралы нақты ақпарат 
алынып, әрі қарай мұғалімге жұмыс жасауға негіз болды. Диаграмма нәтижесі бойынша 
сыныптағы 12 оқушының 10-ы трапецияның ауданының формуласын қорытып шығаруды 
толық меңгергені, 2-еуі жартылай меңгергені кӛрінді. Ал есептер шығаруда трапецияның 
ауданын формуланы қолдана алатын 8 оқушы болса, 2-еуі есептеулерде қателіктер 
жіберетіндігі және 2-еуі қиналатындығы кӛрініс тапты. Трапецияның ауданын табуда 
қиналатын оқушыларға трапецияның қажетті элементтерін анықтап алып, қажет болған 
жағдайда қосымша сызбалар жүргізу керектігі ұсынылды. 
Оқытуды қорытындылай келе, таңдап алынған ресурстардың барлық оқушылардың 
қабылдау деңгейіне лайықты етіп таңдауға назар аудару керек. Тӛңкерілген оқыту 
технологиясы бойынша үйде орындалатын тапсырмаларды қате орындаған кезінде 
түсіндірме парақшасы ашылатындай жағдай жасау қажет. Бұл сабақ барысында 
туындайтын кедергілерді жоюға және уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізеді. 
Тӛңкерілген оқыту технологиясы арқылы оқушылардың ӛздігінен жұмыс жасау 
дағдысын дамыту мақсатында үйге берілген тапсырмалар кӛмегімен оқушылардың білім 
жетістігін бағалау үшін qazmath.net сайты қолданылды. Бұл бағалау құралының 
артықшылығы – жабық типті сұрақтардан бӛлек ашық типті сұрақтар да, сонымен қатар, 
сәйкестендіру тесті, топтастыру, ретін ауыстыру, белсенді аймақ түрінде ұсынуға 
мүмкіндік береді. Бұл арқылы оқушылардың есеп шығару, қолдану және талдау, жинақтау 
дағдыларының қандай деңгейде екенін кӛруге мүмкіндік алғаным таңдалған бағалау 
жүйесінің сәтті тұсы болды. Оған дәлел – оқушылардың алған білімі туралы сандық 
ақпаратты алынғаны. Мәселен, сыныптағы 12 оқушының 6-уы 8 ұпайдан жоғары, 4-еуі 6 
ұпайдан жоғары нәтиже кӛрсеткен. Дегенмен бағалаудың барлық түрлеріне тән жалпы 
сипаттамаларына сүйенетін болсақ, мұнда мұғалім тарапынан қадағалау жүрмейді. 
Сондықтан алдағы уақытта оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, 
қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтауға септігін тигізетін бағалау 
жүйесі қажет болады деген шешімге келдім. 
Топтық жұмысты бағалау үшін қолданылған «Сыншыл дос» ӛзара бағалау 
стратегиясы ұтымды болды. Оқушылар критерийлер арқылы бағалау барысында бір- 
біріне қолдау кӛрсетуге, сын айтуына және қателерін мойындауға кӛмек берді. Сонымен 
қоса, бағалау кезінде тек таныстырушы ғана емес, сарапшы да осы тақырыпты толық 
түсінгендігі байқалды. Әсіресе, сарапшылардың трапецияның қажетті элементтерін 
табудың басқа да жолдарын ұсынғандығы сыншыл дос ретінде айтылған ерекше пікірі 
ғана емес, ӛзінің де ӛздігінен білім алу дағдысының жетілгендігінің кӛрінісі болды. 
Әсіресе, 2-топтың сарапшысының трапеция ауданын табуда тікбұрышты үшбұрыштармен 
ғана емес, оны параллелограмм және үшбұрышқа бӛлу арқылы анықтауға да 
болатындығын ұсынғаны «Сыншыл дос» бағалау стратегиясының сарапшының бойында 
талдау, жинақтау, бағалау дағдыларының дамытатындығының айқын кӛрінісі болды. 
Бағалауды қорытындылайтын болсам, топтық жұмысты бағалау кезіндегі 
«Сыншыл дос» стратегиясы тиімді болды, ал Google Forms платформасындағы бағалау 
тек сандық кӛрсеткіштермен ғана шектелді. Оны жетілдіру үшін оқушылардың 
жауабынан тапсырманың толық шешу жолын кӛре алатындай тапсырмалар дайындау 
керек екендігін ұқтым. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет