Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 257
Жоспарлау барысында тӛңкерілген оқыту технологиясы аясында оқушының ӛз
бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың
жаңа тақырыпты жан-жақты меңгеріп, терең талдау, жинақтау тіптен бағалау жасауына
мүмкіндік береді. Оқыту барысында таңдап алынған ресурстардың барлық оқушылардың
қабылдау деңгейіне лайықты етіп таңдалуы жұмыстың сапалы орындалуына жол ашады.
Топтық жұмысты бағалау кезіндегі «Сыншыл дос» стратегиясы сыни ойлай отырып,
сындарлы кері байланыс беруге үйретеді.
Сабақты зерттеу табысты болды деп айта аламын. Lesson Study әрбір оқушының
қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.[2] Осы пікірді басшылыққа ала отырып,
сабақ барысында кӛптеген оқушылардың қажеттіліктері назарға алынып, зерттеу
жүргізуде таңдалған әдіс-тәсілдердің тиімділігі байқалды. Сабақты зерттеу барысында
онлайн оқыту кезінде тӛңкерілген оқыту арқылы оқушылардың ӛз бетінше жұмыс жасау
дағдысын арттырып, жаңа сабақты терең меңгертуде уақытты тиімді пайдаланып, қолдану
дағдыларын дамытуда алдын ала дайындық үшін берілген ресурстарын жаңа сабақта
тереңдетіп меңгеруге мүмкіндік туғызып, күрделі есептерді шығаруда жоғары
дағдыларының дамуына септігін тигізетіне кӛз жеткіздім.
Зерттеу нәтижесінің сапасын бағалауда ӛзіме келешекте кәсіби дамуымды
жетілдіру үшін ұсынарым:
•
Lesson Study оқытудағы тиімді зерттеу тәсілі -оны әрі қарай жалғастыру;
•
оқушылардың ӛз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін тӛңкерілген
оқыту технологиясын үздіксіз түрде сабақта қолдануды іске асыру;
•
тиімді сындарлы кері байланыс беру дағдысын дамыту үшін «Сыншыл дос»
бағалау стратегиясын сабақта жүйелі түрде қолдануды іске асыру.
Зерттеу нәтижесінің сапасын бағалау негізінде әріптестеріме ұсынарым:
•
Lesson Study оқытудағы тиімді зерттеу тәсілі мұғалімдердің әдістемелік
шеберханасын байытуға үлесін қосады-оны үнемі пайдаланған тиімді;
•
Жаңа сабақты меңгертуде уақытты тиімді қолдану үшін және оқушы
дарындылығын онлайн оқытуда дамыту үшін қашықтан оқыту технологиясын ұтымды
қолдану;
•
Топтық
жұмысты
онлайн
форматында
жасағанда
Microsoft
Teams
платформасының каналдарын және Edpuzzle платформасының мүмкіндіктерін
пайдаланған тиімді.
•
«Сыншыл дос» бағалау стратегиясын сабақта қолданудың тиімділігі бар, себебі
ол сындарлы кері байланыс беруге мүмкіндік береді.
•
Google Forms платформасында жетістік диаграммасын оқушылармен бірге құру
тиімді.