Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының



Pdf көрінісі
бет404/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   527
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
382 
Дидактикада принциптер тәрбие мен білім беру мақсаттарына сәйкес оқыту 
заңдылықтарының 
қолданылу 
жолдарын 
сипаттайтын 
категориялар 
ретінде 
қарастырылады. Дидактикалық принциптер мұғалімдердің дәлелді іс-әрекеттерін реттеуші 
құрал болып табылады. Бір жағынан, олар алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс- 
әрекеттің бағытын кӛрсетеді; екінші жағынан шарттардың, әрекеттердің, нәтижелердің 
байланыстарын құрайды. 
Педагогикалық әдебиетте жалпы білім беру жүйесінің жұмысын айқындайтын ең 
жалпы принциптер кӛрсетіледі. Бұл ізгілендіру, демократияландыру, даралау, саралау, 
қолжетімділік, вариативтілік, белсенділік, ынтымақтастық, бейімделушілік және т.б. 
Жаңа педагогикалық парадигмаға сәйкес осы жалпы принциптерді ұстану кез 
келген оқу процесін жобалау кезінде міндетті болып табылады, оның ішінде сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесінің теориясы үшін де жалпы стратегиялық 
принциптермен қатар ӛзіндік ерекше принциптері де пайда болады. 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижелеріне сүйене отырып, 
жетекші идеяларды анықтап, балаларды сыныптан тыс жұмыстар аясында оқытудың 
принциптерін негіздедік. 
Адамның мәнін философтар адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы 
ретінде анықтайды. Бірақ жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудың материалдық 
және әлеуметтік алғы шарттары қоғамның барлық мүшелерінің жоғары әлеуметтік 
белсенділігі жағдайында ғана толық жүзеге асуы мүмкін, ал тұлғаның белсенділігі оның 
дамуының алғы шарты болып табылады. «Тұлғаны тәрбиелеу – оның ӛзін-ӛзі тәрбиелеуін 
ұтымды ұйымдастыру ғана» [2]. 
Нәтижелер/талқылау. 
Балаға балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық 
ынтымақтастық қарым-қатынастарының жетекші рӛлін, екі жақтың еңбегін ӛзара 
құрметтейтін ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың нысандары мен құралдарын таңдауға барынша 
еркіндік беру идеясы болып табылады. 
Оқуға, танымға, шығармашылыққа деген оң кӛзқарасты қалыптастыру адамның 
одан әрі үздіксіз ӛзін-ӛзі тәрбиелеуінің негізгі шарты болып табылады. «Біз ӛз ӛмірін 
жасай алатын және ұйымдастыра алатын ұрпақты тәрбиелеуіміз керек» (7). 
Адамның кез келген бір қасиетін дамытуға бағытталған тәрбие жұмысы оның 
үйлесімді дамуын қамтамасыз етпейтіні педагогикада дәлелденген. Ол үшін бала ӛзін 
біртұтас тұлға ретінде кӛрсетуі үшін жан-жақты іс-әрекеттерді ұйымдастыру қажет. 
Шәкірттерге қатысты ұстаздың ӛз іс-әрекетінің ӛлшемі болуы керектігін ӛткен заманның 
ұстаздары да, мәселен, К.Д.Ушинский де, және т.б. айтақан болатын Кез келген қызмет 
саласында мұғалім оқушыға іс-әрекет бағытын ӛз бетінше таңдауға мүмкіндік беріп, оның 
орындалуына жауапкершілікпен қарауы керек. 
Енді сабақтан тыс жұмыс шеңберінде оқытуды ұйымдастыру принциптерін 
тұжырымдап кӛрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет