Локалды желі (Local Area NetWorks, LAN) – бір мекеме немесе арнайы бір территория ішіндегі бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықтағы сандық ақпаратты алу каналы бар желі. Локалды желідегі компьютерлер үшін біртекті хаттамалар пайдаланылады. Ең көп тараған локалды желілер – Ethernet және Token Ring. Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желілік техникалық кұралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспет қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элемшттерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
Желілік техникалық кұралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөлітерден тұрады:
1.Аппараттық құралдар:
- кабельдер;
- серверлер;
- желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);
- концапраторлар;
- коммутаторлар;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру серверлері;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.