СӨЖ-ді орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.
1. Ұсынылған және өз бетінше тапқан әдебиет көздерінен ақпараттық сараптамалық топтамасын жасау.
2. Материалды баяндау немесе жазу логикасын бейнелейтін толық жоспар құру.
3. Қойылған сұрақтарға дәйектеме болатындай отандық және шетелдік тәжірибеден материал жинақтау, жүйелеу.
4. Материалды жоспарға сәйкес сауатты түрде жазу немесе баяндау.
ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар:
ОСӨЖ студенттерге СӨЖ- ді орындау жөнінде кеңес беру және олардың білімін, атқарған жұмыстарын бақылау, бағалау жүзеге асырылатын сабақтың түрі. Жүргізілу уақыты және аудиториясы оқу кестесіне сәйкес.
ОСӨЖ де студенттер тапсырманы орындау реті, талаптары,жинақтаған материалдары, әдебиет көздері, ақпараттың сараптамалық топтамасын жасау, жұмыстың жоспарын құру, материалды жүйелеу бойынша оқытушымен кеңесе алады. Сондай- ақ СӨЖ жұмыстары бақыланады. СӨЖ -ді бақылау шағын топ немесе конференция әдісінде жүргізіледі.
№1СӨЖ .Негізгі түсініктер: түйіндер желілер, кабельдік сегмент, желілік сегмент, логикалық желі, қабықша, активтік және пассивтік коммутациялық құрылғылара.Стандарттар шығарулары . Ашық жүйелердегі ұйымдастырудың базалық үлгісі
Жұмыстың мақсаты: Негізгі түсініктер: түйіндер желілер, кабельдік сегмент, желілік сегмент, логикалық желі, қабықша, активтік және пассивтік коммутациялық құрылғыларымен танысу
Жұмысқа нұсқау: Бұл тақырыптарға арналған материалды әдебиеттер тізімінде көрсетілген көптеген оқулықтардың алғы сөздерінде және де журналдар мақалаларында табуға болады. Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің аппаратурасы мен қосымшалары (және пайдаланушылары) арасындағы интерфейс ретінде болатын бағдарламалық қамтама бөлігі.
ОЖ екі негізгі функцияны орындайды:
Пайдаланушы-бағдарламалаушыға компьютердің нақты аппаратурасының орнына жұмыс істеуге ыңғайлы болатын кеңейтілген виртуальді машинаны ұсынады. Виртуальді машина – бұл пайдаланушы үшін берілген конфигурацияны нақты бар компьютердің бағдарламалық және аппараттық құралдарымен модельдейтін есептеуіш жүйесі. ОЖ аппараттық машинаны виртуальді машинаға түрлендіретін бағдарламалық қамтама қабаты болып табылады. Виртуальді машина конфигурациясының нақты машина конфигурациясынан айтарлықтай ерекшелігі болуы мүмкін.
Компьютердің ресурстарын рационалды түде басқару есебінен оны пайдалану тиімділігін арттырады.
ОЖ ресурстарын екі топқа бөлуге болады (1.1-сурет):
бағдарламалық ресурстар (процестер, виртуальді адрестік кеңістік, енгізу-шығару ішкіжүйесі);
аппараттық ресурстар (процессорлар, жады, құрылғылар).
Сурет 1.1 – Ресурстар классификациясы
Әрбір аппараттық ресурсқа онымен тығыз байланысқан қандай да бір бағдарламалық ресурс (мысалы, процессор мен процесс) сәйкес келетінінен назар аударайық.
Бейнелеп айтқанда, ОЖ-нің негізгі функциясын сиқырлаушылық деп есептеуге болады – жүйенің нақты бейнесінен жоғарылау күйге түрленуі. Мысалы, операциялық жүйе бір процессорда бірнеше бағдарламаны бірмезгілде орындау иллюзиясын жасай алады. Нәтижесінде пайдаланушы виртаульді машинаны нақты бар машинадан архитектурасы өте жоғары компьютер ретінде қабылдайды.
Операциялық жүйелердің даму бағыттары.
ОЖ-лердің төменде келтірілген тарихи буындарын атап көрсету қабылданған:
Нөлдік буын. Алғашқы компьютерлерде ОЖ-лер болмаған. Бұл алғашқы компьютерлердің пайда болуынан бастап ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасына дейінгі период.
Бірінші буын. Пакеттік өғдеу, мультибағдарламалық ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды.
Екінші буын. Көпрежимді ОЖ-лер, нақты уақыт ОЖ-лері. ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болды.
Үшінші буын. Дербес компьютерлерге арналған ОЖ-лер, желілік ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында пайда болды
Төртінші буын. Үлестірілген ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында пайда болды
Достарыңызбен бөлісу: |