СӨЖ-ді орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. 1. Ұсынылған және өз бетінше тапқан әдебиет көздерінен ақпараттық сараптамалық топтамасын жасау.
2. Материалды баяндау немесе жазу логикасын бейнелейтін толық жоспар құру.
3. Қойылған сұрақтарға дәйектеме болатындай отандық және шетелдік тәжірибеден материал жинақтау, жүйелеу.
4. Материалды жоспарға сәйкес сауатты түрде жазу немесе баяндау.
ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар: ОСӨЖ студенттерге СӨЖ- ді орындау жөнінде кеңес беру және олардың білімін, атқарған жұмыстарын бақылау, бағалау жүзеге асырылатын сабақтың түрі. Жүргізілу уақыты және аудиториясы оқу кестесіне сәйкес.
ОСӨЖ де студенттер тапсырманы орындау реті, талаптары,жинақтаған материалдары, әдебиет көздері, ақпараттың сараптамалық топтамасын жасау, жұмыстың жоспарын құру, материалды жүйелеу бойынша оқытушымен кеңесе алады. Сондай- ақ СӨЖ жұмыстары бақыланады. СӨЖ -ді бақылау шағын топ немесе конференция әдісінде жүргізіледі.
Оқу жоспарына сәйкес «Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар» пәнін оқып-үйренген кезде білім алушылар осы пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын (БАӨЖ) орындауға міндетті.
Жоғары оқу орнында біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда студенттің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. «Операциялық жүйелер, орталар және қабықшалар» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы осы пәнді тереңдете, егжей-тегжейлі оқып-үйрену, студенттерді оқу, ғылыми-техникалық, әдістемелік әдебиетпен, дәрістік конспектілерімен шығармашылық, өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру мақсатымен жүргізіледі.
Өзіндік жұмыстарын орындау үшін студенттер дәріс сабағын, үйге берілген тапсырмалар материалын жақсы меңгеруі және әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.
Студенттердің өзіндік жұмысы негізгі мазмұны дәрістерде берілетін теориялық курстың тиісті бөлімдерін білген кезде ғана тиімді болады. Сондықтан теориялық материалдарды оқып-үйренуге ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Дәріс материалдарын оқып-үйренуі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын тексеруді әдетте лектор жүргізеді. Лектор студенттен дәріс конспектісін талап етуі, дәріс материалдары қаншалықты дәл жазылғандығын, оқулықтармен жұмыс істеуін, ұсынылған әдебиеттен дәріс конспектілерінің толықтырылуын тексеруі мүмкін.
Лектор пәннің белгілі бір бөлімдері бойынша коллоквиум өткізуі мүмкін. Пәннің сипатына байланысты семестр бойында екі коллоквиум белгіленеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын орындауы үшін семестр басында СӨЖ бойынша кеңес беру және студенттердің білімін бақылау кестелері жасалады. Студенттердің білімін бақылау кестесінде СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері көрсетіледі.Әдістемелік нұсқау 4 СӨЖ-ден және 30 ОСӨЖ-ден тұрады.