2.Тапсырмалар 1. Операциялық жүйелер,желілік түйіндер,
2.Стандарттар көздері.
3. Ашық жүйелердегі негізгі ұйымдастыру моделі.
4.Физикалық, арналық, желілік, көліктік, сеанстық және қолданбалы деңгейлердің негізгі функциялары.
5. Есептеу жүйелері эволюциясының тарихы.
6.Операциялық жүйелердің негіздері
7. Жергілікті және ғаламдық желілердің ерекшеліктері
8.Компьютерлік желілерді құру негіздері.
9. Қабықшалар түсінігі.
10. Операциялық жүйелердің интерфейстері.
11. Байланыс жүйесі.
12.Standard коммутация хаттамасының стекі
13. Кабельдік сегмент,желілік сегмент
14. Орталықтандырылған архитектурадағы процестерді коммуникациялау және синхронизациялау
15. Логикалық желі, бұлт
16. Белсенді және пассивті коммутациялық құрылғылар.
17. Операциялық жүйелердің даму бағыттары
18. Операциялық жүйелердің даму тенденциялары
19. Операциялық жүйенің ресурстары
20. ОЖ-нің атқаратын негізгі функциялары
21. Инсталляция және ОЖ конфигурациясы
22. Арнай міндетті және әмбебап операциялық жүйелер
23. Нақты уақыттың ОЖ
24. Мультипрограммалау. Уақыт бөлу режимдері.
25. Процестер және басқару ағымдары. Процесс ұғымы.
3.СӨЖ№1 бойынша есептің мазмұны 1. СӨЖ тапсырмасы.
2. Эссе /баяндама дайындау.
3. Қорытындылар.
4. Диск.
4. Әдебиеттер (ӘН соңында).
№2 СӨЖ Физикалық,каналдық,желілік,транспорттық,сеанстық және қолданбалы деңгейдегі негізгі функциялар Есептеуіш техниканың қысқаша даму тарихы.
Жұмыстың мақсаты: Физикалық,каналдық,желілік,транспорттық,сеанстық және қолданбалы деңгейдегі негізгі функцияларымен танысу.
Жұмысқа нұсқау:Осы тақырыпта аталған негізгі функциялармен танысу. Операциялық жүйенің негізгі функциясы Бейнелеп айтқанда, ОЖ-нің негізгі функциясын сиқырлаушылық деп есептеуге болады – жүйенің нақты бейнесінен жоғарылау күйге түрленуі. Мысалы, операциялық жүйе бір процессорда бірнеше бағдарламаны бірмезгілде орындау иллюзиясын жасай алады. Нәтижесінде пайдаланушы виртаульді машинаны нақты бар машинадан архитектурасы өте жоғары компьютер ретінде қабылдайды.
Ресурстарды басқару алгоритмдерінің ерекшеліктері бойынша ОЖ жіктеуінің төмендегідей аспектілері бар:
1. Көпесептілікті қолдау
Көпесепті операциялық жүйелер қосымша түрде бірлесіп пайдаланатын ресурстарды бөлуді басқарады. Бірінші кезекте олар бірмезгілде бірнеше есепті бір процессорда орындау мүмкіндігін береді.
2. Көппайдаланушылық режимді қолдау
Бірпайдаланушылық ОЖ-лер бір пайдаланушының ақпараттарын басқа пайдаланушының санкцияланбаған қол жеткізуінен қорғау құралдарын ұсынбайды. Мұндай жүйелер ресурстарды бөлу мүмкіндіктерін ұсынбайды.
Көппайдаланушылық ОЖ-лерде ақпаратты қорғау құралдары бар.
3. Көпағындықты қолдау. Көпағындық ОЖ-лер процессорлық уақытты тек процессорлар арасында ғана емес, сонымен қатар процестердің жеке бұтақтары – ағындар арасында да бөлу мүмкіндігін береді.
4. Көппроцессорлы өңдеуді қолдау. Көппроцессорлы ОЖ-лер бірнеше процессорлармен жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынатын ресурстарды басқарудың күрделі алгоритмдерін реализациялайды
Аппараттық құралдар спецификасы ОЖ спецификасында бейнеленеді. Бұл классификациядағы компьютерлердің әрбір типінің ОЖ-лер қасиетіне тікелей әсер ететін белгілі бір қасиеттері бар.
Дәл қазір төмендегідей ОЖ-лер тобы айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр:
қуатты серверлер үшін ОЖ-лер;
жұмыс станциялары және дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер;
қалта компьютерлері үшін ОЖ-лер. Пайдалану облыстарының ерекшеліктеріне қарай көпесепті ОЖ-лер үш типке бөлінеді:
1. Пакеттік өңдеу операциялық жүйелері. Олар есептер пакетімен жұмыс жасайды, және процессордың бір есептен екіншісіне ауысуы тек белсенді есептің өзі процесордан бас тартқан жағдайда ғана орындалады.
2. Уақытты бөлу операциялық жүйелері. Мұндай жүйелер әрбір есепке процессорлық уақыттың қандай да бір квантын ұсынады. Бұл жерде осы операциялық жүйелерді диалогтық ретінде пайдалануға мүмкіндік беретіндей бағдарламаның жауап беру уақыты қабылдауға болатындай жеткілікті болады.
3. Нақты уақыт операциялық жүйелері. Олар қандай да бір технологиялық объекттер мен процестерді басқару үшін қолданылады. Оларда бағдарлама жауап беруге жететіндей шектелген уақыт болады.
Көптеген қазіргі заманғы операциялық жүйелер өзінде әртүрлі типтегі жүйелердің қасиеттерін үйлестіре алды. Мысалы, есептің бір бөлігі уақытты бөлу режимінде, ал бір бөлігі нақты уақыт режимінде орындалады.