Қушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы


 Оқушылардың ас қорыту жүйесінің анатомиясы



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата06.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#113267
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
16d00f73201d940052140be0d417d975

8.10 Оқушылардың ас қорыту жүйесінің анатомиясы, 
физиологиясы. 
Оқушылардың 
асқазан-ішек 
ауруларының гигиенасы. 
Дәріс тезистері 
 
Адам ӛз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану 
арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. 
Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, 
соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм ӛзіне 
тән бейімделген заттарды құрады.
Химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – 
ферменттер-арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі 
дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ 
қорытылмай, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір 
орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды бӛледі. 
Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді. Әрбір фермент тек 
ӛзіне тән жұмысты ғана орындайды, бір ферментті 
екіншісімен алмастыруға болмайды. 
Ауызға түсіп, одан әрі ас қорыту жүйесінің бӛлімдерінен 
ӛтетін тағам күрделі физикалық-химиялық ӛзгерістерге ұшырай-
ды. Физикалық және химиялық ӛңдеулердің нәтижесшде нәрлі 
заттар анағұрлым қарапайым заттарға бӛлшектенеді де, қанға 
сіңеді.
Мектеп жасындағы балалардың асқорыту жүйесі атқаратьшн 
қызметі жағынан ғана емес, мӛлшері және қуыстарының кӛлемі 
жағынан да айырмашылығы бар. 
Ауыз қуысы, ӛңеш, қарынның атқаратын қызметі 
Ауыз қуысы.
Ауыз қуысы – бұл ас қорыту жолының басты 
бӛлігі. Тістер – ас қорыту жүйесінің ең басты элементтерінің бірі. 


62 
Жас балада ол, әдетте, 6-7 айлығында шыға бастайды. Бұл – сүт 
тістер. 13-14 жасқа қарай олар тұрақты тістермен алмасады. 20-22 
жастан бастап кейде одан да ерте үлкен азу тістер мен ақыл 
тістері шығады. Олардың саны тӛртеу болады, бұлар ӛте осал 
келеді және шайнау іс-әрекетіне қатыспайды. 
Тістермен шайнау қызметін атқаратын бұлшықеттер асты 
майдалайды. Ӛйткені онсыз тағамның қорытылуы мүмкін емес. 
Одан ӛзге олар бет-пішінге әр береді және сӛз айтуда, ән салуда 
белгілі бір рӛл атқарады. 
Ауыз қуысының тазалығы бірнеше ережелерді мұқият орын-
дауға байланысты. Тамақтанып болған соң астың қалдықтарын 
және содан пайда болатын жұқпалардың дамуын азайту үшін 
ауызды, тісті қайнаған сумен шаю керек.
Ауыз қуысында микробтар ӛсіп-ӛнетін ортаны азайту үшін 
түнге қарай тісті тазалап, ал таңертең ауызды жылы сумен шаю 
ұсынылады.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің 
ӛзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. 
Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ 
бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бӛліп шығарады. 
Сілекейдің құрамы мен мӛлшері астың құрамындағы 
заттарға байланысты. Сілекейдің құрамында кӛмірсуын 
қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер 
бойынша, оның негізгі ферменті сілекей 
амилазасы
крахмал 
мен гликргенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас ӛте аз 
уақытта болады, сондықтан химиялық әсер тамақты 
қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН – 
реакциясы 
сілтілі 
реакция 
болғандықтан, 
ас 
қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер 
етеді. Сілекейдің құрамындағы 
муциннің 
маңызы күшті, 
ӛйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас 
түйіршіктерін ауыз қуысынан ӛнешке, одан қарынға ӛтуіне 
ыңғайлы етеді. 
Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның 
құрамындағы 
лизоцим
ферменті аспен бірге енген зиянды 


63 
микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) 
ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды. 
Сӛл құрамында белокты ыдыратытын 
пепсин
, сүт 
казеинін ұйытатын 
химозин
(мәйек), майды қорытатын 
липаза
ферменттері болады. 
Ӛңеш.
Ӛңештің қабырға жақтауы ас қорыту жүйесінің басқа 
бӛлімдеріндегі сияқты үш қабаттан тұрады: ішкі – кілегейлі 
қабықша, ортаңғы – бұлшықет қабықшасы және сыртқы – сірі 
қабық немесе байланыстырушы ұлпа, іш пердесі. 
Балалар ӛңештің кілегейлі қабықшасында қан тамырлары 
мол болады, олар нәзік әрі тез зақымданғыш келеді. Балалар 
ӛңешінің қабырға жақтауларының бездері мен жылтыр ұлпа 
толық жетілмеген болып келеді әрі кілегейді аз бӛледі. Бұл 
тӛменгі және ортаңғы сынып оқушыларының асқазанындағы 
қорытылмаған астың қозғалысын қиындатады.
Қарын.
Қабылданған тамаққа орай қарыи ӛзінің формасын 
ӛзгертіп отырады. Ас қорыту сӛлі бӛлімі мен қарын 1300-1400 г, 
ал 25 жастағыда – 1500-1600 г. Бірақ 8 жасар баланың бауырының 
пішіні жағынан ересектің бауырынан айырмашылыгы болмайды. 
Бауыр 
ӛт
жасап, оны бӛліп отырады, сондай-ақ қанмен 
келетін улы заттарды залалсыздандырады. Бұл оның кедергілік 
қызметі деп аталынады. Бұдан ӛзге ол кӛміртек, май, ақуыз 
алмасуларына қатысады. Қанға кӛп мӛлшерде енетін глюкозадан 
(0,1% жоғары) бауырда, қанда қант жетпеген жағдайда 
пайдаланылатын гликоген түзіледі. 
Ӛт – бұл қоңырқай сары түсті сұйық зат, құрамында су, ет 
қышқылы, ӛт пигменттері – билирубин және биливердин болады. 
Бір жағынан ол ойдағыдай ас қорытуға қажетті заттарды құрайды, 
екінші жағынан – ол зат алмасу ӛнімдерінен тұрады. Демек, ӛт – 
бұл әрі секрет, әрі экскрет (сыртқы ортаға шығарылатын ӛнім). 
Ӛт қарын асты бездері мен ішек бездерінің ферменттерінің 
белсенділігін арттырады. Сондай-ақ майларда эмульгациялап, 
олардың бӛлшектеріне және сіңуіне жағдай жасайды. Ол ішектің 
керіліп-жиырылуын күшейтеді, микробтардың кӛбейіп кетуін 
және олардың қорытылмаған ас қалдықтарын шірітуге қатысуын 
тежейді. 


64 
Қарын асты безі.
6 жасар баланың қарын асты безінің ересек 
кісінің қарын асты безінен тек кӛлемі жағынан ғана айыр-
машылығы бар. 
Қарын асты безінің ас қорыту сӛлі мынадай ферменттерден 
тұрады: трипсин – ақуыздарға әсер етеді, липаза – майларды 
бӛлшектейді, амилаза – крахмалды дисахаридтерге айналдырады, 
мальтаза – мальтаза дисахаридің глюкоза моносахаридіне 
айналдырады, лактаза сүттегі қантын моносахаридтерге бӛл-
шектейді, нүклеаза – нуклеин қышқылдарын бәлшектейді. Бұл 
кезде ақуыздарды амин қышқылдарына бӛлшектейтін трипсиннің 
әрекеті ішек сӛлінде болатын энтерокиназа арқылы күшейтіледі, 
ал майда глицерин мен жоғары май қышқылдарына бӛлшектейтін 
липазаның әрекеті ӛз қышқылы арқылы белсенді бола түседі.
Ұйқы безі балаларда 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның 
кӛрсеткіштері физикалық кӛрсеткіштері 11-13 жаста, ал 
қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай ӛсу 
және даму қарқындары бауырда да байқалады. 
Қарын сӛлінің ӛндірілуінде 3 кезең байқалады: 
күрделі 
рефлекторлы, қарындық және ішектік.
Бірінші кезең, яғни 
күрделі рефлекторлы кезең ас қарынға түсер алдындағы 
шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде 
пайда болады. Екінші қарындық кезең ас қоймалжыңының 
түйірлері мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын 
қабырғасын механикалық тітіркендіруіне байланысты 
туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет