67
адамға ғана теңеседі. Бала кезінде ассимиляция басым болса,
қартайғанда, керсінше дисимиляция басым болады. Бұл
заңдылық
түрлі
ауруларға,
сыртқы
ортаның
қауырт
жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.
Адам организмдегі клеткалардың құрамында кӛптеген
химиялық заттар бар. Олар
органикалық
және
бейорганикалық
болып екі топқа бӛлінеді. Органикалық заттарға: белок, май,
кӛмірсу,
гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық
заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Ден саулығы бар
ересек, 70 кг
салмағы бар, адамның организмде шамамен 40-45 л
су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг кӛмірсу
болады. Бірақ дененің химиялық
құрамы біркелкі тұрақты
болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеумен
ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада
қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті
―құрылыс материялдары‖ денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.
Әр адам ӛмір бойы ӛзінің
салмағының анағұрлым артық
белоктар, майлар, кӛмірсу, тұздар мен суды қабылдайды.
Мысалы, 65-70 жас ӛмір сүрген кісі шамамен 50 т су ішетін
кӛрінеді, ал жейтін белогы 2,5 т, майлары 2 т, кӛмірсулары 10 т,
200-300 кг ас тұзын жейді екен.
Достарыңызбен бөлісу: