7-бөлім. АДАМЗАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
7.1 ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
Сабақтың тақырыбы
|
§126. Жаһандық мәселелердің географиялық аспектілері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)
|
10.7.1.1 Адамзаттың дамуындағы мәселелерін топтастыру
10.7.1.2 Жаһандық мәселелерді анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Адамзат дамуындағы жаһандық мәселелердің өлшемдерін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: Жаһандық мәселелердің себептері мен салдарын анықтап, топтастырады.
Кейбір оқушылар: Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісіне баға береді.
|
Бағалау өлшемдері
|
- Адамзат дамуындағы жаһандық мәселелердің өлшемдерін анықтайды;
- Жаһандық мәселелердің себептері мен салдарын анықтап, топтайды;
- Жаһандық мәселелердің аймақтық көрінісіне баға береді.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: оқығаны бойынша тезистер құру
Жазу дағдысы: «Ғаламшардың орман жамылғысы» деген кестені толтыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау, афоризмдердің мағынасына пікір айту
Негізгі тірек сөздер тізбегі: заманауи жаһандық мәселелер
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экологиялық бағытындағы тәрбие (қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді қолдануға).
Ынтымақтастыққа баулу (оппоненттердің пікірін тыңдау және қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы).
|
|