Берілген әдістеме бойынша жүргізілген тәжірибелерде (ағылшын тілі материалы
негізінде) сыналушылар шылаулар, есімдіктер, көмекші етістіктер түсірілген жеңіл түрде
зақымданған сөйлемдерді оңай қалпына келтіреді. Ал, зат есім, етістік және үстеулер
түсірілген сөйлемдерді қалпына келтіру қиынға соғатыны анықталған.
Жүргізілген тәжірибелер сынаққа қатысушылардың жас ерекшелігі олардың
зақымданған сөйлемдерді қалпына келтіруіне әсер ететінін көрсетті. Егде жастағы адамдар
қиын сөйлемдерді тез қалпына келтіретіні, ал жастар мәнмәтіннен тыс тұрған фонетикалық
тұрғыда өзгеріске ұшыраған жекелеген сөздерді қиындықсыз қалпына келтіретіні
анықталды. Егде жастағылар адамдар үшін ақпаратты қабылдау үшін мәнмәтіннің болуы
маңызды болып шыққан.
Ч. Осгуд деформацияланған сөйлемнің қалпына келтірілуі адресаттың ақпарат
жеткізілген тілді меңгеру дәрежесіне байланысты деп пайымдайды. Егер, адресат
адресанттың хабарламаны жіберген тілін меңгерген болса, ол мәтінді оңай түсініп, бос
орындарға қажетті сөзді қойып, сөйлемді қиындықсыз қалпына келтіре алады. Адресат
хабарлама тілін меңгермеген болса немесе жеткізіліксіз меңгерген болса, ол еш өзгеріске
ұшырамаған, зақымданбаған ақпараттың өзін де қабылдай алмайды.
Жалпы
алғанда,
сөйлеуді
қабылдау
үдерісінің
тиімділігін
білу
үшін
психолингвистикалық тәжірибелерде сыналушыларға мәтіннің мағынасы туралы сұрақтарға
жауап беру бойынша тапсырма беруге болады немесе олардан зақымданған мәтінді қалпына
келтіруді сұрауға болады. Екі жағдайда да дұрыс жауаптардың саны шамамен бірдей
болатынын зерттеу нәтижелері көрсеткен [3, 309].
Лингводидактика,
мәдениетаралық
қарым-қатынас,
әлеуметтік
лингвистика,
психолингвистика салаларында қолданылатын әдістердің бірі қателерді талдау әдісі болып
табылады. Сөйлеудегі қандай да болмасын қателер әрдайым тілші ғалымдардың назарында
болған. Л.В. Щерба сөйлеудегі қателерді зерттеу мәселесі тіл білімі үшін аса маңызды,
дегенмен әлі күнге дейін бұл мәселе лингвистер тарапынан жеткілікті бағаланбай тұр деп
есептеген.
Ішкі лингвистика шеңберінде қателерді талдау әдісі салғастырмалы және контрастивті
әдістермен қатар интерференцияны зерттеу мақсатында қолданылады. Егер, салғастырмалы
әдістің көмегімен интерференцияның пайда болу себептері зерттелсе, қателерді талдау
әдісінің
көмегімен
билингвтердің
екінші
немесе
шет
тілінде
сөйлеуіндегі
ауытқушылықтарды жинақтап, жіктеуге болады. Қателерді талдау әдісі интерференция
салдарынан туындайтын шет тілдік акцентті, кодификацияланған нормадан ауытқу
жағдайларын, бірінші немесе ана тілінің екінші немесе шет тіліне әсерін зерттеуге мүмкіндік
береді. Аталған әдістеме интерференцияның шығу тегін анықтап, оны жою бойынша
ұсыныстар жасауды көздейді.
Қателерді талдау әдісі екінші немесе шет тілін «target language» ретінде, яғни мақсатты
түрде меңгерушілер сөйлеуіндегі қателерді талдауда қолданылатыны мәлім. Талдаудың
нәтижесінде зерттеушілер немесе тілді үйретуші оқытушылар тілді үйретуді оңтайландыру,
қателерді жою бойынша өз ұсыныстарын береді. Аталған әдіске жүгінуде оның жүзеге
асырылу алгоритмі мен қателерді анықтаудағы тиімділігі ескеріледі. Қателерді талдау
барысында келесі операциялар орындалады: сөйленістерді жинақтау, олардан қателерді табу,
қателерді сипаттау, шығу тегі бойынша қателерді жіктеу, олардың маңыздылығын анықтау.
Қателерді талдау әдісі ана тілінің әсерінен туындайтын тіларалық және ана тілінің ықпалына
тәуелсіз, оқытылатын тілдің құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты қателердің
болатынын көрсетеді [
4, 495
].
Достарыңызбен бөлісу: