Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


Саурықов Е.Б., Мырзабеков Ж.Е. (Тараз, Қазақстан)



Pdf көрінісі
бет195/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   238
Саурықов Е.Б., Мырзабеков Ж.Е. (Тараз, Қазақстан) 
 
БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ 
М.Х. ДУЛАТИ МҰРАСЫ 
 
Түйіндеме: 
Мақала тәуелсіз мемлекеттің қоғамдық-мәдени, рухани жаңаша ойлау 
кеңістігіндегі Дулати сынды ұлы тұлға көзқарастарының өзекті сипаты мен рухани-әлеуметтік 
мәселелерді шешудегі маңызын, рухани-адамгершілік тәрбиелеудің философиялық мазмұнын ашуға, 
М.Х.Дулати шығармашылығының рөлін анықтауға құрылған. Болашақ ұрпақтарымыздың бойына 
кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін тәрбиенің бастау көзі ретінде «Тарихи 
Рашида» еңбегін дәріптеу қажет. Бүгінгі күрделі діни ахуалға байланысты имандылық сипатындағы 
ойларының да ғылыми маңызы терең. 


Summary: The article discussed the creative role played by M.Kh.Dulati, philosophical importance of 
solving spiritual-social issues of indefent state, philosophical content of spiritual-moral upbringing. The 
ideas reflect creative and spiritual valvueless importance of M.Kh.Dulati's work «Tarihi Rashidi» for the 
present day Kazakh and Turkic cultures and generations to come. The author of the article calls to collect and 
thoroughly study the work in today's complicated religious situation is not to be underestimated. 
Бүгінгі түркілік дүниетаным басқа өркениеттер секілді жаһандану үрдісін қабылдауда. 
Жаһанданудың үлкен толқыны ең алдымен өркениеттік құндылықтарымызға қауіп 
төндіруде. Осы тұрғыда, әйгілі үнді тұлғасы Махатма Гандидің «Мен өз үйімнің өте әдемі, 
әсем болғанын қаламаймын, керісінше, мүмкіндігінше түрлі халықтардың мәдениеттері есіп 
тұрса деп ойлаймын. Бірақ, ешбір мәдениеттің ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізге 
нұқсан келтіруіне жол бермеймін» - деген сөзінің мәні артып отыр.
Әрбір халықтың ұлттық танымы мен рухани болмысы тарих беттерінде өзіндік ойлы 
көзқарастарымен дараланып, ойлау жүйесінде дербес қолтаңбасын қалдырған ұлы ғұламалар 
есімімен тығыз байланысты. Дегенмен, ұзақ жылдар еңсемізді езген бодандық пен 
отаршылдық түрліше рухани күйзелістерге алып келді. Дегенмен, армандаған азаттық таңы 
атып, еңсемізді тіктеп, жоғалтқанымызды түгендеп, асылдарымызға жоқтау салып, ұлттық 
мұраттарға қадам бастық. Ұлт тарихында ғана емес, адамзат тарихында жалпы рухани 
байлықтың қайнар көзі саналатын асыл мұраларымызға да ерекше көзқараспен қарап, терең 
түсінуге тырысудамыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Біздің ұлттық мәдениетімізде 
де жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттылық жасау, үлкенді сыйлау, жасқа 
қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауызбіршілігін сақтау-бәрі-бәрі де бар.
Ендеше сол ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер 
ұрпаққа аманаттау-“Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс» [1,49 б] -
екендігіне ерекше назар аударып, «Егер мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді 
ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларынан түсінгеніміз 
жөн» [2,320 б] – деп, орынды атап өтіп, рухани мұраларымызды жаңарту үшін, оны жаңа 
көзқараспен толықтыру керектігін айтып өтеді. 
Бұл тұрғыда мәдениетіміз бен тарихымыз үшін ең бір құнарлы еңбектің бірегейі - 
халқымыздың тұңғыш тарихшысы атанған М.Х. Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, М.Х.Дулати шығармашылығы да іргелі зерттеулер 
нысанына айналып, ең бастысы ұлттық руханиятымыздағы, құндылықтарымызды келешек 
ұрпаққа аманат етудегі рөлі арта түсті. Жалпы кісілік құндылық болып табылатын: 
салауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, парыз, халқын сүю, 
елін қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, ата текті қадірлеп қастерлеу, адамзаттық 
адамгершілікті қасиеттерді ардақтау, ерлік ұғымдары тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің 
көрсеткіші деп санасақ, осынау ізгі қасиеттерге баулуда М.Х. Дулати шығармаларынан алар 
тәлім тәрбие мол. Осы тұста белгілі ғалым Қ. Менлибаев өзінің «Патриотизм және 
ұлтаралық қатынас мәдениеті» атты мақаласында былай дейді: «Ерлік пен елдік, 
Отаншылдық пен сүйіспеншілік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық – бәрі 
де Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларынан орын алған, осының өзі – болашақ 
ұрпақтарымыздың бойына кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін тәрбиенің 
бастау көзі. Жақсылық, әділеттілік, достық, махаббат сияқты әмбебапты кісілік қасиеттермен 
қатар, М.Х. Дулати шығармаларында мұсылмандық, имандылық, сауаптылық, тәубешілдік, 
рақымдылық және т.б. құндылықтар жайлы айтылады» [3, 8 б.] 
Дулати дүниетанымының кеңдігі ойшылдың өмір жайлы, адамның өмірдегі орны, 
қоғам дамуының даму ерекшелігін терең түйсінуге деген талпыныстарынан бастау алады. 
Шындығында М.Дулати көзқарасы, арман-мұраты мен қоғамдық-саяси, рухани мақсаты 
халық мәдениетінен нәр алады да, философиялық адамгершілік пен ізгілікке айрықша мән 
беретін Шығыс мәдениеті арқылы толықтырылды. Ең бастысы, Дулати дүниетанымы қос 
мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтары негізінде қалыптасып, адамдармен тығыз 
қарым-қатынаста болуымен және өмір теперішін көп көруімен ұшталып, кемелденді. Осы 


арқылы өзгенің өмірін толық түсініп, өзінің рухани ішкі «Менін» қалыптастыра алды. Халық 
тағдырын өз тағдырындай қарап, қоғамдық-саяси өмірге бей-жай қарай алмаған
Әрбір дәуірде болмасын адам тәрбиелеу, әсіресе, жас ұрпақтың бойында ұлттық сезім 
мен құндылықтарды жете сіңіру, даму жағдайына орай адам тұлғасын қалыптастыру өз 
өзектілігін жойған емес. Осы орайда, ХХІ ғасырда да жас ұрпақты ұлттық рухани 
құндылықтарымызбен тұлға ретінде қалыптастырып, жаңа заман адамын тәрбиелеу мен 
философиялық мазмұнда астарлы қырларын ашып көрсетуде М.Х. Дулати шығармалары мен 
ойшылдың ғұламалық толғамдарының берері мол. Адамның бойында еркін ойлау 
ұстанымдарын қалыптастыратын өз философиялық ой-тұжырымдары арқылы философиялық 
тұлғаға айналған М.Дулатидің әділдікпен күрес жолындағы ғылыми ізденістері әрбір 
адамның адамдық-тұлғалық тұрғыда оң қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
 
Ұлы ойшыл туралы диссертациялық еңбегінде Б.Қалыбаева М.Х. Дулати 
шығармаларындағы адам мәселесін философиялық тұрғыда талдай отырып, «Ұлттық сана - 
қазақ ұлтын бір арнаға тоғыстыратын ұлы күш, ұлттық рухты қозғаушы күш. Ұлттық рухы 
күшті адам – барлық іске қабілетті. Өйткені, ол адамның басқалардан төмен болуға ұлттық 
намысы жібермейді. Сонда ғана біз - әрі алғыр, әрі батыл, өз заманының ақыл-ойын толық 
меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз ұрпақ тәрбиеледік деп айта аламыз. Сондықтан біз, 
Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың жасаған іс-әрекетінен үлгі ала отырып, жазған 
шығармаларын философиялық тұрғыда талдай отырып, жас жеткіншектерді ұлттық рухы 
күшті адам ретінде қалыптастыру үшін өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймыз»[4, 80б], 
- деп атап көрсетеді.
Қазақстанның тәуелсіздігіне биыл отыз жыл толғалы отыр. Осы жылдарда өткенге 
салауат айтып, бүгінгіні қалыптастыруда да кешегі қателіктерді болдырмау, т.б. қоғамдық-
саяси, әлеуметтік мәселелерге байланысты шешімдер қабылдауда да тарихқа үңілуіміздің 
қажеттігін басты тұғыр еткен мемлекетіміз рухани жаңғыруға бет алды. Өткеннің өнегесі – 
бүгінгінің баға жетпес байлығы екендігіне жүгіне отырып, қоғамдық-саяси ахуалдың 
күрделеніп, тәлім-тәрбиелік арналардың бұзылу жағдайына қиналамыз, заман қалай болады 
екен деп толғанамыз?
Осы мәселе талай ғасыр бұрын М.Х.Дулатиді де ойландырып, ойшыл
былай дйді: 
Қытай кетер кәдімгі тас құдайға табынған, 
Заман кетер заңымен, билік кетер тағынан. 
Түйеші де кетеді дала кезген, шөл кезген, 
Сұлтандар да жоғалар қылығынан ел безген. 
Тіршілікті баянсыз жер тербетер, 
Сахинаның нақышы сахинамен бір кетер, 
Талай-талай көрдік біз бұл өмірдің қақ-сұғын
Қорқамын мен басылар деп өксігім [5, 171 б.]. 
Ұлы ойшыл шығармашылығына қатысты жазылған зерттеулердің барлығында да 
ғұламаның ой-тұжырымдарының тәлімдік мазмұнының тереңдігін айрықша атап айтады. Бұл 
шындық. М.Х. Дулати өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыда тәрбиелеп, жеке тұлға
дәрежесіне көтерілуі үшін орасан мәні бар тәлім-тәрбиелік идеяларды уағыздайды.
М.Х. Дулати өз шығармасында тек ақындықтың үлгісін көрсетіп қана қоймай, 
батырлық тұлғасын да даралай түседі. Ол ерлікті дәріптеп қана қоймай, батырлық қуатының 
молдығы аңғарылады. Дулати мұрасының негізгі өзегі ел басқарған басшылардың қылығын 
баса айта отырып, оларды сабасына түсіріп отырғаны арқылы көшпенділер тарихындағы 
дәстүр жалғастығы айқын көрінеді. М.Х. Дулати ақындық өнерімен ғана шектелмей, қарулы 
күреске қарсы шығуы оның батырлық қырын да сомдай түседі. Оның бойында батырлық пен 
ерлік қатар жүрген. Ел билеу мен ел басқарушы туралы идеяларды ойшыл өзінің «Тарих-и 
Рашиди» еңбегінде тереңірек зерделейді. Бұл орайдағы ой-көзқарастары Саид ханның 
жанында жүріп көңіліне тоқыған, ой тереңінен шыққан шынайылығымен құнды. Дулати 
пікірінше, адам тұлға дәрежесіне жету үшін, ең алдымен жүректі оятып, Алланы сүю, оған 


деген махаббат тудыру қажет, ал оның негізінде Аллаға деген сенім жатыр деген идеяны паш 
етеді. 
М.Х.Дулати әділеттілікті билікпен байланыстырған, биліктің әділеттілігін талап етуді 
өзінің тарих философиясының басты қағидаттарының біріне айналдырған. Бұл жерде ислам 
дүниетанымының ықпалы айқын байқалады. Біріншіден, М.Х.Дулати жоғары лауазымды 
билеушілердің әділдігі мен билігін Аллаһтың ризашылығымен байланыстырады. Екіншіден, 
әділдікті ұстанған және өзінің қол астындағыларға қамқор болғандар Жаратушы Аллаһтың 
қолдауына ие болады. Үшіншіден, осы ойдың дәлелі ретінде Мұхаммед пайғамбардың 
хадистеріне сілтеме жасайды. Егер осы мәселе бойынша ислам діни ілімдерінің ережелерінде 
«билік – Құдайдан» деген идея насихатталады. Сондықтан билікке бағынып, көнбістік 
таныту қажет. Тіпті «ислам» деген сөздің өзі араб тілінен аударғанда «бас ию, бойұсыну» 
дегенді білдіреді. Құранда билікке бағыну туралы былай дейді: Аллаһқа бас иіңдер және 
пайғамбарға бас иіңдер және араларыңдағы билікке ие болғандарға бас иіңдер» [6, 91б.]. 
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде билікке бағыну туралы мәселеге көп көңіл бөлінеді 
және нақты нұсқаулар мен міндеттер белгіленеді. «Қара нәсілді құл болса да, өздеріңнің 
басшыларыңа бағыныңдар және оны тыңдаңдар» [6, 91б.]. Жоғарыда келтірілген үзіндіден 
біз данышпан ойшылдың тарихтағы билік пен билеушінің әлеуметтік рөлі қаншалықты 
маңызды екендігін айқындайтын көзқарастарын танимыз.
Қорыта келгенде, М.Х. Дулатидің түркі өркениеті ретіндегі тұлғасы мен тарихи 
жәдігерлеріміздің мәдени мазмұнын сараптай келе мынадай тұжырымдарды келтіруге 
болады:
- Тарихи оқиғаларды баяндап отырып, сана мен таным негізінде қорытып, объективті-
субъективті факторларды ажырата отырып, философиялық тұрғыда зерделейді;
- Өзі баяндап отырған кезеңдегі ұлы тұлғалар өмірі мен кісілік қасиеттерін болашақ 
ұрпақ тәрбиелеуде нысана ретінде көрсетіп береді; 
- Адам болмысы, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен 
- адамгершілік қасиеттерді насихаттап, негізгі заңдылықтарын ашып мазмұндайды; 
- Өткеніңді білмей, өзіңді тани білмейсің деген ұлы қағиданы берік ұстанған ойшыл өз 
еңбегінде заманды, қоғамды суреттеп, әлеуметтік-саяси жағдаймен астастыра бейнелеп, 
ақиқатты түрде жабайы, тобырлық мәдениет иесі ретінде танылып келген халқымыздың 
өркениетті суретін жасайды; 
 Ата-бабалардың асыл мұралары мен тарихи тағылымдардың, өнер 
- түрлерінің ғылыми сипаттамасын жасап, тарихына қатысты ұлы ойлар қалдырды;
 Өзі тарихи шежірелеп отырған дәуір болмысы мен адамдар арасындағы достық, 
ізгілік, меймандостық, т.б. қасиеттерді сол кезеңдегі ел басқарып отырған хан, сұлтан, 
мауланалар тіршілігімен дәлелді түрде сипаттап, қалалар мен елді мекендердің мәдениеті 
туралы тың жазбалар келтіреді; 
 Түркілік дүниетанымға қазақ ұлтының да тигізген әсер-ықпалдарын 
- баяндай отырып, қазақ тұрмысы мен ұлттық ерекшеліктеріне, тарихына қатысты 
деректер келтіріп, философиялық толғамдарын жасайды;
 Дулати еңбегінің объективті сипаты басым, өз баяндаулары арқылы 
- жалқылықтан жалпылыққа қарай ұмтылады; 
 «Тарихи Рашиди» еңбегінде Дулати сол кезеңдегі және өткен тарихи 
- жәдігерлерімізге жүгініп, ондағы деректер мен дәйектемелер негізінде өз пікірлерін 
келтіретіндіктен, өркениеттің тарихи-мәдени ұласу көріністері айқын; 
 Ел басқару ісінде көп қиындықтарды басынан өткерген, осы себепті де 
- ел басқару ісі мен билік басындағыларға қажетті шарттарды көрсетіп, өз 
топшылауларын береді. 
М.Дулатидің шығармашылық мұрасы – қазақ ұлтының өз шаңырағын құрып, жеке 
хандық құрған, аса ауыр да дүрбелең уақытындағы түркі тілдес халықтардың мәдени-тарихи 
өмірін шежірелеуден туған, өмір философиясына тұнған, болмыс пен таным туралы, адам 
тұлғасы жайлы жан-жақты сыр шертетін философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Әрі 


ақын, терең білімді ғұлама, ойшыл, қоғам қайраткері, қолбасшы М. Дулатидің «Тарихи 
Рашиди» атты еңбегі - өркениеттің барлық мәселелері туралы ой толғаған энциклопедиялық 
туынды.
М. Дулати өз шығармашылығы арқылы терең ойшыл ретінде оның шын мәнінде 
философ болғандығын және ойлаудың терең тұңғиығына, өмірдің қайшылықтарына, 
бұрылысты кезеңдеріне батыл көзқарас білдірген дана екенін көреміз. Қоғамдық 
құбылуларға да, көрген қиындықтарына да қарамастан екіжүзділікке қарсы шығып, әділдік 
үшін күресе білді. Өзінің «Тарихи Рашиди», «Жаһаннаме» шығармаларында да 
адамгершілік, ізгілік, әділдікті дәріптеді. Ең бастысы өмір мен жеке адамның өмірдегі орнын, 
мәнін ашуға, дүниедегі мәнін ашуға, қоршаған ортаның адам өмірінде атқарар рөлін тануға 
ұмтылды. 
Оның философиялық идеялары, тұжырымдарының жаһандану жағдайындағы 
күрделеніп кеткен өскелең ұрпақ тәрбиесінде ғана емес, тәуелсіз рухтағы халқымыздың 
өмір-тіршілігін, әлеуметтік-рухани болмысын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. 
Философия тарихының негізін салушы ретінде ғұлама ойшылдың ой-идеялары бүгінгі қазақ 
философиясының да қалыптасып, дамуына арқау болғандығы сөзсіз. Бұл дегеніміз өткеніміз 
арқылы бүгінгімізді танып, зерделеуде Дулати мұрасының маңызды ғылыми ой-парасат 
мектебі екендігін, оның нәтижелерін қолданудың ғылыми маңызы зор екендігін айғақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет