Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


пікірталасты жасау керек?»



Pdf көрінісі
бет54/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   238
пікірталасты жасау керек?» деген сұраққа жауап іздестірейік.
Біріншіден, оқушыға белгілі бір тезис үшін аргумент әзірлеуге нұсқау беру арқылы 
(бұл жеке пікірмен сәйкес келмеуі мүмкін), біз сыни ойлауды дамытуға серпін береміз. 
Екіншіден, пікірталастар кезінде оқушылар жылдам ойлана білуі керек. Қарсыластың 
дәлелдеріне жауап беру, олардың логикасындағы кемшіліктерді табу қазірдің өзінде ақыл 
немесе ойлауды дамыту үшін жақсы жаттығу болып табылады. Пікірталастар ағылшын 
тілінде өтеді, яғни біз оқушыларымыздан тек қарсы дәлелдер ұсынып қана қоймай, өздігінен 
сөйлеу дағдыларын дамытуды сұрауымыз керек. Оқушылар пікірталас кезінде қалаған 
сөздерін есте сақтайды, тақырып бойынша сөздік қорын жаңартады немесе сипаттайтын сөз 
тіркестерімен танысады. Үшіншіден, пікірталас - көпшілік алдында сөйлеудің керемет 
тәжірибесі. Әдетте, пікірталастар топта өтеді, оқушылар сыныптастарымен сөйлесуі керек. 
Бұл маңызды дағды. Оқушылар көптеген презентацияларды қоғау, диплом қорғау, есеп беру 
– сияқты әрекеттерге оқу кезінде де, кәсіби өмірінде де кез болады. Пікірталастың бірінші 
бөлігі - презентация / есеп беру. Пікірталас кезінде басқа қатысушылардың алдына шығып 
сәтті сөйлеу оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттырады, сенімділігін күшейтеді және оқуға 
ынталандырады. Пікірталасты қалай өткізу керек? Пікірталастың уақыты өте көп созылып 
кетпеуі дұрыс, себебі ол балаларды зеріктіріп жіберетінін атап өткім келеді. Пікірталастар 
айына бір реттен артық емес, тіпті тоқсанына бір рет өткізілуі керек. Алайда, жұптағы 
кішігірім пікірталастар (яғни уақыты 10-15 минуттан туратын ой өрбітулер) жиі болғаны 
қолайлы. Егер сізде сөйлесу жаттығуларына бірнеше минут уақыт болса, ал диалог немесе 
рөлдік ойын қолайлы болмаса, онда жұптағы кішігірім пікірталастар көмектесе алады. 
Пікірталастың бірқатар артықшылықтары бар, мысалы: белсенді және терең оқуды 
қамтамасыз ету (ұзақ мерзімді әсер етеді), оқушылардың өзара әрекеттестігі (коммуникативті 
дағдылар мен оқушылардың сенімін дамыту), оқушылар өз көзқарастарын тексеріп, бір-
бірімен салыстыра алады (бағалау әдісі). Пікірталас оқушылардың дамытушылық және 
тәрбиелік дағдыларын жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет