Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация


«Пікірталасты қалай тиімді өткізуге болады»?



Pdf көрінісі
бет55/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   238
«Пікірталасты қалай тиімді өткізуге болады»? 
Пікірталасқа дайындық - маңызды аспектілердің бірі. Бұл оқушылардың тақырып 
бойынша білімдерін арттырудан, жаңа сөздік қорларын енгізуден, белгілі бір 
құрылымдар мен пікір айтуға арналған мәлімдемелерден тұрады. Пікірталасты жүргізуде 
мұғалімнің рөлі өте маңызды. Ең алдымен ол үйлестіруші, тәлімгер рөлін 
атқарады. Пікірталас тиімді өтуі үшін оны ұйымдастыру барысында мұғалім бірқатар 
функцияларды орындауы керек: 
- Пікірталас тақырыбын тұжырымдау, қажетті мотивация құру, мәселенің өзектілігін 
көрсету; 
- Оқушылар арасында атмосфера құру; 
- Пікірталас жүргізу ережелерін дайындау (мәлімдемелерді талқылау, мұқият тыңдау); 
- Оқушыларды белсенді ұстау, талқылауға пассивті қатысушыларды қосу; 
- Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, аралық нәтижелерді шығару. 
Пікірталасты ұйымдастырудың құрылымы: 
Бірінші қадам. Тақырып таңдау. Егер бүкіл сабақ бойы пікірталас өткізуді жоспарласақ, 
онда қызықты мақала немесе видео арқылы тақырыпты ұсына аламыз. Ол үшін, мысалы, 
Esldebates сайтын немесе Breaking News English-ті қолдануға болады, мұнда пікірталастарға 
арналған мақалалар мен жаттығулар жиі ұсынылады. Сонымен қатар, пікірталастарға 
тақырып таңдауда оқулықтың негізгі мәтінінен алынған тезистерге негіздеуге мүмкіндік бар. 


Пікрталас тақырыбын кез-келген деңгейге таңдауға болады, күрделі мақалаларды оқудың 
қажеті жоқ. Тіпті elementary деңгейіндегі үлгерімі төмендеу балалар да пікірталасқа қатыса 
алу үшін: қыс немесе жаз, кітаптар немесе теледидар туралы тақырыпты алып, талқылауға 
болады. 
Екінші қадам. Тақырыпқа байланысты қажетті сөздік қорын даярлау. Оқушыларға 
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін аудармасымен пікірталастың басында таратып беру керек. 
Сонымен қатар, белгілі бір тақырыпқа лексика бойынша жеке сабақ өткізіп, оны 
пікірталаспен аяқтауға әбден болады. Мысалы, медицина және ауру тақырыбында өткізілген 
сабақтың аяғында «Western VS Traditional medicine», фастфуд тақырыбын оқығаннан кейін - 
«Home cooking VS Fast food» сияқты тақырыптарда пікірталас ұйымдастыру балаларды оқуға 
ынталандырып қана қоймай, олардың білуге деген құштарлықтарын арттырады және белгілі 
бір тақырыпта өз ойларын, пікірлерін айтуға үйренеді. 
Үшінші қадам. Негізгі ережелерді түсіндіру. Әдетте пікірсталастың өткізілуі туралы 
түсіндіруге 5-10 минут беріледі. Ана тілінде сөйлеуге болатын және болмайтын кездерді 
түсіндіріп өткен жөн, және деңгейі жоғарырақ топтар үшін бұған да тыйым салынуы мүмкін, 
ал пікірталастың өзі тек қана ағылшын тілінде болғаны абзал. Әдетте пікірталас екі бөлімнен 
тұрады: алғашқы мәлімдеме және пікірталастың өзі. Бірінші бөлімде оқушылар бір немесе 
екі спикерді таңдай алады, олар белгілі бір позицияны қорғаудағы негізгі аргументтерді 
қысқаша мәлімдеуі керек. 
Егер топтағы оқушылар саны аз болса (3-4 адам), әр оқушыға тақырыпшаларды бөліп 
беру керек. Екі команда да өздерінің негізгі пікірлері мен идеяларын айтқаннан кейін, 
талқылау басталады. Екінші бөлімде міндетті түрде бәрінің сөйлеуі қажет. Дегенмен де, 
пікірталасқа барлық бала белсенді қатысады деп айту ақымақтық. Себебі балалардың 
қабылдау деңгейі, ойлауының даму деңгейі, мінез-қылықтары, тіпті темпераменттері де әр 
түрлі болады. Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ әр адам бірегей келеді екен, яғни 
әрқайсысы өзіне ғана тән жеке қасиеттерге ие. Сондықтан да, сабақ барысында осы әдісті 
қолдансам барлық оқушы сабағыма белсенді қатысады деу көңілге қонбайды. Дегенмен де, 
ондай мәселені шешудің жолын іздестіріп көрейік. Әрине, егер біреу жауап беруге ынталы 
болса, екіншісі байсалды болып үнсіз отырып қалады, оларды кесіп тастап, басқадан жауап 
сұраудың қажеті жоқ. Егер қандай да бір оқушы пікірталас аяқталғанға дейін «үнсіз» 
отырған болса, одан өз командасының дәлелдеріне қорытынды шығаруын сұрау керек. 
Төртінші қадам – қорытындылау. Пікірталастың соңғы кезеңі - қорытынды жасап, 
жеңімпаз топты таңдау. Жеңімпаздарға сыйлық жасауға болады. Сонымен қатар, осы 
мәселеге мұғалім өз көзқарасын білдіре отырып, қорытынды жасауы керек. 
Соңғы кездері пікірталас сабақ барысында кеңінен қолданыла бастады. Дискуссияны 
сөйлеу 
бағытын, 
жағдайлық 
хабардарлығын, 
жеке даралануын 
және 
жаңашылдығын қамтитын коммуникативті әдіс ретінде қарастыруға болады. Пікірталас 
нәтижелі болуы үшін оқушыларда белгілі бір базалық білім қажет. Осылайша, бұл сабақ 
басталғанға дейін алынған немесе сабақ барысында алынған білім болуы мүмкін.
Бұл әдістің жағымсыз факторлары бар екенін де айта кеткен жөн. Теріс аспектілерге 
мыналар жатады: психологиялық фактор, білім және уақыт. Көбіне балалар мұғалімнің 
қойған 
сұрақтарына 
нақты 
жауап 
бере 
алмайды. Мысалы, 
егер 
бұл 
оның 
жеке өміріне қатысты болса, яғни оқушылардың барлығы бірдей шет тілін жеткілікті 
деңгейде білмейтінін ұмытпауымыз керек. Егер оқушы өзінің тілдік қабілеттеріне сенімді 
болмаса, ол ойын толық жеткізе алмайды. Ауызша жауап беру барысында оқушы әрдайым 
өзінің жауабын ойластыруға үлгере бермейді, осыған байланысты тұжырымның тілдік 
безендірілуінің күрделілігі туындайды. Оның алдын алудың бірнеше әдісі бар. Ол үшін 
пікірталас 
толығымен 
ойластырылған 
болуы 
керек, берілген 
тақырып бойынша оқушылардың білімін жандандыру, жаңа лингвистикалық бірліктерді 
енгізу, белгілі бір құрылымдар мен сөйлеу дағдыларын үйрету тиімді. Пікірталастардың 
сәтті өтуі үшін бірқатар шарттар орындалуы керек: 
 Пікірталас үшін қызықты тақырыпты таңдау;


 Пікірталастың мақсаты (мәселені шешу, өз көзқарасын қорғау, тәжірибе алмасу және 
т.б.); 
 Проблеманы тұжырымдау оқушылардың түсінуіне қол жетімді болуы; 
 Талқылауға дайындалу үшін керекті ақпарат беру; 
 Пікірталас құру принциптері туралы әңгімелесу 
 Оқушылардың жұмысын бағалау. 
Пікірталастың қарастырылған әдістемелік аспектілерінің басты мақсаты - 
оқушыларды өзіндік пікір айтуға ынталандыруға әкеледі. Сондай-ақ, шет тілі сабағында 
пікірталас әдісі көмегімен көптеген мүмкіндіктер туындайды: ақыл-ой әрекетін тез 
шоғырландыру, сұхбаттасушыны түсіну мен тыңдауды үйрену, басқа адамдардың пікірлерін 
құрметтеу, дұрыс сұрақтар қоя білу және білімді практикада қолдана білу. Сонымен, 
пікірталас балаларға білім алуға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік бейімделуге де 
көмектеседі деген қорытынды жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет