41
Тәрбиеші
балалардың
қарапайым
математикалық
ұғымдарын
қалыптастыра отырып, көрнекілік, ауызша және
практикалық әдіс-тәсілдерді
кешенді түрде қолданады. Тәрбиешінің осы жастағы балалардың танымдық
сипаттағы тапсырмаларын түсінуге және олардың нұсқауларына сай әрекет
жасауға мүмкіндіктері бар. Қойылған міндеттер балалардың танымдық
белсенділігін оятуға мүмкіндік
туғызады, сондықтан ересектер тобындағы
балалардың ақыл-ой операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау)
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Балалар аталған операцияларды көрнекіліктерге
сүйене отырып орындайды.
Ересектер тобында көрнекі құралдардың түрлері көбейеді және сипаты
біршама өзгереді. Иллюстративті материалдар
ретінде ойыншықтар мен
заттарды қолдану жалғастырылады. Қазір суреттермен, түрлі-түсті және
бейнелі заттармен жұмыс жасау үлкен орын алады, заттардың суреттері сызба
түрінде болуы да мүмкін.
Бұл топта жаңа міндет болып реттік санауға үйрету болып табылады.
Көрнекі құралдар: жиындар, әр түрлі заттардан құралған, бір атаумен аталатын.
«Қанша», «нешінші», «қандай» сұрақтарын ажыратуға және оларға дұрыс
жауап беруге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: