Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс.



бет9/9
Дата15.10.2023
өлшемі42,72 Kb.
#115489
түріУтопия
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Óòîïèÿëû? ñîöèàëèçì èäåÿëàðûíäà?û ì³íñ³ç ?î?àìäû? ??ðûëûñ.

институционализм деп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С.Липсет, Ч.Миллс, М.Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi- саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы «саяси институт» болды.

3. Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi- Г.Лассуэлл, Т.Парсонс, Д.Истон, М.Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д.Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г.Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т.Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.
4. Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi- Э.Дюркгейм, М.Дюверже, Р.Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.
5. Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А.Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
6. Бюрократия концепциясының дамуына М.Вебер, Р.Мертон, С.Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
7. Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х.Арендт, австро-американ ғалымы Ф.Хайек, орыс ғалымы Н.Бердяев еңбектерiнде жазылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет