53
- классификациялық жарыстар спортшылардың спорттық дайындық деңгейін анықтау мақсатында,
маусым аяғында өткізіледі;
- разрядтық жарыстар спортшыларға разрядтар беру үшін
өткізіледі, бұл жарыстарға тек төменгі
разрядтағы спортшылар ғана қатыса алады, ал жоғарғы разрядтары бар спортшылар қатыспайды;
- «теңестіру» жарыстарының негізгі мақсаты әлсіз спортшылар мен командаларға демеу беріп,
күштерін
теңестіру, әдетте бұл жарыстар көп жағдайда мектеп оқушылары арасында спортқа деген
қызығушылықтарын арттыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіледі;
- іріктеу жарыстары құрама командағы спортшыларды жасақтау және дене дайындықтарын
бақылауға алу мақсатында өткізіледі;
- сырттай жарыстар – әртүрлі қалаларда бір уақытта жүргізіліп, жинақталған ұпайлар саны бойынша
орындар тағайындалады;
- ашық жарыстар – барлық қалаушылар үшін өткізілетін жарыс, тек дәрігердің рұқсат қағазы болуы
тиіс;
- бөлек және түрлі жарыстар – жеңіл атлетика жаттығуларының бір түрінен немесе бір түрінен
командалық есепте өткізілетін жарыстар, мысалы, «Жүгірушілер күні», «Секірушілер күні», «Марафон
күні» және т.б.
Жолдастық кездесу жарыстары – командалық есепте үздік командаларды анықтау үшін жүргізіледі.
Сипаты мен түріне қарамастан жарыстардың барлығы жарыстар күнтізбесіне кірістірілуі қажет.
Ұйымның жарыстар күнтізбесіне кірістірілмеген жарыстар жүргізілмейді және қаржыланбайды.
Жарыстар күнтізбесін құрастыру қағидасында жоғарыдан төмен, яғни
субординация сақталу қажет,
алдымен жоғарыдан қарайтын ұйым өзінің күнтізбесін, одан кейін төмен тұратын және осылай ең төменгі
ұжымға дейін қарастыру қажет. Төмен тұратын ұйымдардың жарыстарды өткізу уақыты жоғарыдан
қарайтын ұйымдардың жарыстарымен сәйкес келмеуі қажет. Жоғарыдан қарайтын ұйымдардың
жарыстарына құрама команда жасақтау мақсатымен бұрын өткізілуі қажет (мысалы Қазақстан
біріншілігіне аймақтық жарыстарға өз кезегінде облыс біріншілігі, әрі қарай қала, ұжымдық жарыстар
бұрын өткізілуі тиіс).
Достарыңызбен бөлісу: