55
бір уақытта секіру мен лақтыру үшін секторлар санын;
жарысқа қатысушылардың біртекті жаттығуларды реттеу мүмкіндігі (мысалы 100 метрге жүгіру, 200 метрге
жүгіру, 400 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру т.б.);
бірнеше айналым арақашықтықтарын жасау (жүгірулер айналымы, ширек финалдар, жартылай финалдар,
финал);
Күндер бойынша бағдарламаны жоспарлаудың қарапайым тәсілі, мысалы, өсуі бойынша жүгіру
түрлерін қарастырған жөн: тақ түрлері
- бірінші күні, жұп түрлері – екінші күні, егер жарыстар үш күн жүргізілетін болса, онда: I түрі –
бірінші күні, II түрі – екінші күні, III түрі - үшінші күні, IV түрі – төртінші күні және т.б.
Разрядтар бойынша жарыстардың ережелерінде жүгірулер айналымын, секірулерді, лақтыруларды
өткізу үшін белгілі-бір уақыт беріледі. Өзіндік саралау үшін бір жүгіріс айналымы мен төрешілер
алқасының жұмысы уақытын есепке алу қажет.
Ережеде командалық біріншілікті анықтау үшін есептеу жүйесін яғни, өткізілетін жаттығу
түрлерінің санын, бір түрдегі қатысушылар санын, орны немесе ұпай саны бойынша нәтижелерде
бағалау жүйесін дәл орнату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: