«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

Командалық жарыстар – жеке қатысушылар болмай, команданың атынан шығады, 
жеңімпаздарды тек қана командалық есепте шешіп, басқа орын алған командаларды да анықтайтын 
жарыстар.
Жеке-командалық жарыстар – алдыңғы екі түрін жеке және командалық жеңімпаздарды анықтап 
байланыстырады. Мағынасына қарай жарыстар кубоктік, біріншілік, чемпионаттар болуы мүмкін. 
Кубоктік жарыстарда жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен марапаттайды, жарыстар жыл сайын немесе бір 
жылдан кейін өткізіліп тұрады
Біріншілік жарыстар бірінші және одан кейінгі командаларды немесе жеңімпаздарды анықтау 
үшін жыл сайын өткізіліп тұрады.
Чемпионаттық жарыстар жыл сайын немесе жылына бір рет өткізіліп, тек қана жеңімпаздарды 
анықтап қана қоймай, сонымен бірге чемпион атағын береді. Қандай да бір спорттың түрінде чемпион 
атағы тек қана чемпионаттыққа сәйкес өткізілген жарыстар да болуы мүмкін. Жарыстар рангісіне тоқтала 
келе, жарыстардың төрт деңгейін бөліп қарастыруға болады: жоғары, бірінші, екінші және үшінші. 
Жарыстың жоғары деңгейі – әлемдік және континенттік масштабта өткізілетін жарыстар:
Олимпиадалық ойындар, әлемдік және континенттік чемпионаттар мен Кубоктік жарыстар, 
континенттік біріншіліктер.
Бірінші деңгейдегі жарыстар – бұл мемлекеттік масштабтағы жарыстар: елдің жеңіл атлетика 
Федерациясы өткізетін жарыстар, ҚР қалаларында өткізілетін финалдық және Кубоктік чемпионаттар, 
республикалық масштабта бекітілген халықаралық жолдастық кездесулер.
Екінші деңгейдегі жарыстар – Федерация құрамына кіретін республика федерациясымен, 
облыстармен, олардың орталықтарымен өзара келісіліп, бекітіліп жүргізілетін жарыстар.
Үшінші деңгейдегі жарыстар – қалалар, облыстар мен аудандарда спорт басқармасының және 
дене тәрбиесі ұжымдарының келісімімен жүргізілетін жарыстар. Жарыстардың келесідей түрлері болады:
- негізгі жарыстарда жеңіл атлетика түрлері бойынша жарыстар, онда жеңімпаздарды анықтау 
бағытында өткізіледі;
- квалификациялық жарыстар жеңіл атлетика жаттығуларының түрлері бойынша іріктеу 
мақсатында өткізіледі;


53 
- классификациялық жарыстар спортшылардың спорттық дайындық деңгейін анықтау мақсатында, 
маусым аяғында өткізіледі;
- разрядтық жарыстар спортшыларға разрядтар беру үшін өткізіледі, бұл жарыстарға тек төменгі 
разрядтағы спортшылар ғана қатыса алады, ал жоғарғы разрядтары бар спортшылар қатыспайды;
- «теңестіру» жарыстарының негізгі мақсаты әлсіз спортшылар мен командаларға демеу беріп, 
күштерін теңестіру, әдетте бұл жарыстар көп жағдайда мектеп оқушылары арасында спортқа деген 
қызығушылықтарын арттыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіледі;
- іріктеу жарыстары құрама командағы спортшыларды жасақтау және дене дайындықтарын 
бақылауға алу мақсатында өткізіледі;
- сырттай жарыстар – әртүрлі қалаларда бір уақытта жүргізіліп, жинақталған ұпайлар саны бойынша 
орындар тағайындалады;
- ашық жарыстар – барлық қалаушылар үшін өткізілетін жарыс, тек дәрігердің рұқсат қағазы болуы 
тиіс;
- бөлек және түрлі жарыстар – жеңіл атлетика жаттығуларының бір түрінен немесе бір түрінен 
командалық есепте өткізілетін жарыстар, мысалы, «Жүгірушілер күні», «Секірушілер күні», «Марафон 
күні» және т.б. 
Жолдастық кездесу жарыстары – командалық есепте үздік командаларды анықтау үшін жүргізіледі.
Сипаты мен түріне қарамастан жарыстардың барлығы жарыстар күнтізбесіне кірістірілуі қажет. 
Ұйымның жарыстар күнтізбесіне кірістірілмеген жарыстар жүргізілмейді және қаржыланбайды. 
Жарыстар күнтізбесін құрастыру қағидасында жоғарыдан төмен, яғни субординация сақталу қажет
алдымен жоғарыдан қарайтын ұйым өзінің күнтізбесін, одан кейін төмен тұратын және осылай ең төменгі 
ұжымға дейін қарастыру қажет. Төмен тұратын ұйымдардың жарыстарды өткізу уақыты жоғарыдан 
қарайтын ұйымдардың жарыстарымен сәйкес келмеуі қажет. Жоғарыдан қарайтын ұйымдардың 
жарыстарына құрама команда жасақтау мақсатымен бұрын өткізілуі қажет (мысалы Қазақстан 
біріншілігіне аймақтық жарыстарға өз кезегінде облыс біріншілігі, әрі қарай қала, ұжымдық жарыстар 
бұрын өткізілуі тиіс). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет