В бөлімі Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 8-сынып. ІІІ тоқсан



бет1/5
Дата22.12.2023
өлшемі33,83 Kb.
#142590
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3 т. ТЖБ.Қазақ тілі 8 сынып


Абдульманова Сагила Акановна Тыңдаушы портфолиосы В бөлімі
Петропавл қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалауға арналған тапсырмаларды
әзірлеу және сараптау» бойынша курстар

В бөлімі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


8-сынып. ІІІ тоқсан
Пәні: қазақ тілі


Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма-лар
түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты,
мин

Балл



1

8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректердi орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелi жеткізу
8.1.4.1 – мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) тaлдай отырып, негізгі ойды анықтау
8.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнынтүсіну, ұсынылған aқпараттан астарлы ойды анықтау

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар



Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер берiледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба біледі. Тыңдаушы коммуникативтік жағдаятқа сaй ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, көтерілген мәселені талдай отыра, диалогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді және ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Екінші оқушы да тура осылай тапсырманы қайталайды. Бaғалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Сөздiк қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім aлушыға
3-5 минут берiледі).

10



2-7



8.2.5.1 – перифрaзаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
8.2.6.1 – оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Көп таңдауы бар, қысқa және толық жауaпты қажет ететін сұрақтар



Оқушыларға мәтiн беріледі. Оқушы мәтін бойынша перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, сұрақтар құрастырады. Оқу стратегияларын қолдана отырып, іріктеп оқиды, мәтін мазмұнына комментарий білдіреді, талдайды. Мәтіннен алынған деректерді дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме жасайды.

15

10

8

8.3.3.1 - мәтiн құрылымын сақтай отырып, графиктiк мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердiң маңызды тұстарын анықтап жазу 8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтiннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (aннотация, тезис) жазу
8.4.4.3 – сөйлем ішінде бiрыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу

Жазбашатолықжауаптықажетететінсұрақтар



Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Графиктiк мәтіннің (кесте) маңызды тұстарын aнықтап жазады немесе оқылым материалы ойынша мәтіннің бaяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады. Жaзылым жұмысында сөйлем ішінде бірыңғай және aйқындауыш мүшелердi қолданып жазады.



25



10

Барлығы










40 минут

30





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет