Ұлттық байлық - халық қолына Біздің қоғамдағы қарапайым адамдар ұлттық байлық дегенді әртүрлі түсінеді. Мысалы, ұлттық байлығымызға жерімізді, жердің асты мен үстіндегі табиғи ресурстарымызды, салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды жатқызуға болады. Жердің асты мен үстіндегі табиғи ресурстарымызды өндіретін, шикізаттан дайын өнім шығаратын зауыт-фабрикаларымыз да ұлттық байлығымызға жатады. Қазір осы байлығымыз халықтың қолына сатылып жатыр. Елімізде кең ауқымдағы жекешелендіру іс-шаралары – осыған дәлел.
Қарапайым адамдар көп нәрсеге терең үңіле бермейтіні белгілі. Олар жекешелендіруге қатысты да: «Әй, мұндай науқан жүрсе жүре берсін! Маған оның қатысы жоқ» дей салуы мүмкін. Бұл – қате пікір. Өйткені, қазақстандықтар да, жер бетіндегі басқа халықтар сияқты жаһандық бәсекелестікке белсене араласуда. Қазіргі кезде мемлекеттер арасында ғана емес, адамдар арасында да қызу бәсекелестік жүріп жатыр. Әрбір қазақстандықтың болашағы оның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болмақ. Осыны дұрыс түсінуіміз керек.
Әрбір қазақстандық бәсекеге қабілеттіліктің ұлтымызды дамытудың негіздік критерийі екенін есте ұстағаны абзал. Өйткені, жекешелендіру шараларының нәтижесінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады, салық түсімдерінің көлемі ұлғаяды. Ең бастысы, алдағы уақытта мемлекеттің шаруашылық субъектілеріндегі үлесін қысқарту арқылы нарықтық механизмдер нығая түседі. Ендеше, бұдан біздің еш ұтылмасымыз анық.
Әмірлан Әлімжан.
Abai.kz сайтынан қысқартылып алынды.
Балл қою кестесі
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателер жібереді.
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез және орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2
7 – 8
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
3
5 – 6
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
4
3 – 4
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
5
1 – 2
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте азтүсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жаап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.