В данной выпускной работе рассматриваются вопросы исследование


 ЖЖС-мен геостационарлы жүйелер



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#9434
1   2   3   4   5   6   7

1.3 ЖЖС-мен геостационарлы жүйелер  

Жиі  СЖЖС  (стационарлық  ЖЖС)  деп  аталатын  ЖЖС-мен 

геостационарлы  жүйелер  кең  түрде  таралуда.  Олар  телефон-телеграфты 

байланыста,  радио-  мен  телехабар  үшін  қолданылады.  Кешенді    үлгідегі 

геостационалы  ғарыштық  аппараттар  метеорологиялық,  Жердің  табиғи 

ресурстарын зерттеу, ортаны бақылау және басқа да мақсаттарда жасалады. 

Геостационралы ЖЖС-нің ең басты құндылығы  - Жердегі көптеген көз 

көрерлік  пункттердің  тұрақты  аймақтарының  қалыптасуы,  көлемді  аумақтың 

қамтылуы,  корреспонденттердің  бірқатар  санымен  үлкен  қашықтықта 

байланысты ұйымдастыру мүмкіндігі болып табылады. 

ЖСБЖ-нің 

серіктерімен 

геостационарлы 

обиталарда 

айқын 


артықшылығы  -  оларды  пайдалану  кезінде  жердегі  байланыс  пен  байқау 

жүйесіне  қойылатын  талаптар  азаяды,  сонымен  бірге  борттық  антенналарды 

жетелейтін  құрылғылар  да  жойылады.  Осындай  бір-біріне  120°  бұрышта 

орналасқан үш серіктің көмегімен ғаламдық, яғни Жерді толқытай қамтитын 

жүйені құру мүмкін. 

 


 

22 


 

 

 



1.1

 

сурет – Бірдей қашықтықта орналасқан орбиталардағы 3 



геостационарлы ЖЖС 

 

36 мың км биіктікке көтерілген телемұнара ретінде елестетуге болатын 



байланыстың  геостационарлы  серіктері,  түптеп  келгенде,  жергілікті 

телеорталықтың  көмегінсіз  тікелей  хабарларды  жеткізуге  мүмкіндік  береді. 

Қазіргі  таңда    геостационардан  сәулеленетін  телесигналдардың  күшінің 

дәрежесі  қарапайым  типтік  абоненттік  антеннаға  қабылдау  үшін  әлі 

жеткіліксіз,  сондықтан  топтық  қолданыстағы  арнайы  шағын  антенналарды 

қолдануға  тура  келеді.  Хабарлауға  келетін  болсақ,  қабылдау  үлкен  емес 

сыртқы антенналар арқылы жасала алады. 

СЖЖС-нің  анық  артықшылығы  туралы  айта  келе,  стационаралық 

орбитаға  шығуы  төмен  немесе    тіпті  биік  эллипстікке  қарағанда  қиынырақ 

жүзеге  асырылатынын  ескере  кетпеуге  болмайды.  1  кг  пайдалы  жүктің 

геостацинарлық  орбитаға  жеткізілімі  айтарлықтай  қымбаттырақ  болады. 

СЖЖС-ін «тұрып қалу» белгіленген нүктесінде ұстау үшін белгілі ұзындықта 

микроқозғалтқыштың  көмегімен  орбитаны  уақтылы  түзетімдер,  ал  серіктің 

бортында  осы  мақсаттарға  қосалқы  отын  қажет.  Ұшу  кезінде  жүргізу 

қиындатыла  түседі.  Ғарышкерліктің  дамуы  геостационарларда  жер  серіктік 

байланыс жүйесін құру мен пайдалану кезінде пайда болатын кедергілерді тез 

және  сәтті жеңуге мүмкіндік береді. 


 

23 


 

Өздерінің  тиімділігіне  қарамастан,  геостационарлар  барлық  технико-

экономикалық жағдайларда қолайлы емес. Белгілі жағдайларда ЖЖС-ін биік 

эллипстік орбиталарда қолдану орынды, мысалы «Молния». 

 

  1.4 Жер серіктік технологиялар 



Осы  бөлімде  біз  ең  танымал  жер  серіктік  жүйелерге  қысқаша  шолу 

жасаймыз.  Ең  қарапайым  мысал  дүниежүзілік  тор  (Интернет)  болып 

табылатын  біздің  қоғамды  жаппай  ақпараттандыру  заманында  теңіз 

толқынындай келіп түсетін ақпараттар ішінде дұрыс бейімделу және олармен 

шапшаң  алмасу  қажеттілігі  пайда  болады.  Осы  мақсатпен    компаниялар 

мамандандырылған 

жүйелік 

инфрақұрылымдарды 

(аудио 

мен 


видеомәліметтерді жеткізу, көп каналдық телефондық жүйе, қорғау жүйелері, 

локальді-есептегіш  желілер  және  т.б.)  құрады.  Негізінде,осындай  желілерде  

байланыс  каналын  ұйымдастыру  үшін  жердегі  линиялар:  сымдық  (мыс 

сымдар) мен сымсыз (радиоэзернет, ұялы желілер) қолданылады. 

Барлық  жердегі  байланыс  каналдарына  абсолютті  түрде  келесі 

кемшіліктер  тән:  аумақтың  шектеулі  түрде  қамтылуы,  желіні  жаңғырту 

мәселесі  (техникалық  пен  экономикалық),  құрал-жабдықтарға  тез  демонтаж 

жасау мен басқа аймақта жүйені жаю мүмкіндігінің жоқтығы. Сондықтан жер 

серіктік  байланыс  жүйесін  қолдану  тек  техникалық  емес  экономикалық 

жағынан  да  орынды,  ал  кейде  айнымас  және  сапалы  байланыспен 

қамсыздандыру жалғыз ғана қолжетімді амал болып табылады. Бүгінгі таңда  

үлкен  мөлшерде  түрлі  технологияларға  сүйенген  және  түрлі  қолданысқа 

арналған жер серіктік жүйелер бар. 

 

1.4.1 Координаттарды анықтаудың ғаламдық жүйесі. 



Жер серіктік технологияларды қолданудың айқын мысалдарының     бірі 

–  координаттарды  анықтаудың  ғаламдық  жүйесі  болып  табылады.  Жүйе 

жоғары  деңгейдегі  анықтылықпен  (бірнеше  сантиметрге  дейін)  объекттің 

орналасу  нүктесін  (теңіз  деңгейінің  үстінен  кеңдігі,  ұзақтығы),  әрекеттің 

бағыты  мен  жылдамдығын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Жүйенің  ерекше 

белгілеріне  оның  көптеген  ғалымдармен  нақты  уақыттың  көзі  ретінде 

пайдалануы болып табылады. GPS (Global Positioning System) жүйесі  Жердің 

24  жасанды  серіктерінен,  оларды  бақылайтын  жердегі  станциялар  желісінен 

және  терминалдардың  шектелмеген  санынан  тұрады.  Орналасу  нүктесін 

анықтау  үшін  GPS  қабылдағыш  серіктерден  сигналдарды  қабылдап, 

сигналдың  жіберілу  уақытын  оның  Жерде  қабылдану  уақытымен  салыстыра 

отырып нақты координаттарды анықтап береді. 

GPS жүйесі үздіксіз жұмыс істейді. GPS жүйесін пайдалану үшін GPS-

қабылдағышты  иелену  жеткілікті.  Мақсатына  сәйкес  қабылдағыштың 

автокөлікті,  теңіз,  авиациялық  үлгілерін  таңдауға  болады.  GPS  ізденіс 

жұмыстарымен  байланысты  шығындардың  мөлшерін  едәіуір  азайту  мен 



 

24 


 

құтқарушы  операцияларын  жүргізу  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік  береді. 

GPS-ке қосылу және пайдалану үшін төленетін абоненттік төлем алынбайды.   

 

1.4.2  Жер серіктік қорғаушы кешендері. 



GPS  технологиясы  негізінде  қазіргі  таңда  жер  серіктік  қорғаушы 

кешендері  қарқынды  дамуда.  Автокөлікті  өнеркәсіпте  классикалық  көп 

деңгейлі қорғаушы жүйе байланыс каналы мен автокөліктің координаттарын 

анықтау  жүйесімен  толықтырылады,  классикалық  радиолокация  әдістермен 

қатар  GPS  негізіндегі  әдістер  қолданылады.  Құрастырылып  енгізілген 

қорғаушы жүйелер айтарлықтай көп (Cesar Satellite, Навигатор, АвтоЛокатор, 

LOJACK және т.б), бірақ жұмыс ету қағидалары салыстырмалы бірдей. 

Көлік  құралдарында  жасырын  түрде  орталық  блок  орналастырылады, 

оған түрлі қорғаушы  датчиктер қосылады немесе орналастырылған штаттық 

сигнал жабдығы пайдаланады. Штаттан тыс жағдайларда (айдап кету, шабуыл 

және  т.б.)  байланыс  каналдары  бойынша  орталық  блок  ақпаратты  иесіне 

немесе  диспетчерлік  орталыққа  жеткізеді.  Байланыс  каналы  GSM  жүйелері 

негізінде,  жер  серіктік  байланыс  жүйелері  немесе  радиоканал  арқылы 

ұйымдастырыла  алады.  GPS-қабылдағышты  пайдалану  арқасында  шынайы 

уақытта  объекттің  орналасуын,  өткен  маршрутын  қарау,  аялдамалар  мен 

тоқталу ұзақтығын және т.б. қадағалау мүмкін. 

 

1.4.3 Жер серіктік  телевизия. 



Жер  серіктік  жүйелерді  қолданудың  тағы  бір  белгілі  облысы  –  жер 

серіктік  телевизия.  Жер  серіктік  тәрелкенің  (антеннаның)  сіздердің 

үйлеріңіздегі  жайлы  орналасуын  еске  алыңыздар,  олар  қаланың  жалпы 

көрінісіне  сіңіп  кеткендіктен,  біз  оларға  көңіл  бөлмейміз.  Бағдарламаларды 

кез-келген  серіктен  қабылдайтын  жиынтық  үш  негізігі  элементтерден 

құралады: антенна, конвертер, ресивер. 

Егер  егжей-тегжейлілікке  тоқталмасақ,  жұмыс  істеу  қағидасы 

қарапайым  телевизия  антеннасының  жұмыс  істеуімен  ұқсас,  олардың 

айырмашылығы – телемұнара  рөлін серік атқарады және одан аналогтік емес 

сандық (сондықтан антеннадан басқа конвертер мен ресиверге қаражат кетеді) 

сигнал келеді. Есесіне сапасы мен каналдар саны әлдеқайда көп. Жер серіктік 

ТВ-нің  ерекшелігі  –  «жабық»  немесе  коммерциялық  каналдарды  қабылдау 

мүмкіндігі.  

Айта  кететін  жәйт,  қазіргі  кезде  бір  жер  серіктік  комплектпен  жұмыс 

істей  отырып,  ТВ-ны  қабылдау  мен  Интернет  желісіне  қосылуға  жағдай 

туғызатын құрылғылар кең таратылуда. 

ГССС  мысалдарына  жатқызылатын  жүйелер:  Globalstar,  Inmarsat, 

Thuraya,  Iridium.  Бастапқыда  жүйелер  қозғалмалы  және  стационарлы 

телефонияны  ешқандай  байланыс  желілері  жоқ  жерлерде  ұйымдастыруға 

арналған.    Кейін  интернетке  шығу,  аудио,  видеоақпараттарды  жеткізу 

мүмкіндігі пайда болды. Жүйелер мультисервистік бола бастады. 


 

25 


 

Барлық  жүйелердің  жалпы  жұмыс  істеу  қағидалары:  абоненттің 

сигналын  қабылдай  отырып,  серік  оны  жақын  жердегі  станцияға  таратады. 

Жердегі станция оны жердегі желілер немесе жер серіктік каналдар бойынша 

белгіленген пунктқа дейін бағдарлап авторластырады – бұл сол немесе басқа 

жер серіктік абонент, ұялы желілер, ортақ пайдаланудағы желі және т.б. бола 

алады.  

Жүйелер  өзара  өлшемі  мен  абонеттік  терминалдардың  құны  (ең 

қымбаттылары – Inmarsat, ең арзандары – Thuraya), трафиктің құны, жүйенің 

техникалық ерекшеліктері мен қамту зонасының құрылымы (мысалы, Inmarsat 

жүйесінде  –  геостационарлы  ,  Globalstar  жүйесінде  –  төмен  серіктер 

қолданылады) бойынша ерекшеленеді.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

26 


 

 

2 VSAT жүйесі 



2.1 Кіші жер серіктік станциялар 

VSAT  (Very  Small  Aperture  Terminal)  аббревиатурасы  бойынша  белгілі 

кіші  жер  серіктік  жердегі  станциялар,  яғни  кіші  антенналы  терминал,  жер 

серіктік  байланыста  90-шы  жылдардан  бері  қолданылып  келе  жатыр.    VSAT 

станцияларына халықаралық классификация бойынша антеннасы 2,5 метрден 

кем  емес  станциялар  жатқызылады.  Әдеттегідей,  VSAT  станциялары  үшін 

жиілікті шешімдерді қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. 

 

 



А - Махамбет округінің Жер серіктік станциясы

Б - Ақкөл округінің Жер серіктік станциясы; 

В – Атырау қаласының орталық Жер серіктік станциясы 

2.1 сурет – VSAT жер серіктік байланыстың  сызбасы 

 

Байланыстың  қазіргі  заманға  лайық    қызметін  көрсете  алатын  VSAT 



құрылғылары негізінде мультисервистік желілер құрылуы мүмкін: Интернетке 

қолжетімділік;  телефон  байланысы;  жергілікті  желілерді  біріктіру  (VPN-

желілерін);  аудио  жеткізілім,  видеоақпараттар;  байланыс  каналдарын  сақтық 

қорда сақтау; ақпараттарды жинау, мониторинг және т.б. 

          Тарихқа  шолу.    VSAT  желілерінің  дамуы  бірінші  байланыс  серігінің 

ұшырылуынан  басталады.  60-шы  жылдардың  соңына  қарай  АТС-1-мен 

жүргізілген  ғылыми  тәжірибелердің  арқасында  25  жердегі  станциялардан, 

Аляскадағы  жер  серіктік  телефон  байланысынан  құралған  тәжірибелік  жүйе 

жасалды.  Ku-диапазондағы  VSAT  жүйесін  жасаған  Linkabit  фирмасы  VSAT 

құрылғыларының  негізгі  жеткізушісіне  айналған  M/A-COM  фирмасымен 

бірікті. 

Hughes Communications М/А-СОМ фирмасынан Hughes Network Systems 

компаниясына  айналдырылған  бөлімшені  иеленді.  Қазіргі  уақытта  Hughes 


 

27 


 

Network Systems компаниясы кең жолақты жер серіктік байланыс жүйелерінің 

жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылады. 

VSAT базасындағы жер серіктік байланыс жүйесі үш негізгі элементтен 

тұрады:  орталық  басқарушы  станция  (ОБС),  серік-ретранслятор  мен 

абоненттік VSAT терминалдары. 

VSAT  екі  негізгі  бөліктен  тұрады:  ODU  (Out  Door  Unit)  сыртқы  блок, 

яғни  антенна  мен  қабылдау  таратқышы,  әдетте  1-2  Вт  пен  ODU  (Out  Door 

Unit)  ішкі  блок  пен  жер  серіктік  модем.  Осы  заманғы  VSAT  Ku 

диапазонындағы 11/14 Гигагерц  жиілікпен жұмыс істейді, сонымен қатар 4/6 

Гигагерц  С диапазонын қолданатын жүйелер де бар және қазіргі  кезде  18/30 

Гигагерц  Кa  диапазоны  меңгерілуде.  Қазіргі  таңдағы  VSAT  оның  иесінің 

ақпаратты қабылдауын 4 Мбит/с жылдамдыққа дейін (мультикаст режимінде 

30  Мбит/с-қа дейін)  және  секундына 1-2  Мбит–қа дейін  ақпаратты  жеткізуді 

қамтамасыз етеді. Олар Ethernet пен маршрутизатордың кіріктірме қызметінің 

1-2  порттарынан  тұрады.  Пайдаланушыларға  VSAT  жүйесін  тікелей  өз 

компьютері  немесе  телофонына  қосуға  мүмкіндік  беретін  1-2  қосымша 

телефон портымен жабдықталған үлгілері де бар. 

Қазір әлемде  миллиондаған VSAT жүйелері бар, олардың ішінде АҚШ-

та  500 000  астам.  Ресейде  2006  жылдың  соңына  қарай  5000  жуық  VSAT 

болды,  бірақ  VSAT  жүйесінің  өрістелуі  өте  тез  және  2007  жылы  10 000-ға 

жуық  станциялар  орнатылды.  Қазақстанда  да  КазТрансКом  компаниялары 

арқылы енгізілген VSAT жүйелері бар. 

         Бүгінгі таңда белсенді түрде дамып келе жатқан жер серіктік жүйелердің 

бірі  VSAT  (Very  Small  Aperture  Terminal)  жүйесі  болып  табылады.  Берілген 

жабдық  негізінде  толық  жарамды  мультисервистік  жүйелерді  құру  мүмкін. 

Олардың 

көрсететін 

қызметтеріне: 

Интернетке 

шығу 

мүмкіндігі; 



территориясы  бойынша  бөлінген  локальді  желілерді  біріктіру;  байланыс 

каналдарын  резервке  қою;  ақпараттарды  жинау,  диспетчерлік  басқару  мен 

өндірістік 

процесстердің 

(SCADA) 

мониторингі; 

аудио-, 

видеоконференцияларды ұйымдастыру; спутниктік телевизия мен т.б. 

Бұл  жүйе  банктік  және  қаржылық  мекемелерде,  бөлшектеп  сату  мен 

көтерме  сауда  жүйесінде,  өнеркәсіп  мекемелері  мен  жеке  адамдарда 

қолданысын  тапты.  VSAT  базасындағы  жер  серіктік  байланыс  жүйесінің 

артықшылықтары:  жүйенің  тез  өрістелуі,  байланыстың  жоғары  сапалылығы, 

реконфигурацияның 

қарапайымдылығы, 

дәйектілігі, 

абоненттің 

терминалдарының оңай ауысуы. 

VSAT  жүйелері  біржақты  (абоненттік  терминал  ақпараттарды  тек 

серіктен  қабылдайды,  осындай  жүйелерді  кейде  «құрамдастырылған»  деп 

атайды)  және  екіжақты  (абоненттік  терминал  серік  арқылы  ақпараттарды 

қабылдаумен  қатар,  ақпараттарды  жеткізе  де  алады)  болып  бөлінеді.  

Құрамдастырылған  жүйелер  жер  серіктік  каналды  жердегі  желілермен 

(ақпараттарды  жеткізу  жүзеге  асырылатын  желілер)  қоса  пайладаланылады. 

Екіжақты  жүйелер  жер  серіктік  каналмен  ғана  жұмыс  істей  алады,  бірақ 

сонымен қатар жердегі байланыс желілерін де қолдануға болады. 


 

28 


 

Екіжақты  VSAT  жүйесінің  жұмысын  Интернетке  шығу  мысалымен 

қысқаша  қарастырайық.  Абонеттік  терминалдан  сұраныс  серік  арқылы  ЦУС 

операторына  бағытталады.  ЦУС  жердегі  байланыс  желілері  бойынша 

Интернет  желісінде  қажетті  ақпараттарды  іздестіреді  және  оларды  алғаннан 

кейін  сол  серік  арқылы  абоненттік  терминалға  ақпаратты  жібереді.  Жер 

спутниктік  жүйелердің  технологиясының  дамуы  келесіде  абоненттік 

терминалдардың  арзандатылуына,  антанналар  мен  олардың  байланыс 

каналдарын жақсарту кезінде таратқыштарының күшін азайтуға бағытталған. 

Жер серіктік технологияларының дамуындағы қарғуы желіні жердің орталық 

станциясынан  серіктің  өзіне  қызметтерді  тасымалдау  техногогиясы  бола 

алады. Сонымен бірге байланыстың сапасына ықпал ететін сигналдың серікке 

барып  және  қайтып  оралуымен  байланысты  уақыттың    тоқталуы  едәуір 

қысқарады. 

Орталық басқарушы станция 

ОБС  құрамына  толығымен  жүйенің  қызметі  мен  жұмысын,  оның 

ресурстарын қайта бөлу, кемшіліктерді жою, жүйе қызметтерін тарифтеу мен 

жердегі 


желілермен 

байланысуын 

бақылайтын 

қабылдау-жеткізуші 

аппаратура,  антенно-фидерлық  жабдықтар  мен  құрылғылар  кешені  кіреді. 

Байланыс  сенімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  аппаратура  кемінде  100% 

резервке  қойылады.  Орталық  станция  жерлегі  кез-келген  магистральді 

байланыс 

желілерімен 

байланысып, 

ақпараттық 

толқындарды 

коммутациялауға мүмкіндік береді, нәтижесінде, желіні пайдаланушылар мен 

сыртқы  жүйелердің  абоненттері  (Интернет,  ұялы  байланыс  және  т.б.)  

арасында  ақпараттық әрекеттестік пайда болады. 

Серік – ретранслятор  

VSAT  жүйелері  геостационарлы  серік-ретрансляторлар  базасында 

құрылады. Серіктің басты сипаты борттық таратқыштардың қуаты мен ондағы 

радиожиілілікті  каналдардың  (ұңғылар  мен  транспондерлар)  саны  болып 

табылады. Стандартты ұңғыда максималды өткізгіш қабілеті 40 Мбит/с сәйкес 

келетін 36 МГц өткізу сызығы болады. Орта есеппен, таратқыштардың қуаты 

20-дан  100  Ватт-қа  дейін  ауытқиды.  Қазақстанда  серік-ретранслятор  мысалы 

ретінде «Ямал» байланыс пен хабар тарату серігін мысалға келтіруге болады. 

Олар  ОАО  «Газком»    ғарыштық  сегменттің  дамуына  арналған  және  49°  в.д. 

мен 90° в.д. орбиталық позицияларға орнатылды. 

VSAT абоненттік терминалдары 

VSAT абоненттік терминал – бұл үлкен емес жер серіктік байланыстың 

0,9-дан  2,4  м.-ге  дейінгі  диаметрде  құралған  антеннасы  бар,  негізінде,  жер 

серіктік  каналдарда  ақпараттармен  сенімді  алмасуға  арналған  станция. 

Станция  антенно-фидерлық  құрылғыдан,  сыртқы  және  ішкі  радиожиілілік 

блоктан (жер серіктік модемнен) құралады. Сыртқы блок үлкен емес қабылдау 

таратқыш  немесе  тек  қабылдағыш  ретінде  көрініс  табалды.  Ішкі  блок  жер 

серіктік 

каналдың 

пайдаланушының 

терминалды 

жабыдықтарымен 

(компьютер,  ЛВС  сервер,  телефон,  факс  және  т.б.)  байланысуын  қамтамасыз 

етеді. 


 

29 


 

 

 



 

 2.2 Біржақты қолжетімділік 

Біржақты  қолжетімділікті  жер  серіктік  құрылғылармен  ұйымдастырған 

кезде міндетті түрде сұратылатын канал (кейде оны «кері канал» деп атайды) 

ретінде  пайдаланылатын  жердегі  байланыс  каналы  (телефон  желісі,  ұялы 

байланыс,  радиоэзернет)  қолданылады.  Жер  серіктік  канал  абоненттік 

терминалға  (DVB  стандарты  пайдаланады)  ақпараттарды  қабылдайтын 

тікелей  канал  болып  табылады.  Қабылдағыш  құрал  ретінде  қабылдауыш 

пароболикалық  антеннадан,  конвертордан  және  компьютер  немесе  USB 

сыртқы  блогына  орнатылатын  PCI-тақша  түрінде  жер  серіктік  DVB 

қабылдағыштан құралған стандартты комплект пайдаланылады. 

 

 



 

2.2 сурет - Кері канал ретінде DVB - картасы мен телефон желісі 

қолданылатын біржақты қолжетімділік схемасы 

 

2.3 Екіжақты қолжетімділік 

Екіжақты  қолжетімділікті  ұйымдастыру  кезінде  VSAT  жабдықтары 

тікелей  және  кері  каналдар  үшін  қолданылуы  мүмкін.  Осы  кезде  жердегі 

желілердің  болуы  қажет  емес,  бірақ  олар  қолданылуы  мүмкін  (мысалы, 

резервке қою мақсатында).  

Тікелей  канал,  әдетте,  DVB-S  үлгілерінің  ерекшеліктері  бойынша 

қалыптасады  және  серік  байланысы  арқылы  жұмыс  істейтін  зонада 

орналасқан  жүйенің  барлық  абоненттік  станцияларына  таратылады.  Кері 


 

30 


 

каналда бөлек біркелкі төмен жылдамдықтағы TDMA ағымдары қалыптасады. 

Сонымен  бірге  жүйенің  өткізгіш  қабілеттілігін  арттыру  үшін  кері 

каналдардың  біреуінің  қайта  жүктелуі  кезіндегі  жиіліктің  секірмелі 

өзгерістерін қарастыратын көпжиілікті TDMA (MF-TDMA) пайдаланылады. 

 

 



2.3 сурет - HughesNet (Hughes Network Systems компаниясының) 

жабдықтарын пайдалану арқылы екіжақты қолжетімділік схемасы 

 

VSAT  жүйелері  келесі  типология  бойынша  ұйымдастырыла  алады: 



толық  қатынасты  («әрқайсысы-әрқайсысымен»),  радиалды  («жұлдыз»)  және 

радиалды-торапты  («біріктірілген»)  топология.  Әр  топологияда  өз 

артықшылықтары мен кемшіліктері бар, топологияның бір немесе басқа түрін 

проекттің жеке қасиеттерін ескере отырып таңдау қажет.  

Жер  серіктік  байланыс  радиобайланыстың  бір  түрі  болып  табылады. 

Жер серіктік сигналдар, әсіресе биік жиілілікті Ku және Ka диапазондарының, 

ылғалды  атмосферада  (жаңбыр,  тұман,  бұлтты)  әлсіреуге  бейімделген.  Бұл 

кемшілік  жүйені  құрған  кезде  оңай  түзетіледі.  Жер  серіктік  жүйе  басқа 

радиоқұралдарынан  кедергілерге  ұшырайды.  Алайда,  жер  серіктік  жүйеге 

басқа радиожелілермен пайдаланылмайтын жиілік сызықтары бөлінеді, бұдан 

басқа  жер  серіктік  жүйелерде  тар  бағытталған  кедергілерден  толықтай 

құтылуға мүмкіндік беретін антенналар қолданылады. Осылайша, жер серіктік 

жүйелердің  көпшілік  кемшіліктері  жүйені  сауатты  құру,  технологиялар  мен 

антенналарды орналастыру жерлерін таңдау жолымен жойылады. 



 

31 


 

VSAT  технологиясы  жүйелер  ең  қатал  талаптарға  жауап  беретін, 

ақпараттарды  жеткізуде  кең  көлемді  қызмет  спектрін  көрсететін  өте  икемді 

жүйе  болып  табылады.  Алмасу    протоколдарын  ауыстыру,  жаңа 

терминалдары  қосу  немесе  олардың  географиялық  орналасуын  анықтаумен 

қоса, жүйелердің реконфигурациясы тез жүзеге асырылады. VSAT жүйесінің 

әйгілілігі  басқа  жүйе  түрлерімен  салыстырғанда  корпоративті  жүйелерді 

құрған  кезде  келесі    ұғымдармен  түсіндіріледі:  терминалдардың  үлкен 

мөлшері  бар  жүйелер  үшін  және  абоненттер  арасындағы  жердегі  жүйелерді 

пайдалану кезіндегі пайдаланылмалы шығындар едәуір кем. 

 

 2.4 VSAT жүйесіндегі модуляция тәсілдері 



ЖСБЖ  сигналдарды  жеткізу  сандық  әдістері  толықтай  аналогтік 

әдістерді  ығыстырып  тастады.  Соңғылары  кейде  ЗВ  мен  ТВ  жеткізу 

сигналдарын  (үлкен  индекспен  жиілік  модуляциясы)  жеткізу  кезінде 

пайдаланылады. Сандық жеткізілім кезінде фазалық модуляция мен оның 2,4 

немесе  8  деңгейлер  мөлшерімен  (2-PSK,  4-PSK,  8-PSK)  өзге  түрлері 

қолданылады,  ең  қолайлы  әдіс  4-PSK  болып  табылады.  Едәуір  жоғары 

еселіктегі  PSK  пен  QAM  олардың  КС  ретранслятор  тракті  мен  ЗС  қуатты 

таратқышта 

болған 

бұрмалауларға 



жоғары 

сезгіштігі 

себебінен 

қолданылмайды. 

Модулятор 

мен 


демодуляторда 

қалыптасқан 

сүзгілердің 

сипаттамаларын  сандық  сигналдың  спектрі  трактың  шығуы  кезінде 

«дөңгелектелген»  біркелкі  Д=0,2...0,3  дөңгелектелену  коэффициентімен  шет-

шетінде  «көтеріңкі  конус»  пішіні  бойынша  таңдайды.  Бұл  Найквист 

критерийлерінің  орындалуын  және  радиожиілілікті  спектрді  жеткілікті 

жоғары  нәтижелілік  кезіндегі  нышанаралық  бұрамалаулардың  жоқтығын 

қамтамасыз етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет