В. И. Жаркова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8377
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Қыдырбек Қиысхан, 
магистрант 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ МОҢҒОЛИЯ ЖЕРІНЕ ҚОНЫСТАНУ ТАРИХЫ 
 
 
Бүгінде  тəуелсіз  еліміз  өшкенін 
жағып,  жоғын  түгендеп  жатқан  тұста 
ішкі  тұрақтылық  пен  сыртқы  байла-
ныстан  қол  үзбей  келеміз.  Оған  бір 
дəлел – шетте жүрген қандастарымыз-
ды елге қайтару, тарихи Отанымыздан 
орын  беру. 1992 жылы  тұңғыш  өткен 
Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы-
на  Елбасымыз  Н.Назарбаев  қатысып, 
барша  қандастарға  ізгі  ниетін  айтып, 
көптің  батасын  алды.  Содан  бір  жыл 
бұрын, 1991 жылы  Моңғолиядан  ал-
ғашқы  қазақтардың  көші  Қазақстанға 
келіп  қоныстанған  болатын.  Үлкен 
құрылтайға  жиналған  қазақтардың 
тарихы  əр  қилы,  əр  заманда  көшкен-
дігінен.  Осыны  ескерген  Н.Ə.Назар-
баев  Құрылтайдағы  баяндамасында: 
«Қайта  оралуға  осында  өзін  күтіп 
отырған  жазадан  қорқып,  мыңдаған 
адам  туған  жерді  бір  көруге  зар  бол-
ған күйінде өмірден өксіп өтті. Біз де-
мократиялық мемлекет, адам құқығын 
қорғайтын қоғам құру жолына түскен 
ел  ретінде  тоталитарлық  жүйе  сана-
мызға сіңірмек болған мұндай тарихи 
əділетсіздікті, мұндай қатыгез идеоло-
гияны  түп-тамырымен  айыптаймыз», 
[1] - деген болатын. 
 
Осы құрылтайда сөз алған М.Қо-
зыбаев,  Ə.Қайдаров,  С.Сартаев  баста-
ған  академик-ғалымдардың  жасаған 
баяндамаларындағы  шетелдердегі  қа-
зақтардың  жалпы,  қазақ  диаспорасы 
төңірегіндегі  мəселелері 
[2]  құнды 
деректер болып табылады.  
 
Бүгінгі  таңда  тарихшыларымыз-
дың  пікірлерінше,  қазақтардың  Батыс 
Моңғолия  жеріне  қашан,  қалай  бар-
ғанығы көп талас тудырады. Бұл жай-
ында  Патшалық  Ресейдің,  Кеңестік 
саяхатшылардың  Қытай,  Қазақстан, 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
121
Моңғолия тарихшыларының біраз ғы-
лыми еңбектері жарық көрді.  
 
Тарихшылардың  ортақ  пікірлері 
Моңғолиядағы  қазақ  диаспросының 
қалыптасуын 2 үлкен  кезең  деп 
қарайды. Бірінші кезең – 1723 жылғы 
Жоңғар  шапқыншылығынан  ХІХ  ға-
сырдың 70-жылдар  аралығы  болса, 
екінші  кезең – ХІХ  ғасырдың 70-80-
жылдарынан ХХ ғасырдың 20-жылда-
рына  дейінгі  аралығы.  Алайда,  бірін-
ші  кезең  аралығында  абақ  керейдің 
жекелеген  рулары  Батыс  Моңғолия 
жеріне  барып  мекендегені  болмаса, 
нақты  Қобда  (Алтай  тауының  теріс-
кей  беті,)  яғни,  қазіргі  Баян-Өлгей 
жерін  қоныстанғаны  екінші  кезеңге 
сəйкес келеді 
[3]. Бұл жайында С.Мұ-
қанов  «Тянь-Шаньның  теріскей  жақ 
бетіндегі  халықтардың  басым  көпші-
лігі  қазақтар.  Олардың  алды  Қытай 
өлкесіне  Абылай  заманында  өткен» 
[4], - деп жазған болса, ғалым С.Толы-
бековтың еңбегінде: «Орта жүздің ха-
ны  Əбілмəмбет 1742 жылы  Ресей  би-
лігіне  қарауға  наразы  болып,  өз  қа-
рамағындағы  елдің  біразын  алып, 
Шығыс Түркістанға көшкен» 
[5] - де-
лінген.  Бұл  орайда  қазақтардың  Моң-
ғолияға қоныстану тарихы Қытайдағы 
қазақтардың тарихының жалғасы деу-
ге болады. 
 
Керейдің  батыры  Жəнібектің  де 
отаршылдық  саясатқа  наразы  болып, 
өз қарамағындағы халықты ертіп Шы-
ғыс  Түркістанға  көшкендігі  жайында 
Ə.Тортаева 
[6]  тың  дерек  келтіреді. 
Мұны  ғалым  И.Қабышұлы  да  жоққа 
шығармайды: «Ақтабан  шұбырынды-
дан  кейін  Алтайға  ең  алдымен  абақ 
керейлер,  сонан  кейін  ашамайлы  ке-
рейлер, артынан наймандар келді» 
[7]. 
 
Ал,  моңғол  қазақтарының  тари-
хын зерттеген И.Қабышұлы керейлер-
ді  орта  жүзден  алғаш  Қотырақ  батыр 
бастап, соңына Жəнібек батырдың кө-
шіп  барғандығын 
[8] жазды. Бұл көш 
Семей  жерінен  бері  өтпей,  Алтайдың 
күнгей бетіне, яғни, Шығыс Түркістан 
жеріне  қоныстанған. 1758 жылы 
Маньчжурия  үкіметі  Қытайдың  көп 
бөлігін  басып  алады.  Құрамында  үй-
сін,  найман,  қырғыз,  моңғол,  ойрат 
тайпалары  бар  Шығыс  Түркістан  да 
Маньчжурия қарамағына өтеді. Мань-
чжурия  Шығыс  Түркістанның  атын 
«Жаңа  өлке»  деп  жаңа  атауға  ау-
ыстырады. Тек 1865 жылы Алтай, Іле, 
Тарбағатай  аймақтарындағы  көтері-
лістен  кейін  бұл  өлке  қайтадан  бұ-
рынғы  Шығыс  Түркістан  атауына  ие 
болады. 
Егер  əдеби  шығармаларға  үңіл-
сек, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар 
жыраудың  «Керей  қайда  барасың, 
Сырдың бойын жебелеп...», 
[9] - деген 
наразы толғауы бар. 
 
Орыс ғалымы Г.Потанин Шығыс 
Түркістан  мен  Моңғолияның  баты-
сына жасаған саяхатында, 1830 жылы 
Алтайдағы  Қазақтардың  ру-ұлыста-
рын билейтін «төрт биі» болғандығы, 
олардың – Бейсембі,  Бопан,  Көкен, 
Құлыбек атты бүкіл 12 ата абақ керей 
руының  беделді  билері 
[10]  екендігін 
жазды.  Осыған  қарағанда,  қазақтар 
ХІХ  ғасырда 20-30-жылдарында  Ал-
тай  тауының  Шығысына  əбден  орны-
ғып алғандығын аңғарамыз. 
Орыс  саяхатшысы  Г.Е.Грумм-
Гржимайло қазақтардың Қобда бетіне 
көшу  себебін  жер  мəселесімен  байла-
ныстырады.  Өйткені 1850-1965 жыл-
дары  Қытайда  атақты  Тайпиндер  кө-
терілісі  болып,  ол  бүкіл  Ганьсу, 
Шэньси  провинциялары  мен  Шығыс 
Түркістанды  қамтыды.  Шыңжандағы 
мұсылман көтерілісшілері Алтай, Тар-
бағатай,  Іле  аймақтарының  біраз  же-
рін басып алды 
[11].  
 
Ал  Цинь  империясы  мен  Ресей-
дің саясатында Шығыс Түркістан жері 
мен  оны  мекендеген  қазақтар  туралы 
мəселе  көптеген  жылдарға  дейін  со-
зылған келісім-шарттардың нəтижесін-
де  шешіліп,  қазақ  тайпалары,  соның 
ішінде  керейлердің  көпшілігі  Батыс 
Қытай  өлкесінде  қалды 
[12].  Өйткені, 
абақ  керейлердің 1864-1881 жылға 
дейін  қай  мемлекетке  қарауы  туралы 
мəселе 1881 жылы Петербор қаласын-
да  Ресей-Қытай  келісімі  кезінде  ше-

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
122
шілді.  Шығыс  Түркістан  Маньчжурия 
үкіметіне қарайтын болды. 
  
Жайлау  мен  қыстау  аралығы 
200-500 шақырым, ал Цинь елінде қа-
зақтар  үшін  əсіресе,  малды  қыстату 
өте қиын болғандықтан, 1881 жылдан 
бұрын,  яғни,  ХІХ  ғасырдың 60-жыл-
дарында  олар  Алтайдың  теріскей  бе-
тін  келіп  мекендей  бастаған  болатын 
[13].  Мұны  Г.Е.Грумм-Гржимайло  да 
растайды: «Алтайда  шын  мəнінде 
жаздай  жер  таласы,  ал  қыстай  қора 
мəселесі  бітпейді» 
[14],-  дейді.  Қа-
зақтардың екінші рет Батыс Моңғолия 
жеріне  қоныстану  кезеңі  осылай  бас-
талды. 
 
Г.Е.Грумм-Гржимайлоның  еңбе-
гінде: «Бастапқыда  көшіп  барған  қа-
зақтар  Урьянхайлардан  (моңғол  ішін-
дегі  ұлыс)  Ақсу  өзенінің  бойындағы 
жерлерді  жалға  алып  отырды.  Бірақ 
жер  дауы  күшейіп,  екі  халық  өзара 
жауласып,  ақыры  адам  шығынына 
дейін барған кезде, Қытай үкіметі қа-
зақтардың  нақты  көшіп-қонатын  же-
рін  белгілеп  беріп  отырды» 
[15],- 
десе, Г.И.Потанин: «Маньчжурия өкі-
меті қазақтардың Қобда өлкесіне өтіп 
мекендеуін  ұлықсаттағанымен,  нақты 
мекендейтін жері туралы анық шешім 
шығармаған  еді» 
[16], - деп  жазады. 
Бұл орайда Г.И.Потанин еңбегі ғылы-
ми дəлелге негіз болады.  
 1960 
жылдан бастап қазақтардың 
Қобда  бетіне  қоныстанғандығы  тура-
лы  түбегейлі  зерттеулер  жүргізілді. 
Моңғол  мен  Қытай  арасында 1911 
жылға  дейін  шекара  болмағандығын 
ескере отырып, зерттеушілер Ə.Мініс, 
А.Сарай  өз  еңбектерінде: «Қазақтар 
Алтай  тауының  теріскей  бетіне  неме-
се Қобда өлкесіне 1868-1869 жылдары 
келген» 
[14],-  деген  қорытынды  жа-
сады. 
 1924 
жылы шақырылған Моңғол 
Халық Республикасының алғашқы құ-
рылтайында  сөз  сөйлеген  қазақ  өкілі 
Т.Дəуітбай: «Моңғол жеріне біздің қа-
зақтар 60 жылдың  алдында  келіп  ме-
кендеді» 
[18], - делінген. 
 
Алайда қазақтардың Моңғол же-
рін  мекендеуі  Цинь  империясы  үшін 
тиімсіз  болды.  Өйткені  олардан  ала-
тын алым-салық жергілікті үкімет қа-
зынасына  түспейтін  еді.  Г.Е.Грумм-
Гржимайло: «Батыс  Қытайдағы  көте-
ріліс  кезінде  қазақтардың  бір  тобы 
Қыран Ертіс өзенінен өтіп, Алтай тау-
ын асып, Бұлғын, Сақсай басына дей-
інгі  Урянхай  жерін  басып  алғанды-
ғын» 
[19] жазды. 
 
Моңғолияға  қоныс  аударған  қа-
зақтардың бір тобы – наймандар бола-
тын.  Бұл  туралы  тарихшы  З.Қинаят-
ұлы: «Олар  ХІХ  ғасырдың 60-жылда-
ры  керейлермен  Қобда  бетіне  барған. 
Найманның Байжігіт пен Бура рулары 
болса, 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көте-
ріліске  қатысқаны  үшін  жазалаушы-
лардан  жəбір  көрген  қаракерей  най-
мандар еді» 
[20],- дейді. 
Қазақтардың  Алтайдан  Қобда 
өлкесіне  қоныстануының  көптеген 
саяси,  əлеуметтік-экономикалық  се-
бептері болды: 
 1. 
Алтай өлкесі ұлан-байтақ бол-
ғанымен, мал шаруашылығы үшін қо-
лайсыз  еді.  Сонымен  қатар  ХІХ  ға-
сырдың  басынан  Алтай  жерінде  бас-
талған  егіншіліктің  тез  дамуы  мал 
жайылымының азаюына əкеп соқты. 
 
Осы  жағдайлар  ХІХ  ғасырдың 
ортасында  жергілікті  халық  пен  кө-
шіп-қонып  жүрген  қазақтар  арасын-
дағы  жер  мəселесін  ушықтырды.  Қа-
зақ  халқы  мал  шаруашылығымен  ай-
налысатын болғандықтан, оларға жай-
ылым  жер  керек  болды.  Бұл  жағ-
дайлардың барлығы қазақ руларының 
біраз  бөлігінің  Алтайдан  Қобдаға  қо-
ныс аударуына əкеп соқты. 
 2. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жар-
тысында Қытай елінің ішкі саяси жағ-
дайы  шиеленісе  түсті.  Қытайдың  аз 
ұлттарға  қарсы  жүргізген  кертартпа 
саясатының  салдарынан  жер-жерде 
ұлт-азаттық  қозғалыстар  өріс  алды. 
Қазақтардың  Қобда  бетіне  қоныста-
нуының тағы бір себебі осы болатын. 
3. Қазақтар жергілікті Маньчжу-
рия  өкіметіне  тікелей  салық  салудан 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
123
бас  тартты.  Өйткені,  мұсылман  діні 
бойынша  бұрыннан  қалыптасқан  са-
лық  түрі  (зекет,  ұшыр)  рудың  өзіне 
тəн еді.  
 
ХХ  ғасырдың  басында  Қобда-
дағы  қазақтардың  мал  саны  біршама 
көбейгендігі  байқалады.  Бұл  туралы 
Г.Е.Грумм-Гржимайло: «1900 жылы 
керейлердің  бір  отбасында  орта  есеп-
пен  жиырмаға  жуық  малы  болды» 
[21],- деп жазды. 
 1911 
жылы 200 жыл  бойы 
Маньчжурия  билігінде  болып  келген 
моңғолдар  дербес  Боғда  (Моңғол) 
хандығын  құрды.  Басқа  аймақтар  се-
кілді  Цинь  үкіметінің  құрамында  бо-
лып келген Қобда өлкесі Моңғол мем-
лекетінің  құрамына  енді.  Ал  Шығыс 
Түркістан  мен  Қобда  аралығындағы 
қазақтардың  еркін  көшіп-қонуына 
Моңғол  үкіметі  тарапынан  рұқсат  бе-
рілді.  Сондай-ақ,  көшіп  барған  қазақ-
тар да жергілікті моңғол ұлыстары се-
кілді  салықты  бірдей  төлеп  тұруға 
міндетті болды. Қазақтар үшін Қытай-
дың  өктем  саясатынан  гөрі,  салық 
мөлшерін аз төлейтін Урянхайлардың 
ортасы тиімді болды. Есесіне моңғол-
дар  тарапынан  еркін  көші-қонумен 
қатар,  сауда  жасауға  берген  рұқсаты 
үлкен  қолдау  болды.  Моңғол  қазақ-
тарының  арасында  орыс  саудагерле-
рінің бірнеше сауда орындары жұмыс 
істеп  тұрғандығы  туралы  Потаниннің 
Г.И.
[22]  еңбегінде  бар.  Ресеймен  ше-
каралас  Сарымсақты  жəрмеңкесі  жыл 
сайын желтоқсан айында он күн бойы 
сауда жасап тұрады.  
 1920 
жылға дейін 1870 қазақ от-
басы  Моңғолияның  батысына  қоныс 
аударды 
[23]. Егер əр отбасында 4 кі-
сіден  болса,  Қобда  қазақтарының  сол 
кездегі саны 7 480, ал жанұяда 5 адам-
нан деп есептесек, яғни, он мыңға жу-
ық адам барғандығын білеміз. 
 
Осы  аталған  екі  кезеңді  Моңғол 
қазақтарының  тарихындағы  ең  негізгі 
кезең деп санауға болады. 
 
 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев  Н.Ə.  Құшағымыз  бауыр-
ларға  айқара  ашық. // Дүниежүзі 
қазақтарының 
құрылтайы. – 
Алматы, 1993. –14-15 б. 
2.
 
Қозыбаев  М.Қ.  Ата  тарихы  туралы 
сыр  (Қазақ  халқының  тағдыры 
хақында) // Дүниежүзі  қазақтары-
ның құрылтайы. – Алматы, 1993-22-
42 б; Қайдаров Ə. Ана тілі азбасын, 
атамекен  тозбасын. // бұл  да  сонда. 
– 71-83 б;  Сартаев  С.  Қуат  күшіміз 
бірлікте. // Бұл да сонда. – 43-56 б. 
3.
 
Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақ-
тарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980. 
– 18 б. 
4.
 
Мұқанов С. Қытайға саяхат. // Жұл-
дыз. – 1959 - №5, 75 б. 
5.
 
Толыбеков  С.Е.  Общественно-эко-
номический  строй  казахов  в  ХVІІ-
ХІХ вв.- Алма-Ата. 1959. 272б. 
6.
 
Тортаев Ə. Шығыс Түркістан қазақ-
тары. Қазақ тарихы. 1998. №1. 18 б. 
7.
 
Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақ-
тарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 
18 б. 
8.
 
Бұқар жырау Қалқаманұлы. Жырау-
лар жинағы. 
9.
 
Потанин Г.Н. Очерки Северо-Запад-
ной Монголии. Вып. ІІ.  1936. 22 б. 
10.
 
Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақ-
тарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 
32 б. 
11.
 
Қозғанбаева  Г.Б.  Қазақ  диаспорасы 
қашан, қалай пайда болды? // Қазақ 
тарихы . – 1995. №4. – 43-49 б. 
12.
 
Потанин Г.Н. Очерки Северо-Запад-
ной Монголии. Вып. ІІ. 1936. 26 б. 
13.
 
Грумм-Гржимайло  Г.Е.  Западная 
Монголия  и  Урянхайский  край. 
1936, 413 б. 
14.
 
Бұл да сонда. 414 б. 
15.
 
Потанин Г.Н. Очерки Северо-Запад-
ной Монголии. Вып. ІІ. 1936. 2 б. 
16.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей  аймағының  қазақ  халқы  тари-
хынан. Баян-Өлгей. 1960. 134 б. 
17.
 
Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақ-
тарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 
33 б. 
18.
 
Грумм-Гржимайло  Г.Е.  Западная 
Монголия  и  Урянхайский  край. 
1936, 476 б. 
19.
 
Қиянатұлы З. Жылаған жылдар ше-
жіресі. Алматы, 1995, 237б. 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
124
20.
 
Грумм-Гржимайло  Г.Е.  Западная 
Монголия  и  Урянхайский  край. 
1936, 476 б. 
21.
 
Потанин Г.Н. Очерки Северо-Запад-
ной Монголии. Вып. ІІ. 1936. 75 б. 
22.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей аймағының қазақ халқы тарихы-
нан. Баян-Өлгей. 
 
 
Қыдырбек Қиысхан,
 магистрант 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ЖАППАЙ ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ  
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ТИГІЗГЕН ЗАРДАПТАРЫ 
 
1928  жылы  Моңғол  Халық  Рес-
публикасы партиясының VІІ съезі мен 
мемлекеттік V съезі шақырылып, бай-
ларды  жойып,  олардың  мал-мүлкін 
тəркілеу  туралы  шешім  қабылданды. 
Осы съезде «Аз ұлттар арасына нағыз 
халықтық əкімшілік ұйымдарын орна-
ту»  қаулысы  да  қабылданды 
[1]. 
Съезд  партияның  интернационалдық 
саясатын қолдап, ұлтшылдық көзқара-
стан арылу керек деп шешті. 
Осы  саясатты  астыртын  жүзеге 
асыру кезінде, 1931 жылы Моңғолдың 
ішкі өлкелерінде наразылық білдірген 
ламалар  (дінбасылар)  қозғалысы  бой 
көтерді 
[2].  Ол  ешбір  келісім-ымыра-
сыз қарулы күшпен басылды. 
1934 жылы қарашада Моңғолия-
ның бас министрі П.Гэндэн Мəскеуде 
Сталинмен  кездесіп,  ұлттар  мəселесі 
жөнінде  мəселелер  көтерілді.  Негізгі 
тақырып  моңғол  дінбасыларын  құрту 
болғандықтан,  бұған  министр  П.Гэн-
дэн келіспеді 
[3]. Ал 1936 жылы Ста-
лин  Мəскеуде  Моңғолия  министрі 
А.Амарды  қабылдап,  ламаларды  тез 
арада  жоюдың  уақыты  жеткендігін 
жəне  оны  іске  асырудың  астыртын 
жоспары дайын екенін мəлімдеген. 
Алғашқы  бір  жылдың  ішінде 25 
600  лама  «эсергу» (халық  жауы)  ата-
нып,  түрмеге  жабылды. 1930-1931 
жылдары  əкімшіліктің  жаңа  жүйесі 
бойынша  «хошун», «сұмын», «бақ-
тар»  құрылды.  Жаңа  жүйенің  негі-
зінде  ең  алдымен  дінді  ұстануға  тый-
ым  салынды.  Байлардың  мал-мүлкін 
тəркілеу туралы қаулыдан кейін, 1931 
жылдың  көктемінен  бастап  Қобда 
бетіндегі қазақтардың біразы Алтайға 
ауып кетті 
[5]. Олар 1931 жылдың ая-
ғы  мен 1932 жылдары  Қобда  бетіне 
қайта оралған.  
Ал 1938 жылы  МХРП  Орталық 
Комитетінің басқармалары қазақ, ури-
анхай  мəселелері  жөнінде  екі  рет  бас 
қосты.  Қобда  өлкесінде  тұратын  қа-
зақ,  урианхай  ортасында  жергілікті 
əкімшілік орнату, өндіріс, сауда орын-
дарын  құрып,  партия,  жастар  ұйым-
дары,  кəсіподақтар  орнатуға  бағыт-
талған  іс-шаралар  жүргізу  жөнінде 
мəселелер көтерілді. 1938 жылдың 27 
маусымында болған алғашқы отырыс-
та  МХРП  Орталық  Комитеті: «Қобда 
аймағындағы аз ұлттар, əсіресе, қазақ, 
урианхайлар  ортасында  бүгінгі  күнге 
дейін  əкімшілік  билік  феодалдар  қо-
лында. Сонымен қоса, феодалдық заң 
мен салт бұрынғыдай сақталып отыр» 
[6],-  деп  көрсетті.  Комитет  қаулы-
сымен  аз  ұлттар  ортасында  бұрын 
«хошун» деп аталып келген əкімшілік 
басқару  ұйымын  сұмын,  бақ  болғы-
зып,  өзгертіп,  демократиялық  сайлау 
кезінде  басшы  тағайындау,  жаңадан 
құрылған  əкімшілік  орталықтарды 
жергілікті  жер-су  аттарымен  атау  ту-
ралы шешім шығарылды. 
Осы аталған жағдайлардың негі-
зінде Қобда өлкесіндегі аз ұлттар, əсі-
ресе,  қазақтар  арасында  «халық  жа-
уы»  деген  айдармен  қуғындау  істері 
басталып  кетті  Зерттеуші  А.Мауара-
ұлы 1938 жылдың аяғына дейін 800-ге 
тарта  адам  «эсергу»  деп  ұсталғанды-
ғын 
[7]  жазса,  кейбір  моңғол  тарих-
шылары  бұл  көрсеткішті 2000 қазақ 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
125
азаматы  ұсталған  деп  көрсетті.  Қолға 
түскендерді  Қобда  қаласының  ішкі 
істер  органдарында  тергеп,  сондағы 
түрмелерге қамаған. 
1938 жылдың 16 желтоқсанында 
МХРП  Орталық  Комитеті  Моңғолия-
ның  батыс  өлкесіндегі  аз  ұлттар  жө-
нінде  тағы  да  өте  маңызды  қаулы  қа-
былдады.  Қаулыда  ұлт  мəселесі  тура-
лы соңғы кезде бірнеше маңызды ша-
ралар жүзеге асырылды 
[8]. Атап айт-
қанда, бұл Қобда өлкесіндегі ең алды-
мен  қазақ,  урианхай  қатарлы  аз  ұлт-
тарға жер бөліп беру жəне феодалдық 
құрылыста  болып  келген  қазақ  хашу-
ны əкімшілігін өзгертіп, заңды тұрғы-
дан  сайлау  жүргізу  арқылы  билікті 
біржолата  партиялық  негізде  орнату 
істерін  нақтылай  іске  асыру  тапсы-
рылды.  
Бұдан  бұрын, 1930 жылы  қазақ-
тар  арасында  билер  соты  жойылып, 
халық өкілдері қатысуымен жүргізіле-
тін  сот  жүйесі  құрылған  болатын 
[9]. 
Жоғарыдағы  «заңды  тұрғыдан»  деп 
тұрғанымыз  халық  арасынан  сайлан-
ған  заң  немесе  құқық  қорғау  орган-
дары  өкілдерінің  аз  ұлттарды  ескі  са-
надан жаңаша көзқарасқа өзгерту деп 
түсінуге болады. Өйткені, социализм-
дік кез-келген жерлерде заң тұрғысы-
нан шешіле қоятын мəселелердің бар-
лығының ар жағында ең алдымен ұлт-
тық сананы бұру жатыр. Оған дəлел – 
Орталық Комитеттің қаулысы бойын-
ша  Қобда  бетіндегі  қазақтарға  Ху-
жирт  (Құжырты),  Цагаангол,  Дэлүүн, 
Толбо  (Тұлба),  Уланхус  (Ұланқұс), 
Цагааннуур  (Ақкөл),  Баяннур  сұмын-
дары  берілген  болса,  урианхайларға 
Алтанцөгц,  Цэнгэл,  Сақсай  сұмында-
рын берді. Жаңадан құрылған сұмын-
дардың  жерін  ұлғайту  үшін  қазақ, 
урианхайларға қосымша 35 мың шар-
шы  шақырым  жер  бөлінді 
[10].  Қа-
зақтарға осыншама жерді бөліп беріп, 
өз  ішінен  басшы  сайлату  партиясы-
ның  саяси  науқандарды  жүргізуіне 
оңтайлы сəт болды. 
Екінші жағынан, Орталық Коми-
тет пен большевиктік саясатты қолда-
маған Гэндэн (жоғарыда аталған Моң-
ғолияның бас министрі – Қ.Қ.), Дэмид 
бастаған  моңғол  азаматтарын  жалған 
жаламен ұстау – қазақ арасындағы бе-
делді  ел  басшыларының  тұтқындалу-
ына  тікелей  əсер  етті.  Ұлт-азаттық 
күрестің  қазақтар  арасынан  шыққан 
басшысы  Т.  Дəуітбай  мен  Дэмидтің 
қолынан орден таққан хашун бастығы 
Тұрды  секілді  оннан  аса  адамды  Гэн-
дэн-Дэмидтердің  сыбайластары  деген 
жалған жаламен айдап əкеткен. Соны-
мен  қатар  Найман  рулы  бір  топ  ер-
азаматтарды  да  «Қазан  төңкерісінің 
қашқындары»  деп  тұтқынға  алған. 
Бұл  туралы  зерттеуші  А.Мауқараұлы 
мынадай  мысал  келтіреді: «Ең  бір 
ақылға сыймайтын жағдай арабша хат 
танитын,  ақыл  тоқтатпаған 17-18 жа-
сар  бозбалалардан  бастап, 80-90-дағы 
төсек  тартып  жатқар  қарияларды  да 
ұстап,  түрмеде  азаптап  өлтірген.  Тіп-
ті, Ителі руының 103 жастағы Ызғын-
бай  деген  қарияны  ұстап,  атқа  таңып 
əкеле  жатқанда  «Үш  шеңкір»  деген 
жерде жолда өлген» 
[11]. 
Қобда  бетіндегі  ұсталған  адам-
дардың саны əр əкімшілік аудандарда 
əртүрлі  болды.  Олардың  ішінде  ең 
көп  тұтқындалғаны  Бұлғын  бойының 
200-ге  тарта  адамы  екендігі  Баян-Өл-
гей  тарихында  нақтылы  деректермен 
жазылған 
[12]. Бұл оқиға тарихта «Ел 
үріккен  жыл»  деген  атпен  қалды. 
Эсергу  ұстаудың  тоқтамасын  білген 
ел 1943 жылы  жаппай  Шыңжанға 
қарай көше бастады. Үш бақтың көші 
шекарадан  Алтайға  қарай  асып  бара 
жатқан  жолда  қырғынға  ұшырайды. 
Бұл  оқиға  жайында  Моңғолия  Жазу-
шылар  Одағының  мүшесі (1975 жыл) 
жəне  Қазақстан  жазушылар  Одағы-
ның  мүшесі (1993 жылдан)  Зұқай 
Шəрбақынұлы  өзінің  «Киелі  қанның 
тамшысы» 
[13]  атты  еңбегінде  біраз 
естеліктер  жазды.  Осы  көште  тарих-
шы  М.Қабышұлының  анасы  да  оққа 
ұшып,  бауырыныдағы  баласы  тірі 
қалған.  Ал  жүзден  астам  үй  Шың-
жанды қыстап шығады.  
1944  жылы  көктемде  Шығыс 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
126
Түркістанның  Алтай  аймағында  ұлт-
азаттық көтеріліс жеңіске жетті. Бұған 
Моңғол  үкіметі  ерекше  мəн  берді. 
Себебі,  Шығыс  Түркістан  тəуелсіздік 
ала  қалса,  оның  ұстанатын  бағыты, 
Моңғолдың  Батыс  өлкесіне  деген 
көзқарасы  Моңғол  үкіметінің  басты 
мəселесіне  айналды.  Өйткені, 1940 
жылы  құрылған  Баян-Өлгей  аймағы-
ның  Алтай  өлкесіне  қарайтын  жағы 
түгелдей  дерлік  қазақтар  болған  бол-
са,  шекара  мəселесінің  одан  əрі  ушы-
ғып  кетуінен  қауіптенді.  Біріншіден, 
1940  жылы  Қобда  аймағынан  бөлініп 
шыққан  Баян-Өлгейдің 8 мың  отба-
сында 30 мың адам, олардың көбі қа-
зақтар 
[14] екенін ескерсек, бұл ерек-
ше  бақылауға  алынатын  жағдай  еді. 
Екінші  жағы,  Шығыс  Түркістанның 
көтерілістің  негізгі  ошағына  айналуы 
Қытай үкіметі мен Моңғолия арасын-
дағы  шекара  мəселесін  тығырыққа 
əкеп тіреді. 
Сондықтан, 1944 жылы Моңғол-
дың  Орталық  үкіметі  Шамшырұлы 
Ноғай деген қазақ жігітін арнайы тап-
сырмамен  көтерілістің  басшысы  Ос-
пан  батырмен  ресми  кезігуге  жіберді. 
Ш.Ноғай  мен  Оспан  батыр  арасында-
ғы  кездесу  сəтті  болып,  қобдалық 
саяси босқындарды елге қайтаруға ке-
лісті.  Ш.Ноғай  Қобда  мен  Шығыс 
Түркістан арасында тиімді қатынастар 
орнатып,  олардың  бағыт-бағдары  мен 
жалпы жағдайы туралы көптеген құн-
ды деректер алып қайтты. 
Мұндай  келісімге  баруға 1934 
жылғы  екі  ел  арасындағы  шекара 
қақтығысы  себеп  болды.  Моңғол  қа-
зақтары  тарихында  «Мұқыр  қырғы-
ны» деп аталған оқиғадан шекарадағы 
900  отбасы  жаппай  жазаланған  бола-
тын.  
1934  жылдың  күзінде  Өр  Алтай-
дың Жылмысбай деген адамы бастаған 
900  үй  шекарадан  Моңғолға  қарай 
өтпекші болады. Бұдан аз уақыт бұрын 
Алтайдан  келген  қарақшы  топ  Моң-
ғолдың Құба Алтай аймағына бірнеше 
рет шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, 
малдарын  айдап  əкеткен.  Қарақшылар 
мен  олардың  басшылары  дер  кезінде 
ұсталып,  жазаға  тартылған.  Шекара 
əскері  күшейтілді.  Бірақ  моңғолдың 
200  шерігі  (əскері-Қ.Қ.)  қарақшылық 
əрекетті сылтау етіп, шекарадағы Жы-
лымысбай  бастаған 900 отбасын  қыр-
ғынға ұшыратады 
[15].  
Осындай күрделі жағдай ел үрік-
кен, яғни, 1943 жылы да қайталанады. 
Шыңжанға  өтіп  бара  жатқан  Қобда 
қазақтары  бақтың  бастығы  Өткерме 
мен  сұмындық  ішкі істер  өкілі  Зияны 
өлтіріп  кетеді 
[16].  Сондықтан,  Баян-
Өлгей жеріне қайтадан көшіп барудан 
жəне  ондағы  жазадан  қорыққан  елге 
Н.Ноғай мен Оспан батырдың келісімі 
оң шешім берді. 
Сөйтіп, Бұлғын бойынан үріккен 
ел  түгелдей  өз  мекеніне  оралды. 
Қарапайым халыққа үкімет тарапынан 
кешірім  жасалғанмен,  көптеген  ауыл-
дарды күштеп Қобда өзенінен өткізіп, 
жер  аударды.  Ал  көшті  бастап  ұйым-
дастырғандар  түгелдей  қатаң  жазаға 
тартылды.  Зияның  өліміне  байланыс-
ты деп Мəшіреп, Тоқай, Ібіке өлім жа-
асына  кесілді.  Байғажы,  Құсайындар 
ұзақ мерзімге сотталды. Ал Өткермені 
өлтіруге қатысқан Сарқымбай, Көксе-
ген бастаған азаматтар да қатаң жаза-
ланды. 
1928  жылғы  Моңғолдың  мемле-
кеттік V құрылтайындағы «...Еліміз-
дегі барлық дəулет иелері төңкерістің 
қас  жауы,  олармен  аяусыз  күресу  ке-
рек!» 
[17],-  деген  ұраны  Қобда  бе-
тіндегі  дəулеттілердің 1930 жылғы 
Шыңжанға  ауа  көшуіне  себеп  болды. 
Сол  кездегі  Қобда  бетіндегі  қазақтар 
арасында Мəскеудегі Коминтерн аты-
нан  қазақстандық  (Көкшетаудан,  руы 
–  уақ  А.Мауқараұлы)  Кенжебек  Қос-
жанов есімді комиссар келіп, ел ішін-
де  тергеу  жүргізе  бастайды.  Жергі-
лікті қазақтарды Моңғолдың ішкі Увс 
аймағына  өтуге  мəжбүрлейді.  Бірақ 
Керей  ішіндегі  Тасбике  руының  Ра-
мазан, Ібірəлі, Нұрқаш деген жігіттері 
Кенжебек  бастаған  қызылдың  əскер-
лерін  ұстап  алып,  Алтайдың  шекара-
сына келді. Ондағы болған атыс кезін-

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
127
де  комиссар  Кенжебек  оққа  ұшады. 
Ал шекара əскерлерімен қақтығысқан 
ауыл  Шыңжанға  өтіп,  Қобда  бетіне 
қайтадан  оралмады.  Бұл  оқиға  қазақ-
тар  тарихында  «Кенжебек  айдаған 
жыл» деген атпен қалды. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қабышұлы И. Моңғолия қазақтары-
ның тарихы. Баян-Өлгей. 1980. 4-б. 
2.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 4-б. 
3.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей  аймағының  қазақ  халқы  тари-
хынан. Баян-Өлгей. 1960. 184-б. 
4.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 4-5 б. 
5.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей аймағының қазақ халқы тарихы-
нан. Баян-Өлгей. 1960. 72-б. 
6.
 
Қабышұлы И. Моңғолия қазақтары-
ның тарихы. Баян-Өлгей.1980. 191б. 
7.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 5-б. 
8.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей аймағының қазақ халқы тарихы-
нан. Баян-Өлгей. 1960. 66-б. 
9.
 
Қозғанбаева  Г.Б.  Қазақ  диаспорасы 
қашан, қалай пайда болды? // Қазақ 
тарихы . – 1995. №4. – 43-49 б. 
10.
 
Қабышұлы И. Моңғолия қазақтары-
ның тарихы. Баян-Өлгей.1980. 192б. 
11.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 4-5 б. 
12.
 
Мініс  Ə.,  Сарай  А.  МХР  Баян-Өл-
гей аймағының қазақ халқы тарихы-
нан. Баян-Өлгей. 1960. 104-б. 
13.
 
Шəрбақынұлы З. Киелі қанның там-
шысы. Көкшетау, 2005. 85-б. 
14.
 
Қабышұлы И. Моңғолия қазақтары-
ның тарихы. Баян-Өлгей.1980. 197б. 
15.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 4-б. 
16.
 
Шəрбақынұлы  З.  Киелі  қанның 
тамшысы. Көкшетау, 2005. 91-б.  
17.
 
Мауқараұлы  А.  Қызыл  қырғын.// 
Ақиқат. №9. 4-б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет