1.
Қ.Салғарин. Қазақ шежіресі. // Жұл-
дыз.1991.№10.-42б.
2.
Аманжолов С.А. Вопросы диалек-
тологии и истории казахского язы-
ка.-Алматы.Санат.-1997.-608ст.-48с.
3.
Мұқанов М.С. Этническая террито-
рия казахов в ХVІІІ начале ХХ ве-
ков.Алма-Ата.Казахстан.-1991.-64б.
4.
Кенесбаев С.К., Джанузаков Т.Д. О
лексических пластах ономастики
казахского языка //Советская тюр-
кология, 1976, №3 . 78-88ст.
5.
Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі.-
Алматы. Хант.-1997.- 1т.-590 б.
6.
М.Тынышбаев. История казахского
народа.-Алма-Ата. Қазақ универси-
теті.-1993.-224ст.
Сейсембай Г.А.,
аға оқытушы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
ƏСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТƏРБИЕЛІК МƏНІ
Əдебиетіміздің тарихында арты-
на əсем əндері мен мағыналы өлең-
дерін мирас еткен ХІХ ғасыр қазақ
əдебиетінің көрнекті өкілі - Əсет Най-
манбайұлы.
Əсет ақын шығармашылығын та-
қырыптық тұрғыдан зерделер болсақ,
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
161
суреткерді жиі толғандырып, туынды-
ларына арқау болған негізгі мəселенің
бірі - адамгершілік, ұрпақ тəрбиесі,
адами қасиеттерді насихаттау екен-
дігін байқауға болады.
Жақсылық пен жамандық, ақыл-
ды мен наданның ісі, харам мен халал
сияқты жолдары ешқашан тоғыспай-
тын кереғар дүниелерді салыстыра
отырып əрқайсысының парқын айыра
келе ойын өнеге-өсиет түрінде қорыту
ақын шығармаларындағы басым са-
рын болып табылады. Ақын түсінігін-
де ғылым мен ақыл, иман ажырамас
бірлікте болса ғана, жүректің асылды-
ғы мен ізгілігі сақталады.
Ақыл – қанат, ғылым – дос, иман
– серік,
Асыл жүрек бермейді, шайтанға
ерік
Нəпсіге өз бойыңды билетпесең,
Ақылың мол, сабырың болып
берік,
- деген жолдардан осы негізгі
түйінді аңғарамыз.
Ақылдының сөзінде жұпары бар,
Ғылыммен тəн тазарып жанда-
нады.
Оқудың түзетпейтін адамы жоқ,
Қараңғы мін барларға шам жана-
ды.
Ақылды, аз ашулы көп пікірлі,
Пайдалы насихатты аңғарады.
Жаманның көрпесінің өлшеуі жоқ,
Əлбетте əлін білмей паңданады
Негізгі ой желісі бұл шумақта да
өз жалғасын тауып, алғашқы өлең
жолдарында берілген пікірмен сабақ-
тасып жатыр. Ғылым жолына түскен
жан өз тəнін тазартып, жан-дүниесін
тек ізгілікке толтыра алады деген
сенім ақын туындыларында жиі
қайталанып отырады.
Берді өлшеп ризықты бейнетіңе,
Ғылым қу, жай тамырын тербетуге.
Адамдық адалдықпен бірге жүрер,
Жарамас жамандықпен ержетуге.
...Шындықтан кісі өлмейді, шы-
найы бол,
Адамға шын дос керек селбесуге,
-
деген ақын сөздеріндегі де өзекті идея
адамгершілік қасиет, адалдық пен
адамдықтың ең алдымен шынайылық
пен əділдіктен туындайтындығы бо-
лып отыр.
Ойшыл ақынды көп алаңдатып,
ойландырған күрделі мəселе – адам
мінез-құлқы, оның бойындағы жақсы,
жаман қасиеттер. Жақсы мен жаман-
ның сипаты туралы ол былайша жыр-
лайды:
Жамағат, сен тыңдасаң, айтай-
ын сөз,
Адамның біреуі - алтын, біреуі –
жез,
Əрқашан жолдас болсаң, жақсы-
мен бол,
Бағаңды кетіреді қор менен ез.
«Əсет ақындығына əсер еткен,
оны ақын етіп тəрбиелеген негізгі
күш, біріншіден халықтың бай ауыз
əдебиеті. Əсеттің одан кейінгі тікелей
ұстазы – Абай», - деп жазушы Бексұл-
тан Нұржекеев айтқандай [1,39] ақын-
ның кейбір ой-пікір төңірегінде Абай-
мен жиі тоғысатынын аңғарамыз, əсі-
ресе адамгершілік мəселесінде оның
ұстазымен үндесер тұстары жиі кез-
десесіп отырады:
Өкініп өткен істі надан қумақ,
Шын ақыл пайдасызды іздемейді.
Нəрсе жоқ талаптанбай табы-
латын,
Наркескен қайралмаса жүздел-
мейді.
Қасарар қайраса да наданшылық,
Білімсіз өзі біліп үйренбейді.
Керенау, ұйқы, жалқау – үш досы
бар,
Бұлардан бауыр басып жирен-
бейді.
Ұлы Абай «өсек, өтірік, мақтан-
шақ, еріншек, бекер мал шашпақтық-
тан» сақтандырса, Əсет те осы сарын-
дас ой түйіп, надандық пен жалқау-
лықтан, бос ұйқы мен керенаулық
сияқты жаман қасиеттерден аулақ
болуға үндейді.
Абай «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым» деп «жақсы мен жа-
манды айырмаған» елі үшін күңі-
ренсе, Əсет те «Қалдың ба, қайран қа-
зақ, қамданбастан» деп жырлап, өз
ортасының мінез-құлық кемшілігін
өткір мінейді. Екі ақынның да жан
қайғысы бір, елдің ертеңіне кедергі
болар халық бойындағы жаман қа-
сиеттерді сынай отырып, басты мақ-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
162
саттары қазақты бірлік, ынтымаққа
шақырып, əділдікке тəрбиелеу.
Абай:
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа
сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыр-
тым.
...Бас-басына би болған өңкей қи-
қым,
Мінекей бұзған жоқ па елдің
сиқын?!,
-десе
Əсет:
Қазақ қамын ойлаған кісің
бар ма,
Білгенің, іздегенің - өзің құлқың.
Ғаділет, шапағат жоқ жүрегіңде,
Адамға ерік бермес өңшең қыр-
тың, - деп халқының «бағасыз қара
тастай» болып, ілгері баспай, жастар-
дың «басында жемісі жоқ қу ағаштай»
өнер-білімсіз, ғылымсыз жатқан кей-
піне наразылық танытады.
Жақсы мен жаманға тəн іс-əре-
кет, мінез-құлықты сипаттауда ақын-
ның өмірлік тəжірибесі, өнер адамына
сай байқағыштығы мен философия-
лық терең ойшылдығы назар аудар-
тады. Өмірдің өткіншілігі туралы да
өз туындыларында көп толғанған су-
реткер сол өлшеніп берген ғұмырды
жүректі таза ұстап, қолдан келгенше
жақсылық қана жасап, жаман қасиет-
терден аулақ болып өткізуге шақыра-
ды. Ақынның гуманистік ой-пікірлері
бүкіл шығармашылығына арқау бо-
лып тұрғанын байқау қиын емес.
Мына өлең жолдарынан жақсы мен
жаман туралы ақын тарапынан айтыл-
ған тағы бір тағылымды ойды көре-
міз:
Жақсы адам жат кісіні дос қы-
лады,
Жаман адам дауыңа дау қосты-
рады.
Ат алмайтын адырға адырайып
шығып,
Бұғып жатқан аң болса босты-
рады.
Абайша айтар болсақ «Алды
үміт, арты өкініш алдамшы өмірде»
бар күш жігеріңді біреуге жамандық
жасауға жұмсау ақымақтың ісі екен-
дігін ақын үнемі ескертіп отырады.
Жігітке қисық қылық мінменен
тең,
Жараспас жас бойына сынменен
тең.
Надан бар көңілі қара, қолы са-
раң,
Қараңғы жүрегі оның түнменен
тең
, - дей келіп жаман мінездің, на-
дандық пен пасықтықтың себебі бі-
лімсіздіктен, ғылымға көңіл бөлме-
гендіктен деп те түйін жасайды. «Ғы-
лым деген иманның бір кілті бар, ке-
медей дарияны жалдайтұғын» деген
сөздері де осы пікірін нақтылай тү-
седі. Ойымызды дəлелді беру үшін,
тағы да ақынның осындай мағына-
дағы өз сөздеріне жүгінейік:
Шыншыл бол, шықпа жолдан,
шыдамды бол,
Ақыл – дос, талап – басшы, таба-
сың жол.
Мамықтай мінезіңді жұмсақ қы-
лып,
Жылы жүз, тəтті сөзбен мақта-
уға тол.
Талапсыз жас, пайдасыз өткен
ғұмыр,
Секілді керуен түспес сахара шөл
...Надандықтан ғылымды қиын-
сынып,
Ақылдан адасып жүр бірқатар ел.
Ақыл, ғылым болмаса бір пияла,
Жанары жоқ дөңгелек көзің бір
нөл.
Ақынның өлеңнің танымдық,
тəрбиелік мəнін терең түсініп, оны өз
заманындағы адам мінезін түзеудің
күшті құралы деп қарағанын көптеген
өлеңдерінен, əсіресе адамгершілік мə-
селесін көтерген «Шыншыл бол, шық-
па жолдан, шыдамды бол», «Ұраным
– арғын шордан қаракесек», «Жас жі-
гіт надандықпен алданады», «Бұл дү-
ние ойлап тұрсам емес жолдас», «На-
данды білімсіз деп қылдық өсек» т.б.
шығармаларынан толық байқаймыз.
«Көзі ашық, көңілі ояу жастар
үшін»
Халықтың айна етіп жаздым
жайын,
- деп Əсет ақын өз заманының
кемшілігін, адамдардың жаман қа-
сиеттерін сынап, жас ұрпақты осын-
дай кесапат қылықтардан қашық бо-
луға шақырады.
Əдебиеттің адамтану ғылымы,
əдеби туындының тəрбие құралы
екендігін ескерер болсақ, оның оқыр-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
163
манға берер үлгі-өнегесі мен тəлім-
тəрбиесі «кеудесінде сəулесі бар»
жанға əсерін тигізері анық.
Əл-Фараби «Адамға ең бірінші
білім емес, рухани тəрбие керек, тəр-
биесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы. Ол келешекте оның өміріне
апат əкеледі», - деген екен. Ұрпақ тəр-
биесін жүзеге асыруда ақындарымыз-
дың туындыларындағы адамгершілік
идеяларды, тəлім-тəрбиелік ой-пікір-
лерді назарда ұстау, əдебиетіміздің
асыл үлгілері арқылы жас ұрпақты
жақсы қасиеттерге баулу бүгінгі таңда
аса қажет. Осы тұрғыда Əсет Найман-
байұлы өлеңдерінің тағылымдық ма-
ңызы, берер тəлімі мол екенін айта
кеткеніміз жөн.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Найманбаев Ə. Шығармалар. Алма-
ты., «Жазушы», 1988
2.
Ахметов З. Абайдың ақындық əле-
мі. Алматы., «Ана тілі» 1995
3.
Сүйіншəлиев Х. ХІХ ғасыр қазақ
əдебиеті. «Жазушы», 1992
4.
Құнанбаев А. Шығармалары. Алма-
ты., «Жалын», 1995
Тастайбаев Д.Ə.,
магистрант
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
МҰХТАР ƏУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ
ƏЛЕМ ƏДЕБИЕТІ ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН ҰҚСАСТЫҒЫ
Əлемдік мəдениетке қазақ халқы
қандай көркемдік игіліктер қосты де-
генде, ауызға алынар есімнің бірі -
Мұхтар Əуезов. Ол əлемдік құбылыс.
Əуезов ғасырлар бойы жиналып кел-
ген қазақ топырағындағы асыл құнар-
лардың жарқырап қайта көрінуінің
үлгісі. Ауыз əдебиетіндегі сарындар,
мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар
Əуезов дүкенінде қайта жаңғырды.
Қазақтың реалистік дəстүрлердің те-
реңдеп сіңгенін танытты.
Оның шығармаларының ең бір
жақсы жағы жастарды адамгершілік
пен мейірімділікке тəрбиелеу. Қазақ
халқы мəдениетінің өркендеуіне Мұх-
тар Əуезовтің сіңірген еңбегі орасан
зор, ол өзі сияқты санаулы адамдар-
мен бірге əдебиетіміздің жедел да-
муына ат салысты, проза мен ұлттық
дарматургиямыздағы
бастаушылар-
дың бірі болды.[1, 85]
Мұхтар Əуезов – шығармалары
ұлттық шеңберден шығындап көте-
ріліп, əлемдік мəдениеттің қымбат
қазынасына толымды қор болып қо-
сылған ұлы суреткер. Сондықтан бү-
гінгі таңда туған жекелеген байсалды
еңбектеріне қарамастан, оның мұрасы
əлі ұзақ уақыт жан – жақты, сан
алуан, əр бағыттағы зерттеулердің
объектісі болуы қажет. Қазақ əсемдік
ойы тарихында ерекше құбылыс – М.
Əуезов туындылары идеялық – көр-
кемдік, образдық, жанрлық ретпен де,
ізденіс өрістері, қаламгерлік эволю-
ция тұрғысынан да ақтара қарап, сара-
лауды талап етеді. [3, 181 ]
М.Əуезовтің əйгілі шығармала-
рының бірі «Көксерек». Оған ертерек-
те жат сарынды туынды деп кінə та-
ғылса да, бүгін шедевр.
Түлкі – қу, қасқыр – қорқау, бүр-
кіт – қыран кейпінде, бір-ақ қырынан
бейнеленетін, эпостың ескі соқпағын
бұзған Мұхтар Əуезов реалистік əде-
биеттердің жақсы сабақтарына əбден
ден қойған.
Бір объектіге бару алдында оны
зерттеуші көзімен тексеріп, ыждағат-
пен байыптап алатын, қалт жібермес
машығын ескерсек, Əуезовтің мəшһүр
жазушы Эрнест Сетон – Томпсон
творчествосымен таныстығы шəк кел-
тірмейді.
Зоология саласындағы үздік ең-
бектері үшін алтын медаль алған сұң-
ғыла ғалым Э. Сетон-Томпсон ұзақ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
164
тірлігінде (1860 жылы туған) оқырман
сүйіспеншілігіне бөленіп, жаһан əде-
биетінде қызық бет болып қалған «Қу-
ғындағылар», «Қаһармандар», «Аюдың
өмірі», «Жорға» атты кітаптарына
қасқыр, аю, бұғы, мысық, қоян, тор-
ғай, сілеусін, ит хикаясын арқау етті.
Шығарма мəнін аша түсетін барлық
суреттер жазушының өз қолынан
шыққан.
Оның туындылары əлі шырқы
бұзылып үлгірмеген өткен ғасырдағы
Канада табиғатының исі аңқып тұра-
ды. Иен өңірді жайлаған жан – жа-
нуар тірлігі бəз қалпында, білгір-
лікпен суреттеледі. Жазушы стилінде
композициялық – сюжеттік тап – тұй-
нақтылықтан гөрі, еркіндік, ыңғайға
қарай көсілу басым. Автор көбіне өз
атынан баяндайды. Оқиға ақ астынан
килігу, өз байламдарын айту шебер-
лік талаптарына нұқсан келтіретіні де
рас. [5, 75]
Жазушының натуралист сурет-
терді қуып кетпей, мəнді идеяға ұм-
тылуын «Лобо» əңгімесінен көруге
болады. Лобо қасқырдың аты. Төңі-
ректегі малшыларды қан қақсатып,
зар илеткен қандыауыз топтың көк-
жал басшысы. Салған у, атқан оқ, қос-
қан иттің бірі дарымайды оған. Өлек-
сеге пысқырып та қарамайды, жарып
жейтіні – мал, қулық – сұмдыққа тө-
селіп, жырынды боп алған көкжалға
тыйым жоқ секілді. Əбден амалы тау-
сылып, титықтаған аңшы ақыры қақ-
панмен Аққаншықтың сілесін қатыр-
ған. Аяғын кесіп алып, əрбір қарға
адым жерге құрылған қақпандар ма-
ңына із салады. Сыңарын, мұңдасын
иісінен сезген Лобо қауіп-қатерді ес-
тен шығарып, өлім тырнағына ілігеді.
Сəкен поэмасында бір аққу құрбан
болса, мына əңгімеде сол сарын бар.
Э. Сетон – Томпсонның бұл «Лобо»
əңгімесіндегі екі қасқырдың траге-
диялық тағдыры М. Əуезовтің «Көк-
серек» шығармасындағы Көксерек
пен Аққасқырдың тағдырына шығар-
маның cюжеті жағынан онша ұқсас
болмаса да, адамдар мен қасқырлар-
дың арасындағы өмір үшін күрес дра-
масы екі шығармада да айқын көрініс
табады.
Ал жазушының «Лобо» əңгімесі-
нен гөрі «Винипег қасқыры» əңгіме-
сінің сюжеті жəне М.Əуезовтің «Көк-
серек» шығармасының сюжетінің ұқ-
састықтары көп.
Қызыл өзен бойындағы үңгірде
адам қолына түскен сегіз күшіктің біре-
уінен басқасының түгел қылтасы қиы-
лады. Жетім жалғызды трактиршінің
ерке ұлы Джим асырай бастайды. Мой-
нын шынжыр кескен, босап кетсе ит-
тердің талауына түскен ызалы қасқыр
боп өсіп келе жатыр. Ұяластарын мерт
қылған, өзіне де талай қорлық көр-
сеткен Польдің түбіне жетеді ақыры.
Э. Сетон – Томпсон шығармала-
рында жануарлар өмірі сырт көздің
қабылдауы, бағалауы арқылы бейне-
ленеді. Қасқыр, аю бұғы - өзі не сезді,
не түсінді, бұл көп ретте суреткер на-
зарынан тысқары қалады. Оның твор-
чествосы тұтастай алғанда натуралис-
тік өреден шідер үзіп, ұзап, алысқа ке-
те алған жоқ.
Дəл бір кітапқа арқау ету үшін
тағдырдың өзі əдейі шырғалаңға сал-
ғандай, аз уақытта қат – қабат тірлік
кешкен Джек Лондонның жануарлар
жайлы шығармаларында адам мен та-
биғат, адам мен хайуанат дүниесі ара-
сындағы өте күрделі байланыс жан –
жақты суреттеледі. Ұзақ көлемді, мол
оқиғалы «Ақазу» романын алыңыз.
Композициялық тұрғыдан шығарма-
ның төрт бөлімі бір – біріне жымдаса
қиысып берілмегендігін аңғару қиын
емес. Қысқа қайырар, түйіп тастар
жерлердің созылып, тым шұбаландап
кеткен реті мол. Хайуанаттар өмірін-
дегі күйлерді талғамай адам қоғамына
тели салу да баршылық. Басқа да оқу-
лықтарды көрсетуге болады. Не десе
де əлем əдебиетінде «Ақазу» сынды
əйгілі туынды санаулы ғана. Джек
Лондон қасқыр əлемін бейнелеуде
Жалғызкөз бен Кичидің күшігін ше-
бер пайдаланған. Күшіктің көзін аш-
қаннан бастап дүниені қабылдауы өз
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
165
түйсігі, өз инстинкті арқылы қорша-
ған орта сырын ашуы, кім дос, кім
жау екенін аңғару аян болады.
Көк бөлтіріктің жаңа өмірі үн-
дістер қолына түскеннен кейін бастал-
ған. Ендігі аты – Ақазу. Иттердің кер-
гісінде қыспақ, тепкі көріп өсіп келе-
ді. Бар мақұлық бас иетін, бар жаһан-
ды бағындырған ие – адам екенін əб-
ден түсінген Ақазу бұлардың арасын-
дағы айырманы танитын халге жет-
кен. Қанша қатал ұстаса да, өз қожа-
сындай пенде жоқтығын Сылқым
Смит қолы түскенде ұғынған. Тағдыр
тезі, жазмыш күші айналып келгенде
қоршаған орта əсеріне саяды деген са-
рын еседі. Өз күшігін бір жылдан
кейін танымай қалған Кичи қылығы
көп ойға қалдырды.
Шынжырдағы Ақазудың қайна-
ған кек, долы ашуы талай итке жер
жасатты. Сылқым Смит қолына түс-
кен Ақазу иесіне берілген, соның жо-
лында жанын пида етуге дайын. Адам
мейірімі жібітпес қаратас жоқ.
Джек Лондон қасқыр тірлігін су-
реттеу арқылы зұлмат орта моралін
айыптап, адамдар арасындағы қым –
қиғаш сырларға емеуірін жасап, мег-
зеу əсірелеу арқылы ішіне от тастай-
ды, сезімің, ойың тұтанып жүре бе-
реді.
Мұхтар Əуезов «Көксерегін»
оқығанда есіңізге осы шығармалар тү-
седі. Салыстырып, біріне – бірін бай-
ланыстыра қарай бастайсыз. Əуендес
көріністер, үндес сарындар, рендес
бояуларды табуға қиын соқпайды.
Бауырда жатқанында емшектестері
түгел өлтіріліп, қолға түскен күшік,
иттердің кергісінде, мойнын шынжыр
кесіп өскен бөлтірік, бөрілер ортасы-
на қайта қашып барып топ бастаған
көкжал, кісі жеген қандыауыз, ақыры
адам қорлынан, ит аузынан опат тап-
қан қасқыр. Бұл бір жазушы екінші
жазушыдан жиендік жасап, оп-оңай
көшіріп ала салған дайын сюжет, өз-
гермес қалып емес, құбылыс сипаты-
нан, объекті ерекшелігінен туған жал-
пы ұқсастық.
Əуезов «Көксерегі» - реалистік
əдебиет дəстүрі тудырған мотивтерді
шеберлік палитрасындағы сан алуан
бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай
өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жа-
зылған жаңа тынысты шығарма. Ав-
тор шағын көлемге мол мағына сый-
дырған. Бейнелеп отырған болмыстың
қыр-сырын бажалай таныған суреткер
зады ежіктеуден, мыжыма тəптіштеу-
ден бойын аулақ салып, жинақылық-
қа, тамшы арқылы көл суретін, тас ар-
қылы тау кеспірін елестетуді эстети-
калық мұрат тұтқан. Бұл образ табиға-
тына сандық белгіден гөрі сапалық
ерекшелік хас екендігін айқындап,
əсемдіктің гармонияға, симметрияға,
тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тия-
нақтай түседі.
«Көксерек» повесі шағын – ша-
ғын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар
дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз
алдын жеке картина іспетті, əрқайсы-
сында əр түрлі баяндау, суреттеу тə-
сілдері қолданылған.
Адам – бөлтірік – орта. Бұл үше-
уін автор диалектикалық байланыста
бейнелеу үшін, қажетіне қарай баян-
дау əдісін құбылтып, өзгертіп оты-
рады.
Кісі қолында өскен қасқыр кү-
шігінің қалыптасуында қоршаған орта
ықпалы бірінші қатарға шығарылады.
Бұл хайуанаттар туралы шығармалар-
ды, əжептəуір тиянақталған мотиві
Əуезов қазақ топырағына, көшпелі са-
хара шындығына сəйкес əуенді шер-
теді.
Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде,
автор натуралистік зоологиялық өзге-
рістерді жіпке тізіп жатпай, мінез
ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал əсе-
рінен болған жəйттерге назар аудара-
ды. Көксеректің үлкен иттерден, қа-
тын – қалаштан көрген жəбір – жапа-
сы ішіне шемен болып қатып, жалғыз
Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды
жібіте алмаған. Қойға шапқан қасқыр-
лар артынан еріп Көксерктің дөң асуы
оның табиғатына шəркез қылық емес-
ті. Адасып қалып, жырылып кетіп,
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
166
тепкіден бетер еріксіздік торына түс-
кен қырдың дүлей перзентінің бостан-
дыққа ұмтылуы, ата – бабалары жорт-
қан иен далаға тартуы, ұяластарын із-
деуі жаратылыс заңы еді. Бірақ нəсілі
бір болғанмен, өзге орта өскен Көк-
серекті қасқырлар оп-оңай тобына
қосып алмасы түсінікті. [4, 142]
Повестьтің соңы Көксеректі асы-
раған Құрмаштың өлімімен аяқталуы.
Шығарманы осымен бітіруге болатын
еді. Бірақ өйткен күнде, жазушы пози-
циясы, авторлық мұрат көмескі тар-
тып кетері сөзсіз. Зұлымдыққа, озбыр-
лыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш
бар деген сарынды Əуезов əліптей тү-
седі.
Рас, Аққасқаның əрекет, қимылы
көзге елестердей жанды кейіпте емес.
Сырт пошымы да жақсы есте қалмай-
ды. Мұның есебінде соңғы бөлімде
Көксерек ізіне түсуі əсерлі баяндал-
ған. Талай иттің мойнын бұрап, мал
атаулыға қырғидай тиген Көксерек əлі
де осал еместігін көрсетеді.
Шығарманың соңында ана кесігі
– Көксеректі басқа тебуі. Жазушының
гуманистік идеалын да осы орайдан
іздеуіміз керек. Адам қолында өскен,
бірақ адамға қиянат еткен, оның ет –
бауырын езіп, жара салған көкжал сол
адам қолынан өлім тапты.
Образдық ой символдық ойға,
əуенді сарын үлкен идеяға ұласып, са-
хара топырағындағы шындықты қа-
нық бояу, айқын колоритпен бейне-
ленген «Көксерек» бір əдебиет шеңбе-
рінен биіктеп көтеріліп, əлемдік жау-
һарлар қатарына қосылды. [ 2, 74 ]
Міне, кезінде дау туғызған шы-
ғарма – «Көксерек». Ол – автор талан-
тының айқын айғағы. Көп ізденістер-
дің жемісі. Мотив көшіруден аулақ.
Ұсақ шағырма емес. Оны əлем əде-
биетіндегі үздік классикалық шығар-
малармен салыстыруға болады. Жоға-
рыда келтіргендей бұл шығарма сю-
жеті Канада жазушысы Сетон – Томп-
сеннің «Виннипег қасқырына» ұқсас.
Əуезовтің «Көксерегі» - тұтас фило-
софиялық шығарма. Бұдан зор шебер-
лік көреміз. Кезінде шығармада теріс
сарындар басым деген пікіhлер де ай-
тылды. Ол эстетикалық қате тұжы-
рымнан туған жаңсақ ой еді.
Мұхтар Əуезовтің дүниеден өт-
кеніне қанша жыл болса да, өзінің ту-
ған топырағында ғана қалып қоймай,
ол туысқан халықтар, оның ішінде тү-
бі бір туысқан өзбек, қырғыз, түрік-
мен жəне қарақалпақ, тəжік халықта-
ры арасында да жылдар өткен сайын
кең өріс алып, оның үні мен əуені,
даңқ тұғыры биіктей түсуде. Шынын-
да да, Мұхтар Əуезов халқымыздың
арасында мəңгі жасайтын ұлы тұлға,
кемеңгер қаламгер, дархан дарын,
ғұлама ғалым.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
«М. Əуезовтың қазақ тілін дамыту-
дағы рөлі» / Ғылыми теориялық
конференция материалдары/. Алма-
ты. Қанағат – ҚС 1997. 117 б.
2.
Рымғали Нұрғали «Əуезов жəне
алаш» /Əдебиеттегі ұлттық рух/.
Алматы «Санат» 1997. 432 б.
3.
Тайжанов А. «Мұхтар Əуезов шы-
ғармашылығының дүниетанымдық
өзектері». Алматы 1995. 190 б. (Ал-
маты Республикалық баспа коми-
теті).
4.
Қонаев Д., Қожакеев Т., Сейденов
Қ. «Əлемнің Əуезові». Алматы
«Санат» 1997. 144 б.
5.
Майтанов Б. «Мұхтар Əуезов –
суреткер» Алматы. Əл-Фараби,
1996. 124 б.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
167
Достарыңызбен бөлісу: |